ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 60 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10598 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесінде:
"Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметі үшін" деген 1-бөлімде:
мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
"
5) | кернеудің кемінде төрт сыныбының электр желілерінің (кабельдік немесе әуе электр беру желілерінің) болуы(220, 110, 35, 20, 10, 6, 0,4 киловольт) ұлттық электр желісімен тікелей технологиялық байланысы бар |
құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері; |
көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларының болуы |
6) | электр энергиясын, оның ішінде жалпы үй желілері арқылы тікелей қосылған отыз мыңнан кем емес тұтынушылардың болуы |
электр энергиясын кемінде отыз мың тікелей қосылған тұтынушылардың, оның ішінде жалпы үй желілері арқылы бар екенін растайтын құжаттардың көшірмелері: |
көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларының болуы |
".
2. "Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № 47 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20843 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны алу немесе қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінеді www.egov.kz (бұдан әрі – портал) және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес "Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.";
5-тармақ алып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру кезінде мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі ұсынылған құжаттарды тіркеген кезден бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайды.";
мынадай мазмұндағы 11-1 және 11-2-тармақтармен толықтырылсын:
"11-1. Электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің көрсетілетін қызметті алушының кернеудің кемінде төрт сыныбының электр желілерінің (кәбілдік немесе әуе электр беру желілерінің) болуы туралы талаптарға сәйкестігі тұрғысынан келісімін алу үшін (220, 110, 35, 20, 10, 6, 0,4 киловольт) ұлттық электр желісімен тікелей технологиялық байланысы бар көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының лицензия алуға арналған құжаттары тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне "Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көзделген сұрау салу мен құжаттарды жібереді.
Рұқсат беру органының сұрау салуы негізінде электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігі немесе сәйкестігі туралы қорытынды ұсына отырып, көрсетілетін қызметті алушыға бару және (немесе) шақыру тәртібімен рұқсат беру бақылауын жүргізу арқылы 5 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінімін және ұсынылған құжаттарын қарайды.
11-2. Электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің көрсетілетін қызметті алушының электр энергиясын кемінде отыз мың тікелей қосылған тұтынушылардың, оның ішінде жалпы үй желілері арқылы болуы туралы талаптарға сәйкестігі тұрғысынан келісімін алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының лицензия алуға арналған құжаттары тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне "Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көзделген сұрау салуды және құжаттарды жібереді.
Рұқсат беру органының сұрау салуы негізінде электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігі немесе сәйкестігі туралы қорытынды ұсына отырып, көрсетілетін қызметті алушыға бару және (немесе) шақыру тәртібімен рұқсат беру бақылауын жүргізу арқылы 5 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінімін және ұсынылған құжаттарын қарайды.";
6-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-тармағының бесінші абзацын қоспағанда, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
С. Жумангарин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы "Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру" | ||
11 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті (бұдан әрі - Комитет), Комитеттің аумақтық органдары. |
22 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Өтініштер мен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады: |
33 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) |
Лицензияны беру кезінде – 10 (он) жұмыс күні; |
44 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Барлық кіші түрлері бойынша электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
55 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия, қайта ресімделген лицензия не электрондық нысандағы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
66 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым алынады, ол "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес: |
77 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін; |
88 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Лицензияны алу үшін: |
99 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Лицензияны алу үшін: |
110 | Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электронды нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |