"Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы" 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 60 және "Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 5 маусымдағы № 47 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 15 қаңтардағы № 2 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 17 қаңтарда № 35647 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 60 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10598 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесінде:

      "Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметі үшін" деген 1-бөлімде:

      мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "

5)

кернеудің кемінде төрт сыныбының электр желілерінің (кабельдік немесе әуе электр беру желілерінің) болуы(220, 110, 35, 20, 10, 6, 0,4 киловольт) ұлттық электр желісімен тікелей технологиялық байланысы бар

құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері;
ұлттық электр желісін пайдалануды жүзеге асыратын жүйелік оператормен теңгерімдік тиесілігін және пайдалану жауапкершілігін ажырату актілерінің көшірмелері

көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларының болуы
Электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес нәтижелері бойынша өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес остігі туралы қорытынды жасалатын өтініш берушіге бару және (немесе) шақыру арқылы рұқсат беру бақылауын жүргізу жолымен белгіленеді

6)

электр энергиясын, оның ішінде жалпы үй желілері арқылы тікелей қосылған отыз мыңнан кем емес тұтынушылардың болуы

электр энергиясын кемінде отыз мың тікелей қосылған тұтынушылардың, оның ішінде жалпы үй желілері арқылы бар екенін растайтын құжаттардың көшірмелері:
1) тұтынушының тегі, аты және әкесінің аты көрсетілген тұрмыстық тұтынушылар тізілімі, абоненттік нөмірі;
2) тұрмыстық емес тұтынушылар тізілімі (оның ішінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар бойынша) – заңды тұлғаның атауы, электрмен жабдықтау шартының нөмірі

көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларының болуы
Электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес нәтижелері бойынша өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес остігі туралы қорытынды жасалатын өтініш берушіге бару және (немесе) шақыру арқылы рұқсат беру бақылауын жүргізу жолымен белгіленеді

      ".

      2. "Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № 47 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20843 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны алу немесе қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінеді www.egov.kz (бұдан әрі – портал) және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес "Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.";

      5-тармақ алып тасталсын;

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру кезінде мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі ұсынылған құжаттарды тіркеген кезден бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайды.";

      мынадай мазмұндағы 11-1 және 11-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "11-1. Электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің көрсетілетін қызметті алушының кернеудің кемінде төрт сыныбының электр желілерінің (кәбілдік немесе әуе электр беру желілерінің) болуы туралы талаптарға сәйкестігі тұрғысынан келісімін алу үшін (220, 110, 35, 20, 10, 6, 0,4 киловольт) ұлттық электр желісімен тікелей технологиялық байланысы бар көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының лицензия алуға арналған құжаттары тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне "Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көзделген сұрау салу мен құжаттарды жібереді.

      Рұқсат беру органының сұрау салуы негізінде электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігі немесе сәйкестігі туралы қорытынды ұсына отырып, көрсетілетін қызметті алушыға бару және (немесе) шақыру тәртібімен рұқсат беру бақылауын жүргізу арқылы 5 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінімін және ұсынылған құжаттарын қарайды.

      11-2. Электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің көрсетілетін қызметті алушының электр энергиясын кемінде отыз мың тікелей қосылған тұтынушылардың, оның ішінде жалпы үй желілері арқылы болуы туралы талаптарға сәйкестігі тұрғысынан келісімін алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының лицензия алуға арналған құжаттары тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне "Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көзделген сұрау салуды және құжаттарды жібереді.

      Рұқсат беру органының сұрау салуы негізінде электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігі немесе сәйкестігі туралы қорытынды ұсына отырып, көрсетілетін қызметті алушыға бару және (немесе) шақыру тәртібімен рұқсат беру бақылауын жүргізу арқылы 5 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінімін және ұсынылған құжаттарын қарайды.";

      6-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-тармағының бесінші абзацын қоспағанда, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Ұлттық
экономика министрі
2025 жылғы 15 қаңтардағы
№ 2 Бұйрыққа
қосымша
  Энергиямен жабдықтау
мақсатында электр энергиясын
сатып алу қызметіне лицензия
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
6-қосымша

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы "Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру"
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1. Лицензия беру
2. Лицензияны қайта ресімдеу

11

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті (бұдан әрі - Комитет), Комитеттің аумақтық органдары.

22

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Өтініштер мен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады:
1. Лицензия беру;
2. Лицензияны қайта ресімдеу.

33

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Лицензияны беру кезінде – 10 (он) жұмыс күні;
лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні

44

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Барлық кіші түрлері бойынша электрондық (ішінара автоматтандырылған)

55

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия, қайта ресімделген лицензия не электрондық нысандағы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны:
электрондық.

66

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым алынады, ол "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес:
1) лицензияны беру үшін – 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК);
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10% құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салу портал арқылы берілген кезде төлем "Электрондық үкімет" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады

77

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады)

88

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Лицензияны алу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін заңды тұлғаның өтініші;
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін жеке тұлғаның өтініші;
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес абоненттік қызметтер, учаскелер-тұтынушылармен жұмысты қамтамасыз ететін қызметті (персоналды) құру туралы бұйрықтың болуы туралы мәліметтер нысаны;
3) айналым қаражатының болуы туралы банктен кемінде 10 000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде анықтама;
4) құқық белгілейтін құжаттар не оны пайдалануға алғанын куәландыратын құжаттың көшірмесі, оның ішінде тұтынушылармен жұмыс істеуге және абоненттік қызметтерді орналастыруға арналған ғимаратқа немесе үй-жайға жалдау, қосымша жалдау шарты бойынша (ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
5) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 3-тармағына сәйкес электр энергиясын берудің бірыңғай технологиялық процесіне қатысатын кернеудің кемінде төрт сыныбының (кернеудің әрбір сыныбы бойынша электр желілерінің кемінде бір бірлігінің) электр желілеріне құқық белгілейтін құжаттарының көшірмелері, сондай-ақ "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 3-тармағына сәйкес ұлттық электр желісін пайдалануды жүзеге асыратын оператор;
6) электр энергиясын кемінде отыз мың тікелей қосылған тұтынушылардың, оның ішінде жалпы үй желілері арқылы бар екенін растайтын құжаттардың көшірмелері:
- тұтынушының тегі, аты және әкесінің аты көрсетілген тұрмыстық тұтынушылар тізілімі, абоненттік нөмірі;
- тұрмыстық емес тұтынушылар тізілімі (оның ішінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар бойынша) – заңды тұлғаның атауы, электрмен жабдықтау шартының нөмірі.
лицензияны қайта ресімдеу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның өтініші;
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін жеке тұлғаның өтініші;
Ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығын көрсетілетін қызметті алушы қамтамасыз етеді.
Жеке басын куәландыратын, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), осы қызметпен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымды төлеу туралы, лицензия туралы құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "Электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады

99

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Лицензияны алу үшін:
1) жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшiн қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынуы;
2) лицензиялық алымның енгізілмеуі;
3) өтініш берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 60 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10598 болып тіркелген) бекітілген энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесіне (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сәйкес келмеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы соттың заңды күшiне енген шешімінің (үкiмiнің) болуы;
5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде соттың өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салуы;
6) өтініш берушінің лицензия алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық емес екенінің анықталуы;
лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) лицензиялық алымның енгізілмеуі;
2) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттар көшірмелерінің ұсынылмауы немесе тиісінше ресімделмеуі;
3) ұсынылуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құжаттардың ұсынылмауы немесе тиісінше ресімделмеуі;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тексеріс жағдайында өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі

110

Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электронды нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www. economy. gov. kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777


О внесении изменений и дополнений в приказы Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 января 2015 года № 60 "Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, для деятельности по покупке электрической энергии в целях энергоснабжения, эксплуатации магистральных газопроводов, нефтепроводов, нефтепродуктопроводов" и от 5 июня 2020 года № 47 "Об утверждении Правил оказания государственной услуги "Выдача лицензии на деятельность по покупке электрической энергии в целях энергоснабжения"

Приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра национальной экономики Республики Казахстан от 15 января 2025 года № 2. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 января 2025 года № 35647

      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие см. п. 5.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 января 2015 года № 60 "Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, для деятельности по покупке электрической энергии в целях энергоснабжения, эксплуатации магистральных газопроводов, нефтепроводов, нефтепродуктопроводов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10598) следующие дополнения:

      в Квалификационных требованиях и перечне документов, подтверждающих соответствие им, для деятельности по покупке электрической энергии в целях энергоснабжения, эксплуатации магистральных газопроводов, нефтепроводов, нефтепродуктопроводов, утвержденных указанным приказом:

      в разделе 1. "Для деятельности по покупке электрической энергии в целях энергоснабжения":

      дополнить подпунктами 5) и 6) следующего содержания:

      "

5)

наличие электрических сетей (кабельных или воздушных линий электропередачи) не менее четырех классов напряжения (220, 110, 35, 20, 10, 6, 0,4 киловольт) с непосредственной технологической связью с национальной электрической сетью

копии правоустанавливающих документов;
копии актов разграничения балансовой принадлежности и эксплуатационной ответственности с системным оператором, осуществляющим эксплуатацию национальной электрической сети

наличие оригиналов указанных документов устанавливается территориальным подразделением ведомства уполномоченного органа в области электроэнергетики, путем проведения разрешительного контроля с посещением и (или) вызовом заявителя, по результатам которого составляется заключение о соответствии или несоответствии заявителя квалификационным требованиям в соответствии с пунктом 2 статьи 51 Закона Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях"

6)

наличие не менее тридцати тысяч непосредственно присоединенных потребителей электрической энергии, в том числе через общедомовые сети

копии документов, подтверждающих наличие не менее тридцати тысяч непосредственно присоединенных потребителей электрической энергии, в том числе через общедомовые сети:
1) реестр бытовых потребителей с указанием фамилии, имени и отчества (при его наличии) потребителя, абонентский номер;
2) реестр небытовых потребителей (в том числе по юридическим лицам, финансируемым из государственного бюджета) – наименование юридического лица, номер договора электроснабжения

наличие оригиналов указанных документов устанавливается территориальным подразделением ведомства уполномоченного органа в области электроэнергетики, путем проведения разрешительного контроля с посещением и (или) вызовом заявителя, по результатам которого составляется заключение о соответствии или несоответствии заявителя квалификационным требованиям в соответствии с пунктом 2 статьи 51 Закона Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях"

      ".

      2. Внести в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 5 июня 2020 года № 47 "Об утверждении Правил оказания государственной услуги "Выдача лицензии на деятельность по покупке электрической энергии в целях энергоснабжения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 20843) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах оказания государственной услуги "Выдача лицензии на деятельность по покупке электрической энергии в целях энергоснабжения", утвержденных указанным приказом:

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Услугополучатель для получения или переоформления лицензии обращается услугодателю через веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz (далее – портал) и предоставляет документы изложенные в пункте 8 Перечня основных требований к оказанию государственной услуги "Выдача лицензии на деятельность по покупке электрической энергии в целях энергоснабжения" согласно приложению 6 к настоящим Правилам.";

      пункт 5 исключить;

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. При выдаче лицензии на деятельность по покупке электрической энергии в целях энергоснабжения общий срок оказания государственной услуги не превышает 10 (десять) рабочих дней с момента регистрации представленных документов.";

      дополнить пунктами 11-1 и 11-2 следующего содержания:

      "11-1. Для получения согласования территориального подразделения ведомства уполномоченного органа в области электроэнергетики на предмет соответствия услугополучателя требованиям о наличии электрических сетей (кабельных или воздушных линий электропередачи) не менее четырех классов напряжения (220, 110, 35, 20, 10, 6, 0,4 киловольт) с непосредственной технологической связью с национальной электрической сетью ответственный исполнитель услугодателя в течение двух рабочих дней со дня регистрации документов услугополучателя на получение лицензии направляет в территориальное подразделение ведомства уполномоченного органа в области электроэнергетики запрос и документы, предусмотренные в подпунктах 5) и 6) пункта 8 Перечня основных требований к оказанию государственной услуги "Выдача лицензии на деятельность по покупке электрической энергии в целях энергоснабжения".

      Территориальное подразделение ведомства уполномоченного органа в области электроэнергетики на основании запроса разрешительного органа рассматривает заявку и представленные документы услугополучателя в течении 5 рабочих дней путем проведения разрешительного контроля в порядке посещения и (или) вызова услугополучателя в соответствии с пунктом 2 статьи 51 Закона Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях" с представлением услугодателю заключения о соответствии или несоответствии заявителя квалификационным или разрешительным требованиям.

      11-2. Для получения согласования территориального подразделения ведомства уполномоченного органа в области электроэнергетики на предмет соответствия услугополучателя требованиям о наличии не менее тридцати тысяч непосредственно присоединенных потребителей электрической энергии, в том числе через общедомовые сети ответственный исполнитель услугодателя в течение двух рабочих дней со дня регистрации документов услугополучателя на получение лицензии направляет в территориальное подразделение ведомства уполномоченного органа в области электроэнергетики запрос и документы, предусмотренные в подпунктах 5) и 6) пункта 8 Перечня основных требований к оказанию государственной услуги "Выдача лицензии на деятельность по покупке электрической энергии в целях энергоснабжения".

      Территориальное подразделение ведомства уполномоченного органа в области электроэнергетики на основании запроса разрешительного органа рассматривает заявку и представленные документы услугополучателя в течении 5 рабочих дней путем проведения разрешительного контроля в порядке посещения и (или) вызова услугополучателя в соответствии с пунктом 2 статьи 51 Закона Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях" с представлением услугодателю заключения о соответствии или несоответствии заявителя квалификационным или разрешительным требованиям.";

      приложение 6 изложить в редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      3. Комитету по регулированию естественных монополий Министерства национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его размещение на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением абзаца пятого пункта 1, который вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Заместитель Премьер-Министра
– Министр национальной экономики
Республики Казахстан
С. Жумангарин

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство промышленности
и строительства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство энергетики
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Заместитель Премьер-Министра
– Министр национальной экономики
Республики Казахстан
от 15 января 2025 года № 2
  Приложение 6
к Правилам оказания
государственной услуги
"Выдача лицензии
на деятельность по покупке
электрической энергии
в целях энергоснабжения"

Наименование государственной услуги "Выдача лицензии на деятельность по покупке электрической энергии в целях энергоснабжения"
Наименование подвида государственной услуги:
1. Выдача лицензии
2. Переоформление лицензии

1

Наименование услугодателя

Территориальные органы Комитета по регулированию естественных монополий Министерства национальной экономики Республики Казахстан

2

Способы предоставления государственной услуги

Прием заявлений и документов и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляются через веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz (далее – портал):
1. Выдача лицензии;
2. Переоформление лицензии.

3

Срок оказания государственной услуги

При выдаче лицензии – 10 (десять) рабочих дней;
при переоформлении лицензии – 3 (три) рабочих дня.

4

Форма оказания государственной услуги

Электронная (частично автоматизированная) по всем подвидам

5

Результат оказания государственной услуги

Лицензия, переоформленная лицензия на деятельность по покупке электрической энергии в целях энергоснабжения либо мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги в электронной форме.
Форма предоставления результата оказания государственной услуги:
электронная

6

Размер оплаты, взимаемой с услугополучателя при оказании государственной услуги, и способы ее взимания в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан

Государственная услуга оказывается на платной основе физическим и юридическим лицам (далее – услугополучатель)
За оказание государственной услуги взимается лицензионный сбор за право занятия отдельными видами деятельности, который в соответствии с Кодексом Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)" составляет:
1) за выдачу лицензии – 10 месячных расчетных показателей (далее – МРП);
2) за переоформление лицензии – 10 % от ставки при выдаче лицензии.
Оплата лицензионного сбора осуществляется в наличной и безналичной форме через банки второго уровня и организации, осуществляющие отдельные виды банковских операций.
При подаче электронного запроса на получение государственной услуги через портал, оплата осуществляется через платежный шлюз "электронного правительства" (далее – ПШЭП) или через банки второго уровня

7

График работы услугодателя и объектов информации

1) услугодателя – с понедельника по пятницу с 9-00 до 18-30 часов, с перерывом на обед с 13-00 до 14-30 часов, кроме выходных и праздничных дней в соответствии с трудовым законодательством Республики Казахстан;
2) портала – круглосуточно, за исключением технических перерывов в связи с проведением ремонтных работ (при обращении услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно трудовому законодательству Республики Казахстан, прием заявлений и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляется следующим рабочим днем)

8

Перечень документов и сведений, истребуемых у услугополучателя для оказания государственной услуги

Для получения лицензии:
1) заявление юридического лица для получения лицензии и (или) приложения к лицензии по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам в форме электронного документа, удостоверенного электронной цифровой подписью услугополучателя;
заявление физического лица для получения лицензии и (или) приложения к лицензии по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам в форме электронного документа, удостоверенного электронной цифровой подписью услугополучателя;
2) форма сведений о наличии приказа о создании службы (персонала), обеспечивающего работу с потребителями – абонентские службы, участки, согласно приложению 3 к настоящим Правилам;
3) справка с банка о наличии оборотных средств в размере не менее 10 000 месячных расчетных показателей;
4) правоустанавливающие документы либо копия свидетельствующего получении его в пользование, в том числе по договору найма, поднайма на здание или помещение для работы с потребителями и размещения абонентских служб (за исключением сведений, получаемых из информационных систем);
5) копии правоустанавливающих документов на электрические сети не менее четырех классов напряжения (не менее одной единицы электрических сетей по каждому классу напряжения) участвующих в едином технологическом процессе передачи электрической энергии в соответствии с пунктом 3 статьи 22 Закона Республики Казахстан "Об электроэнергетике", а также копии актов разграничения балансовой принадлежности и эксплуатационной ответственности с системным оператором, осуществляющим эксплуатацию национальной электрической сети;
6) копии документов, подтверждающих наличие не менее тридцати тысяч непосредственно присоединенных потребителей электрической энергии, в том числе через общедомовые сети:
- реестр бытовых потребителей с указанием фамилии, имени и отчества потребителя, абонентский номер;
- реестр небытовых потребителей (в том числе по юридическим лицам, финансируемым из государственного бюджета) – наименование юридического лица, номер договора электроснабжения.
для переоформления лицензии:
заявление юридического лица для переоформления лицензии и (или) приложения к лицензии по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам в форме электронного документа, удостоверенного электронной цифровой подписью услугополучателя;
заявление физического лица для переоформления лицензии и (или) приложения к лицензии по форме согласно приложению 4 к настоящим Правилам в форме электронного документа, удостоверенного электронной цифровой подписью услугополучателя;
Достоверность представленных документов и сведений обеспечивается услугополучателем.
Сведения о документах, удостоверяющих личность, государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица, подтверждающие право собственности на недвижимое имущество, об оплате в бюджет лицензионного сбора за право занятия данной деятельностью, о лицензии, услугодатель получает из соответствующих государственных информационных систем через шлюз "Электронного правительства"

9

Основания для отказа в оказании государственной услуги, установленные законодательством Республики Казахстан

Для получения лицензии:
1) запрет законами Республики Казахстан на занятие видом деятельности для данной категории физических или юридических лиц;
2) не внесение лицензионного сбора;
3) не соответствие заявителя квалификационным требованиям и перечню документов, подтверждающих соответствие им, для деятельности по покупке электрической энергии в целях энергоснабжения, эксплуатации магистральных газопроводов, нефтепроводов, нефтепродуктопроводов, утвержденным приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 января 2015 года № 60 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 10598) (далее – Квалификационные требования);
4) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение (приговор) суда о приостановлении или запрещении деятельности или отдельных видов деятельности, подлежащих лицензированию;
5) временный запрет суда на выдачу заявителю-должнику лицензии на основании представления судебного исполнителя;
6) установление недостоверности документов, представленных заявителем для получения лицензии, и (или) данных (сведений), содержащихся в них.
для переоформления лицензии:
1) не внесение лицензионного сбора;
2) не предоставление или ненадлежащее оформление копии документов, содержащих информацию об изменениях, послуживших основанием для переоформления лицензии и (или) приложения к лицензии, за исключением документов, информация из которых содержится в государственных информационных системах;
3) не предоставление или ненадлежащее оформление иных документов, представление которых предусмотрено законами Республики Казахстан;
4) несоответствие заявителя квалификационным требованиям, в случае проверки предусмотренной законами Республики Казахстан

10

Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги, в том числе оказываемой в электронной форме

Услугополучатель имеет возможность получения государственной услуги в электронной форме через портал при условии наличия ЭЦП.
Услугополучатель имеет возможность получения информации о порядке и статусе оказания государственной услуги в режиме удаленного доступа посредством "личного кабинета" портала, а также единого контакт-центра.
Контактные телефоны справочных служб по вопросам оказания государственной услуги указаны на интернет-ресурсе www.moa.gov.kz. Единый контакт-центр: 1414, 8 800 080 7777