Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Жәнібек ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің "Жәнібек ауданы бойынша жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы" 2018 жылғы 28 наурыздағы № 53 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5159 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жәнібек ауданы әкімдігінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Т. Шиниязов |