Теректі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 21 "Теректі ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 256 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 27 шілдеде № 5304 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 176 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 30.07.2024 № 176 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Теректі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 21 "Теректі ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4255 тіркелген, 2016 жылғы 23 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Теректі ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретін мектептерге тасымалдаудың қағидаларында:

      "2. Балаларды тасымалдау тәртiбi" деген бөлімде:

      2-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Балаларды тасымалдау үшін бөлінген автокөліктердің техникалық жай-күйі, жабдықтары Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 547 "Автомобиль көлігі құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының талаптарына жауап беруі тиіс.".

      2. "Теректі ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Тукжановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К.Жакупов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады