РҚАО-ның ескертуі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 8-8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 97) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 13.01.2025 № 8/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 7, 8, 9, 10, 11 және 12-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Бұл ретте Қағидалардың 5-тарауы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушы |
Н. Мауберлинова |
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 мамырдағы № 226 бұйрығымен бекітілген |
Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 1-тармағының 8-8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 97) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 13.01.2025 № 8/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) авторландырылған сервистік орталық – жеке кәсіпкер ретінде тіркелген, ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын жөндеуді жүзеге асыратын, өндірушімен немесе оның Қазақстан Республикасындағы өкілдігімен шарт жасасқан, ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын кепілдік, кепілдіктен кейінгі жөндеуді және оларға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруға уәкілетті заңды тұлға немесе жеке тұлға;
2) машинааралық өзара іс-қимыл жасайтын абоненттік құрылғылар – машиналарға бір-бірімен ақпарат алмасу, не оларды біржақты тәртіппен беру және қабылдау мүмкіндігін беретін технологияларды пайдалануға арналған абоненттік құрылғылар;
3) мобильді байланыстың жаһандық жүйесі қауымдастығының дерекқоры (GSMA) – абоненттік құрылғының өндірушісі мен моделін оның сәйкестендіру коды бойынша бір мәнді сәйкестендіруге арналған, оның ішінде GSMA қара тізіміне енгізілген бұғатталған мобильді құрылғылар туралы мәліметтерді халықаралық деңгейде қамтитын халықаралық ақпараттық ресурс;
4) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы – абонент белгілеген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және ұялы байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумақ шеңберінде тұрақты географиялық айқындалатын орналасқан орны жоқ, ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін жеке пайдаланудағы байланыс құралы;
5) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру коды – өндіруші зауыттың ұялы байланыстың абоненттік құрылғысына беретін коды, ол оған осы құрылғыны қосқан кезде ұялы байланыс операторының желісіне беріледі;
6) ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының дерекқоры (бұдан әрі – СКДҚ) – мынадай:
ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары иеленушілерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (бұдан әрі – ЖСН) (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (бұдан әрі – БСН) (заңды тұлғалар үшін);
ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары;
ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары пайдаланатын абоненттік нөмірлер туралы мәліметтерді қамтитын дерекқорды басқарудың аппараттық-бағдарламалық кешені.
7) ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары дерекқорының операторы (бұдан әрі – СКДҚ операторы) – Заңға сәйкес айқындалатын, ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының дерекқорын қалыптастыруды, оның жұмыс істеуін, оны жүргізуді, қолдап отыруды және дамытуды қамтамасыз ететін және осы ресурстарға қолжетімділікті беретін заңды тұлға;
8) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын верификациялау – ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы туралы мәліметтерді тексеру:
ұялы байланыстың жаһандық жүйесі қауымдастығының (GSMA) дерекқорындағы ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын сәйкестендіру;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын өндіру және (немесе) жөндеу туралы мәліметтердің және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамасына сәйкес ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу туралы мәліметтердің мониторингі;
9) ұялы байланыс қызметтерін ұсынуға тыйым салынған ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының тізілімі (бұдан әрі – қара тізім) – осы Қағидаларға сәйкес ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының дерекқорына енгізілмеген, оның ішінде:
сәйкестендіру коды дұрыс емес немесе өзгертілген;
онда өндіруші зауыт берген сәйкестендіру коды жоқ;
сәйкестендіру коды ұялы байланыстың жаһандық жүйесі қауымдастығы (GSMA) дерекқорының қара тізіміне енгізілген;
олар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын өндіру және (немесе) жөндеу туралы мәліметтерді және (немесе) осы Қағидаларда белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамасына сәйкес ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу туралы мәліметтері расталмаған ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының тізімі;
10) ұялы байланыс қызметтерін ұсынуға рұқсат етілген ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының тізілімі (бұдан әрі – ақ тізім) – осы Қағидаларға сәйкес мәліметтері сәтті верификацияланған және ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының дерекқорына енгізілген ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының тізімі;
11) ұялы байланыс қызметтерін ұсыну шектелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының тізілімі (бұдан әрі – сұр тізім) – осы Қағидаларға сәйкес ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының дерекқорына уақытша енгізілген ақ және қара тізімдерге енгізілмеген ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының тізімі;
12) ұялы байланыс операторына автоматты қызмет көрсету жүйесі – абоненттік құрылғының иесіне SMS, MMS- немесе USSD-сұрау жіберу жолымен немесе Жеке кабинет арқылы не ұялы байланыс операторы ұсынатын басқа да техникалық мүмкіндіктерді пайдалану жолымен абоненттік құрылғыны дербес тіркеу мүмкіндігін беретін кешенді қызмет көрсету жүйесі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 13.01.2025 № 8/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Қазақстан Республикасының ұялы байланыс желілерінде өндіруші зауытпен берілген сәйкестендіру коды бар ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары пайдаланылады.
2-тарау.Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу тәртібі
4. Қазақстан Республикасының аумағында роумингте тұрған, не машинааралық өзара іс-қимыл жасауға арналған ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында жасалған және Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары тіркеуге жатады.
Абонент үшін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу олардың заңды өкілдерінің келісімімен жасалады.
Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар (жас балалар) үшін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу олардың атынан заңды өкілдерімен жасалады.
5. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу (қайта тіркеу) үшін оның иеленушісі қызмет көрсетудің автоматтандырылған жүйесі арқылы не оған қызмет көрсететін ұялы байланыс операторының кеңсесіне жүгініп, мынадай:
1) ЖСН (жеке тұлға үшін) немесе БСН (заңды тұлға үшін);
2) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру коды;
3) ұялы байланыстың тіркелетін абоненттік құрылғысында пайдаланылатын абоненттік нөмірлер туралы мәліметтерді ұсынады.
Күзетілетін адамдар пайдаланатын ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу үшін тек ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын сәйкестендіру коды туралы ақпарат қана ұсынылады.
Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының иесі жүгінген кезде оны Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін кез-келген тәсілдермен сәйкестендіруді ұялы байланыстың операторы жүзеге асырады.
6. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының иесі (меншік иесі) ауысқан кезде қайта тіркеу ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы тіркелген иесінің (меншік иесі) ауызша келісімінен кейін, не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген меншік құқығын (пайдалану, иелену) беруді растайтын құжаттар болған жағдайда жүргізіледі.
7. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу (қайта тіркеу) рәсімі келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:
1) жеке тұлғалар үшін 4 жұмыс сағатқа дейін;
2) заңды тұлғалар үшін (бұдан әрі – ЗТ) 8 жұмыс сағатқа дейін.
Бұл ретте, мерзім осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген мәліметтер ұсынылған кезден бастап есептеледі.
СКДҚ тіркелу кезінде, ұялы байланыс операторы оны өз желісінде тіркейді, бұл ретте ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу үшін қажетті сервистерді қоспағанда, ұялы байланыс қызметін ұсыну тоқтатылады. Көрсетілген сервистер ұялы байланыс операторымен айқындалады.
8. Ұялы байланыс операторы абоненттің ұялы байланысын мынадай жағдайларда тіркеуден бас тартады:
1) СҚДҚ-да ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының басқа иеленушісі тіркеген осындай ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру кодының болуы;
2) егер абоненттік нөмір басқа иеленушіге тіркелген болса.
9. Ұялы байланыс операторы осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген мәліметтерді алған сәттен бастап 1 жұмыс сағаты ішінде (ЗТ үшін 2 жұмыс сағат) оларды СҚДҚ операторына жібереді.
10. СКДҚ операторы осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген мәліметтерді алған сәттен бастап 3 жұмыс сағаты (ЗТ үшін 6 жұмыс сағаты) ішінде:
1) СКДҚ-да ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының бірдей сәйкестендіру кодының және басқа иеленушіге тіркелген абоненттік нөмірдің болуын;
2) Қазақстан Республикасының ұялы байланыс желілерінде оны сәтті верификациялау нәтижелері негізінде пайдаланудың заңдылығын растау бөлігінде ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру коды туралы СКДҚ-да мәліметтердің болуын тексеруді орындайды.
Бұл ретте ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын верификациялау Қазақстан Республикасының аумағында өндірісті жүзеге асыратын тұлғалардан және (немесе) оларды Қазақстан Республикасының Салық және кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына әкелуден және (немесе) уәкілетті сервистік орталықтардан алынған ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары туралы мәліметтер негізінде жүргізіледі.
Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағына ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын әкелген кезде кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мақсаттарда мемлекеттік шекарадан өту туралы мәліметтер және (немесе) республиканың салық және кеден заңнамасына сәйкес әкелуді растайтын құжаттар ұсынылады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 13.01.2025 № 8/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген негіздер бар болған жағдайда, CҚДҚ операторы осы Қағидаладың 10-тармағында белгіленген мерзімде ұялы байланыс операторына олардың бар-жоғын хабарлайды.
Ұялы байланыс операторы көрсетілген хабарламаны алған сәттен бастап бас тартуға негізді көрсете отырып, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының иесіне ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеуден бас тарту туралы хабарлайды.
12. Осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген негіздер болмаған жағдайда, СКДҚ операторы осы Қағидалардың 10-тармағында белгіленген мерзімдерде, осы Қағидалардың 10-тармағының 2) тармақшасында көзделген тексеру нәтижесі оң болған жағдайда, СКДҚ-ға ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы туралы мәліметтерді қосады және ұялы байланыс операторларына тиісті хабарлама жібереді.
Ұялы байланыс операторы СКДҚ-ға мәліметтерді қосу туралы хабарламаны алған сәттен бастап ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының иесіне ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының тіркелгені туралы хабарлайды.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 13.01.2025 № 8/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12-1. Осы Қағидалардың 10-тармағының 2) тармақшасында көзделген тексеру нәтижесінде Қазақстан Республикасының ұялы байланыс желілерінде абоненттік құрылғыны пайдаланудың заңдылығын растау бөлігінде ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру коды туралы мәліметтер болмаған жағдайда, СКДҚ операторы осы Қағидалардың 12-2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Қағидалардың 10-тармағында белгіленген мерзімдерде ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы туралы мәліметтерді сұр тізімге енгізеді және ұялы байланыс операторларына осындай ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы туралы мәліметтерді СКДҚ-ға уақытша қосу туралы хабарлама жібереді.
Көрсетілген хабарламаны алған сәттен бастап ұялы байланыс операторы ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының иесіне осы Қағидаларда белгіленген мерзімге ұялы байланыс қызметтеріне уақытша қол жеткізуді ұсыну туралы және Қазақстан Республикасының ұялы байланыс желілерінде ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын пайдаланудың заңдылығын растайтын мәліметтерді ұсыну қажеттігі туралы хабарлайды.
Бұл ретте сұр тізімге енгізілген абоненттік құрылғыларға ұялы байланыс қызметтеріне қолжетімділікті ұсыну мерзімі ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы ұялы байланыс операторының желісіне бастапқы қосылған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күнді құрайды.
Ескерту. 2-тарау 12-1-тармақтармен толықтырылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 13.01.2025 № 8/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12-2. СКДҚ операторы осы Қағидалардың 10-тармағында белгіленген мерзімдерде ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы туралы мәліметтерді қара тізімге енгізеді және ұялы байланыс операторларына СКДҚ-да ұялы байланыстың осындай абоненттік құрылғысының сәйкестендіру коды туралы мәліметтер болмаған кезде оны Қазақстан Республикасының ұялы байланыс желілерінде пайдаланудың заңдылығын растау бөлігінде мынадай негіздер бойынша тиісті хабарлама жібереді:
абоненттік құрылғының сәйкестендіру коды Ұялы байланыстың жаһандық жүйесі қауымдастығы (GSMA) дерекқорының қара тізіміне енгізілген;
ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру коды дұрыс емес немесе өзгертілген;
ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында өндіруші зауыт берген сәйкестендіру коды жоқ.
Ұялы байланыс операторы көрсетілген хабарламаны алған сәттен бастап ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының иесіне тыйым салу негіздерін көрсете отырып, ұялы байланыстың осындай абоненттік құрылғысы бойынша ұялы байланыс қызметтерін ұсынуға тыйым салынғаны туралы хабарлайды.
Ескерту. 2-тарау 12-2-тармақтармен толықтырылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 13.01.2025 № 8/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12-3. Осы Қағидалардың 12-1-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін, СКДҚ операторы сұр тізімге енгізілген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру коды туралы мәліметтерді өзектендіру мақсатында оны Қазақстан Республикасының ұялы байланыс желілерінде пайдаланудың заңдылығын растау бөлігінде осы Қағидалардың 10-тармағының 2) тармақшасында көзделген қайта тексеруді жүзеге асырады.
Осы тармақта көзделген қайта тексеру нәтижесі теріс болған жағдайда, СКДҚ операторы осындай тексеру аяқталған сәттен бастап 3 жұмыс сағаты ішінде ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы туралы мәліметтерді қара тізімге көшіреді және ұялы байланыс операторларына тиісті хабарлама жібереді.
Ұялы байланыс операторы көрсетілген хабарламаны алған сәттен бастап ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының иесіне тыйым салу негіздерін көрсете отырып, ұялы байланыстың осындай абоненттік құрылғысы бойынша ұялы байланыс қызметтерін ұсынуға тыйым салынғаны туралы хабарлайды.
Осы тармақта көзделген қайта тексерудің нәтижесі оң болған жағдайда, СКДҚ операторы осындай тексеру аяқталған сәттен бастап 3 жұмыс сағаты ішінде осындай абоненттік ұялы байланыс құрылғысы туралы мәліметтерді ақ тізімге көшіреді және ұялы байланыс операторларына мәліметтерді СКДҚ-ға енгізу туралы хабарлама жібереді.
Ұялы байланыс операторы мәліметтерді СКДҚ-ға енгізу туралы хабарламаны алған сәттен бастап бұл туралы ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының иесіне хабарлайды.
Ескерту. 2-тарау 12-3-тармақтармен толықтырылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 13.01.2025 № 8/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының иесі ұялы байланыс операторына ерікті нысанда өтініш (бұдан әрі – Өтініш) беру арқылы өзінің ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеуден алып тастай алады.
14. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеуден шығару рәсімі келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:
1) жеке тұлғалар үшін 4 жұмыс сағатқа дейін;
2) ЗТ үшін 8 жұмыс сағатқа дейін.
Бұл ретте мерзімі өтінішті алған сәттен бастап есептеледі.
15. Ұялы байланыс операторы өтінішті алған сәттен бастап оны СҚДҚ операторына жібереді.
16. СҚДҚ операторы өтінішті алған сәттен бастап 3 жұмыс сағаты (ЗТ үшін 6 жұмыс сағаты) ішінде осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген мәліметтерді СҚДҚ-дан алып тастайды және ұялы байланыс операторларын ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеуден алып тастағаны туралы хабардар етеді.
17. Ұялы байланыс операторлары ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеуден алып тастағаны туралы хабарламаны алған сәттен бастап 1 жұмыс сағаты (ЗТ үшін 2 жұмыс сағаты) ішінде осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы туралы мәліметтерді өздерінің оқшауланған жүйелерінен жойып, бір уақытта иесіне хабарлама жібере отырып, осы ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы бойынша ұялы байланыс қызметтерін көрсетуді тоқтатады.
Абоненттерді ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу ықтималдығы туралы хабарлау мақсатында СКДҚ операторы интернет-ресурс арқылы СКДҚ-да тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары туралы мәліметтерге, сондай-ақ пайдаланудың заңдылығы туралы мәліметтерге СКДҚ-да тегін қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 13.01.2025 № 8/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17-1. СКДҚ-да бұрын тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы бойынша сәйкестендіру кодын ауыстырған жағдайда, мұндай ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын жөндеуді уәкілетті сервистік орталықтар жүзеге асырған кезде ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының ауыстырылған сәйкестендіру коды туралы мәліметтер Ұялы байланыстың жаһандық жүйесі қауымдастығының (GSMA) дерекқорында сәйкестендіруге жатады.
Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын сәтті сәйкестендіру нәтижелері бойынша Ұялы байланыстың жаһандық жүйесі қауымдастығының (GSMA) дерекқорында мұндай абоненттік құрылғыны бастапқы сәйкестендіру коды бойынша тіркеу жойылады.
Бұл ретте сәйкестендіру коды осы тармақта көзделген себептер бойынша ауыстырылған ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен қайта тіркелуге жатады.
Ескерту. 2-тарау 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 13.01.2025 № 8/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру коды бойынша ұялы байланыстың қызметін тоқтата тұру немесе қалпына келтіру тәртібі
18. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру коды бойынша ұялы байланыс қызметтерін көрсетуді тоқтата тұру не қалпына келтіру ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы иесінің (иеленушінің) өтініші бойынша автоматты қызмет көрсету жүйесі арқылы не оған қызмет көрсететін ұялы байланыс операторының кеңсесіне жүгінген кезде ұялы байланыс операторлары жүзеге асырады.
19. Иеленуші (меншік иесі) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын бұғаттауға өтініш берген кезде СҚДҚ операторы ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының бірегей сәйкестендіру кодының бар екендігіне тексеріс жүргізеді.
20. СҚДҚ-да тоқтатылған ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру кодын СҚДҚ операторының интернет-ресурсы арқылы тексеруге мүмкін болады.
4-тарау. СҚДҚ ресурстарына қолжетімділікті ұсыну үшін СҚДҚ операторының қызметтеріне ақы төлеу тәртібі
21. Ұялы байланыс операторлары желіні, ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық қамтылымды жаңғыртуға қатысты барлық шығынды өздері көтереді, сондай-ақ СҚДҚ ресурстарына қол жеткізуге ұсынғаны үшін СҚДҚ операторына ақы төлеуді жүзеге асырады.
22. СҚДҚ-ға қолжетімділіктің бағаларын қалыптастыруды СҚДҚ операторы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 134 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13588 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырады.
23. Ұялы байланыс операторлары мен СҚДҚ операторының өзара іс-қимыл және өзара есептесу процесі араларында жасалған шарттың талаптарымен айқындалады.
5-тарау. 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеудің оңайлатылған тәртібі
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
5-тарау 01.01.2019 дейін қолданыста болды – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің м.а. 23.05.2018 № 226 бұйрығымен.
6-тарау. Өтпелі ережелер
27. Ұялы байланыс операторы осы Қағидалардың 5-тарауына сәйкес оңайлатылған тәртіппен тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары бойынша ұялы байланыс қызметтерін көрсетеді.