ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 мамырдағы № 226 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17028 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 8-8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 97) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 1-тармағының 8-8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 97) тармақшасына сәйкес әзірленді.";
"2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) авторландырылған сервистік орталық – жеке кәсіпкер ретінде тіркелген, ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын жөндеуді жүзеге асыратын, өндірушімен немесе оның Қазақстан Республикасындағы өкілдігімен шарт жасасқан, ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын кепілдік, кепілдіктен кейінгі жөндеуді және оларға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруға уәкілетті заңды тұлға немесе жеке тұлға;
2) машинааралық өзара іс-қимыл жасайтын абоненттік құрылғылар – машиналарға бір-бірімен ақпарат алмасу, не оларды біржақты тәртіппен беру және қабылдау мүмкіндігін беретін технологияларды пайдалануға арналған абоненттік құрылғылар;
3) мобильді байланыстың жаһандық жүйесі қауымдастығының дерекқоры (GSMA) – абоненттік құрылғының өндірушісі мен моделін оның сәйкестендіру коды бойынша бір мәнді сәйкестендіруге арналған, оның ішінде GSMA қара тізіміне енгізілген бұғатталған мобильді құрылғылар туралы мәліметтерді халықаралық деңгейде қамтитын халықаралық ақпараттық ресурс;
4) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы – абонент белгілеген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және ұялы байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумақ шеңберінде тұрақты географиялық айқындалатын орналасқан орны жоқ, ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін жеке пайдаланудағы байланыс құралы;
5) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру коды – өндіруші зауыттың ұялы байланыстың абоненттік құрылғысына беретін коды, ол оған осы құрылғыны қосқан кезде ұялы байланыс операторының желісіне беріледі;
6) ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының дерекқоры (бұдан әрі – СКДҚ) – мынадай:
ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары иеленушілерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (бұдан әрі – ЖСН) (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (бұдан әрі – БСН) (заңды тұлғалар үшін);
ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары;
ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары пайдаланатын абоненттік нөмірлер туралы мәліметтерді қамтитын дерекқорды басқарудың аппараттық-бағдарламалық кешені.
7) ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары дерекқорының операторы (бұдан әрі – СКДҚ операторы) – Заңға сәйкес айқындалатын, ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының дерекқорын қалыптастыруды, оның жұмыс істеуін, оны жүргізуді, қолдап отыруды және дамытуды қамтамасыз ететін және осы ресурстарға қолжетімділікті беретін заңды тұлға;
8) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын верификациялау – ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы туралы мәліметтерді тексеру:
ұялы байланыстың жаһандық жүйесі қауымдастығының (GSMA) дерекқорындағы ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын сәйкестендіру;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын өндіру және (немесе) жөндеу туралы мәліметтердің және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамасына сәйкес ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу туралы мәліметтердің мониторингі;
9) ұялы байланыс қызметтерін ұсынуға тыйым салынған ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының тізілімі (бұдан әрі – қара тізім) – осы Қағидаларға сәйкес ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының дерекқорына енгізілмеген, оның ішінде:
сәйкестендіру коды дұрыс емес немесе өзгертілген;
онда өндіруші зауыт берген сәйкестендіру коды жоқ;
сәйкестендіру коды ұялы байланыстың жаһандық жүйесі қауымдастығы (GSMA) дерекқорының қара тізіміне енгізілген;
олар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын өндіру және (немесе) жөндеу туралы мәліметтерді және (немесе) осы Қағидаларда белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамасына сәйкес ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу туралы мәліметтері расталмаған ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының тізімі;
10) ұялы байланыс қызметтерін ұсынуға рұқсат етілген ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының тізілімі (бұдан әрі – ақ тізім) – осы Қағидаларға сәйкес мәліметтері сәтті верификацияланған және ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының дерекқорына енгізілген ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының тізімі;
11) ұялы байланыс қызметтерін ұсыну шектелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының тізілімі (бұдан әрі – сұр тізім) – осы Қағидаларға сәйкес ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының дерекқорына уақытша енгізілген ақ және қара тізімдерге енгізілмеген ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының тізімі;
12) ұялы байланыс операторына автоматты қызмет көрсету жүйесі – абоненттік құрылғының иесіне SMS, MMS- немесе USSD-сұрау жіберу жолымен немесе Жеке кабинет арқылы не ұялы байланыс операторы ұсынатын басқа да техникалық мүмкіндіктерді пайдалану жолымен абоненттік құрылғыны дербес тіркеу мүмкіндігін беретін кешенді қызмет көрсету жүйесі.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. СКДҚ операторы осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген мәліметтерді алған сәттен бастап 3 жұмыс сағаты (ЗТ үшін 6 жұмыс сағаты) ішінде:
1) СКДҚ-да ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының бірдей сәйкестендіру кодының және басқа иеленушіге тіркелген абоненттік нөмірдің болуын;
2) Қазақстан Республикасының ұялы байланыс желілерінде оны сәтті верификациялау нәтижелері негізінде пайдаланудың заңдылығын растау бөлігінде ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру коды туралы СКДҚ-да мәліметтердің болуын тексеруді орындайды.
Бұл ретте ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын верификациялау Қазақстан Республикасының аумағында өндірісті жүзеге асыратын тұлғалардан және (немесе) оларды Қазақстан Республикасының Салық және кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына әкелуден және (немесе) уәкілетті сервистік орталықтардан алынған ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары туралы мәліметтер негізінде жүргізіледі.
Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағына ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын әкелген кезде кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мақсаттарда мемлекеттік шекарадан өту туралы мәліметтер және (немесе) республиканың салық және кеден заңнамасына сәйкес әкелуді растайтын құжаттар ұсынылады.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген негіздер болмаған жағдайда, СКДҚ операторы осы Қағидалардың 10-тармағында белгіленген мерзімдерде, осы Қағидалардың 10-тармағының 2) тармақшасында көзделген тексеру нәтижесі оң болған жағдайда, СКДҚ-ға ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы туралы мәліметтерді қосады және ұялы байланыс операторларына тиісті хабарлама жібереді.
Ұялы байланыс операторы СКДҚ-ға мәліметтерді қосу туралы хабарламаны алған сәттен бастап ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының иесіне ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының тіркелгені туралы хабарлайды;";
мынадай мазмұндағы 12-1, 12-2 және 12-3-тармақтармен толықтырылсын:
"12-1. Осы Қағидалардың 10-тармағының 2) тармақшасында көзделген тексеру нәтижесінде Қазақстан Республикасының ұялы байланыс желілерінде абоненттік құрылғыны пайдаланудың заңдылығын растау бөлігінде ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру коды туралы мәліметтер болмаған жағдайда, СКДҚ операторы осы Қағидалардың 12-2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Қағидалардың 10-тармағында белгіленген мерзімдерде ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы туралы мәліметтерді сұр тізімге енгізеді және ұялы байланыс операторларына осындай ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы туралы мәліметтерді СКДҚ-ға уақытша қосу туралы хабарлама жібереді.
Көрсетілген хабарламаны алған сәттен бастап ұялы байланыс операторы ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының иесіне осы Қағидаларда белгіленген мерзімге ұялы байланыс қызметтеріне уақытша қол жеткізуді ұсыну туралы және Қазақстан Республикасының ұялы байланыс желілерінде ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын пайдаланудың заңдылығын растайтын мәліметтерді ұсыну қажеттігі туралы хабарлайды.
Бұл ретте сұр тізімге енгізілген абоненттік құрылғыларға ұялы байланыс қызметтеріне қолжетімділікті ұсыну мерзімі ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы ұялы байланыс операторының желісіне бастапқы қосылған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күнді құрайды.
12-2. СКДҚ операторы осы Қағидалардың 10-тармағында белгіленген мерзімдерде ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы туралы мәліметтерді қара тізімге енгізеді және ұялы байланыс операторларына СКДҚ-да ұялы байланыстың осындай абоненттік құрылғысының сәйкестендіру коды туралы мәліметтер болмаған кезде оны Қазақстан Республикасының ұялы байланыс желілерінде пайдаланудың заңдылығын растау бөлігінде мынадай негіздер бойынша тиісті хабарлама жібереді:
абоненттік құрылғының сәйкестендіру коды Ұялы байланыстың жаһандық жүйесі қауымдастығы (GSMA) дерекқорының қара тізіміне енгізілген;
ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру коды дұрыс емес немесе өзгертілген;
ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында өндіруші зауыт берген сәйкестендіру коды жоқ.
Ұялы байланыс операторы көрсетілген хабарламаны алған сәттен бастап ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының иесіне тыйым салу негіздерін көрсете отырып, ұялы байланыстың осындай абоненттік құрылғысы бойынша ұялы байланыс қызметтерін ұсынуға тыйым салынғаны туралы хабарлайды.
12-3. Осы Қағидалардың 12-1-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін, СКДҚ операторы сұр тізімге енгізілген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру коды туралы мәліметтерді өзектендіру мақсатында оны Қазақстан Республикасының ұялы байланыс желілерінде пайдаланудың заңдылығын растау бөлігінде осы Қағидалардың 10-тармағының 2) тармақшасында көзделген қайта тексеруді жүзеге асырады.
Осы тармақта көзделген қайта тексеру нәтижесі теріс болған жағдайда, СКДҚ операторы осындай тексеру аяқталған сәттен бастап 3 жұмыс сағаты ішінде ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы туралы мәліметтерді қара тізімге көшіреді және ұялы байланыс операторларына тиісті хабарлама жібереді.
Ұялы байланыс операторы көрсетілген хабарламаны алған сәттен бастап ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының иесіне тыйым салу негіздерін көрсете отырып, ұялы байланыстың осындай абоненттік құрылғысы бойынша ұялы байланыс қызметтерін ұсынуға тыйым салынғаны туралы хабарлайды.
Осы тармақта көзделген қайта тексерудің нәтижесі оң болған жағдайда, СКДҚ операторы осындай тексеру аяқталған сәттен бастап 3 жұмыс сағаты ішінде осындай абоненттік ұялы байланыс құрылғысы туралы мәліметтерді ақ тізімге көшіреді және ұялы байланыс операторларына мәліметтерді СКДҚ-ға енгізу туралы хабарлама жібереді.
Ұялы байланыс операторы мәліметтерді СКДҚ-ға енгізу туралы хабарламаны алған сәттен бастап бұл туралы ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының иесіне хабарлайды.;";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Ұялы байланыс операторлары ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеуден алып тастағаны туралы хабарламаны алған сәттен бастап 1 жұмыс сағаты (ЗТ үшін 2 жұмыс сағаты) ішінде осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы туралы мәліметтерді өздерінің оқшауланған жүйелерінен жойып, бір уақытта иесіне хабарлама жібере отырып, осы ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы бойынша ұялы байланыс қызметтерін көрсетуді тоқтатады.
Абоненттерді ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу ықтималдығы туралы хабарлау мақсатында СКДҚ операторы интернет-ресурс арқылы СКДҚ-да тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары туралы мәліметтерге, сондай-ақ пайдаланудың заңдылығы туралы мәліметтерге СКДҚ-да тегін қол жеткізуді қамтамасыз етеді.";
мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
"17-1. СКДҚ-да бұрын тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы бойынша сәйкестендіру кодын ауыстырған жағдайда, мұндай ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын жөндеуді уәкілетті сервистік орталықтар жүзеге асырған кезде ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының ауыстырылған сәйкестендіру коды туралы мәліметтер Ұялы байланыстың жаһандық жүйесі қауымдастығының (GSMA) дерекқорында сәйкестендіруге жатады.
Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын сәтті сәйкестендіру нәтижелері бойынша Ұялы байланыстың жаһандық жүйесі қауымдастығының (GSMA) дерекқорында мұндай абоненттік құрылғыны бастапқы сәйкестендіру коды бойынша тіркеу жойылады.
Бұл ретте сәйкестендіру коды осы тармақта көзделген себептер бойынша ауыстырылған ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен қайта тіркелуге жатады.".
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы |
А. Оразбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті