Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 23.04.2024 № 48 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. №1 маршрут Жәнібек ауылы "Д.Нұрпейсова атындағы көшесі – М.Мәметова көшесінің қиылысы" аялдамасы – Абай көшесі "Балдәурен" балабақшасы аялдамасы, №2 маршрут "Водстрой көшесі" аялдамасы – И.Жұмаев көшесі, "Аудандық орталық аурухана" аялдамасы және №3 маршрут Х.Чурин көшесі, "Теміржол вокзалы" аялдамасы – "Жеңіс көшесінің оңтүстік жақ бөлігі" аялдамасы бойынша жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифі 80 теңге мөлшерінде белгіленсін.
2. "Жәнібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны жүзеге асыру жөніндегі қажетті шараларды алсын.
3. Жәнібек ауданы әкімі аппаратының басшысы (А.Молдағалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары Ж.Абдоловқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Сафималиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Жәнібек аудандық мәслихатының хатшысы
__________________Т.Кадимов
28 наурыз 2018 жыл