Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Теректі ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Теректі ауданының әкімі | А. Муханбетжанова |
Теректі ауданының әкімі 2024 жылғы 30 шілдедегі № 176 қаулысына қосымша |
1. Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің "Теректі ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 21 қаулысы (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4255 болып тіркелген).
2. Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің "Теректі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 21 "Теректі ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 11 шілдедегі № 256 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5304 болып тіркелген).
3. Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің "Теректі ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы" 2019 жылғы 7 ақпандағы № 19 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5530 болып тіркелген).