Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрінің және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 17 қаңтардағы № 17 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 21 қаңтарда № 35657 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ҚР Көлік министрінің
міндетін атқарушы
М. Калиакпаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары

      білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  ҚР Көлік министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 17 қаңтардағы
№ 17 Бұйрықпен
бекітілген

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Рельстік көлік құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 35 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10329 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Рельстік көлік құралдарын техникалық пайдалану қағидаларында:

      147-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "147. "Жол жүрісі қағидаларын, көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша бояуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген) жүргізушінің желідегі әрекеттері жүргізушінің лауазымдық нұсқаулығымен және жол қозғалысы қағидаларымен анықталады. ".

      2. "Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 516 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12148 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 33) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану қағидалары мен шарттарында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабы 2-тармағының 33) тармақшасына және автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторға немесе концессионерге берілген Қазақстан Республикасындағы халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдары мен көпір өткелдерін пайдалану тәртібі мен шарттарын айқындайды.";

      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Жолдарда көлік құралдарының жүрісін тоқтату немесе уақытша шектеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 5 шілдедегі № 492 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33042 болып тіркелген), жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп жолдарда немесе жолдардың жекелеген учаскелерінде жол қозғалысын уақытша шектейді немесе тыйым салады;";

      7-тармақта:

      3), 4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) көлік құралдарының үздіксіз және қауіпсіз жүріп өтуін және 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;

      4) "Өсімдіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес автомобиль жолдарына бөлінген белдеудің фитосанитариялық жай-күйін сақтау;

      5) Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларында, "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген), белгіленген жылдамдықты режим шеңберінде көлік құралдарының қауіпсіз жүріп-тұру мүмкіндігін қамтамасыз ету;".

      3. "Су көлігі саласындағы мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 662 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13689 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 8-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Теңіз техникасы және технологиялар" (бакалавриат) мамандығы бойынша үлгілік оқу бағдарламаларында (коды – 5В071500):

      осы бұйрыққа 1-қосымшада:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сызба геометриясы және инженерлік графика" пәні бойынша типтік оку бағдарламасы (пән коды – SGIG 1204, кредиттер көлемі – 3) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 8-1-тармағына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді.".

      осы бұйрыққа 2-қосымшада:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Теңіз техникасы мен технологиясының ғылыми-техникалық мәселелері" пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы (пән коды – TTGTM 6301, кредиттер көлемі – 2) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 8-1-тармағына және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленген.".

      4. "Қалалық рельсті көліктегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 344 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32482 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалалық рельсті көліктегі қауіпсіздік қағидаларында:

      4-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) монорельсті көлік машинистерін, метрополитенге, қозғалыс қызметінің трамвай жүргізушілерін және ҚРК қозғалысына байланысты қызметкерлерді осы Қағидаларды, "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген) (бұдан әрі – ЖЖҚ), Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 35 бұйрығымен бекітілген Рельстік көлік құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10329 болып тіркелген) (бұдан әрі – РКҚ ТПҚ), Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 25 шілдедегі № 500 бұйрығымен бекітілген Қалалық рельсті көлікті күтіп-ұстау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу қағидаларын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15585 болып тіркелген) (бұдан әрі – ҚРКҰТҚКжЖҚ) білу мәніне мерзімді тексерістер жүргізу;".

О внесении изменений в некоторые приказы Министра по инвестициям и развитию и Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан

Приказ и.о. Министра транспорта Республики Казахстан от 17 января 2025 года № 17. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 21 января 2025 года № 35657

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый перечень некоторых приказов, в которые вносятся изменения.

      2. Юридическому департаменту Министерства транспорта Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства транспорта Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на руководителя аппарата Министерства транспорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      исполняющий обязанности
Министра транспорта РК
М. Калиакпаров

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство сельского хозяйства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство науки
и высшего образования
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство здравоохранения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство обороны
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство просвещения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство энергетики
Республики Казахстан

  Утвержден приказом
исполняющий обязанности
Министра транспорта РК
от 17 января 2025 года № 17

Перечень некоторых приказов, в которые вносятся изменения

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 21 января 2015 года № 35 "Об утверждении Правил технической эксплуатации рельсовых транспортных средств" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10329) следующее изменение:

      в Правилах технической эксплуатации рельсовых транспортных средств, утвержденных указанным приказом:

      пункт 147 изложить в следующей редакции:

      "147. Действия водителя на линии определяются должностной инструкцией водителя и Правилами дорожного движения, утвержденными приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 534 "Об утверждении Правил дорожного движения, Основных положений по допуску транспортных средств к эксплуатации, перечня оперативных и специальных служб, транспорт которых подлежит оборудованию специальными световыми и звуковыми сигналами и окраске по специальным цветографическим схемам" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33003).".

      2. Внести в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 516 "Об утверждении Правил и условий эксплуатации платных автомобильных дорог и мостовых переходов общего пользования международного и республиканского значения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12148) следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 33) пункта 2 статьи 12 Закона Республики Казахстан "Об автомобильных дорогах" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах и условиях эксплуатации платных автомобильных дорог и мостовых переходов общего пользования международного и республиканского значения, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила и условия эксплуатации платных автомобильных дорог и мостовых переходов общего пользования международного и республиканского значения (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 33) пункта 2 статьи 12 Закона Республики Казахстан "Об автомобильных дорогах" (далее - Закон) и определяют порядок и условия эксплуатации платных автомобильных дорог и мостовых переходов общего пользования международного и республиканского значения в Республике Казахстан, переданных Национальному оператору по управлению автомобильными дорогами или концессионеру.";

      подпункт 2) пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "2) совместно с уполномоченным органом по обеспечению безопасности дорожного движения временно ограничивает или запрещает дорожное движение на дорогах или отдельных участках дорог в соответствии с приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 5 июля 2023 года № 492 "Об утверждении Правил прекращения или временного ограничения движения транспортных средств по дорогам" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33042);";

      в пункте 7:

      подпункты 3, 4) и 5) изложить в следующей редакции:

      "3) обеспечение бесперебойного и безопасного проезда транспортных средств и соблюдение требований Экологического Кодекса Республики Казахстан от 2 января 2021 года;

      4) соблюдение фитосанитарного состояния полосы отвода автомобильных дорог в соответствии с Законом Республики Казахстан "О защите растений";

      5) обеспечение возможности безопасного проезда транспортных средств в рамках скоростного режима, установленными Правилами дорожного движения Республики Казахстан, приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 534 "Об утверждении Правил дорожного движения, Основных положений по допуску транспортных средств к эксплуатации, перечня оперативных и специальных служб, транспорт которых подлежит оборудованию специальными световыми и звуковыми сигналами и окраске по специальным цветографическим схемам" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33003);".

      3. Внести в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 мая 2015 года № 662 "Об утверждении типовых учебных программ по специальностям в области водного транспорта" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 13689) следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с пунктом 8-1 статьи 14 Закона Республики Казахстан "Об образовании" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в типовых учебных программах по специальности "Морская техника и технологии" (Бакалавриат) (код – 5В071500), утвержденных указанным приказом:

      в приложении 1 к настоящему приказу:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Типовая учебная программа по дисциплине "Начертательная геометрия и инженерная графика" (код дисциплины – NGIG1201; объем кредитов – 3) разработана в соответствии с пунктом 8-1 статьи 14 Закона Республики Казахстан "Об образовании", государственных общеобязательных стандартов дошкольного воспитания и обучения, начального, основного среднего и общего среднего, технического и профессионального, послесреднего образования утвержденный Приказом Министра просвещения Республики Казахстан от 3 августа 2022 года № 348 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 29031) и государственных общеобязательных стандартов высшего и послевузовского образования утвержденный Приказом Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 20 июля 2022 года № 2 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 28916) (далее – Стандарт).".

      в приложении 2 к настоящему приказу:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Типовая учебная программа по дисциплине "Научно-технические проблемы морской техники и технологии" (код дисциплины – NTPMTT 6301, объем кредитов – 2) разработана в соответствии с пунктом 8-1 статьи 14 Закона Республики Казахстан "Об образовании" , государственных общеобязательных стандартов дошкольного воспитания и обучения, начального, основного среднего и общего среднего, технического и профессионального, послесреднего образования утвержденный Приказом Министра просвещения Республики Казахстан от 3 августа 2022 года № 348 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 29031) и государственных общеобязательных стандартов высшего и послевузовского образования утвержденный Приказом Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 20 июля 2022 года № 2 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 28916) (далее – Стандарт).".

      4. Внести в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 12 мая 2023 года № 344 "Об утверждении Правил безопасности на городском рельсовом транспорте" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 32482) следующее изменение:

      в Правилах безопасности на городском рельсовом транспорте, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 5) пункта 4 изложить в следующей редакции:

      "5) периодические проверки машинистов монорельсового транспорта, метрополитена, водителей трамвая службы движения и работников, связанных с движением ГРТ, на предмет знания настоящих Правил, Правил дорожного движения, Основных положений по допуску транспортных средств к эксплуатации, перечня оперативных и специальных служб, транспорт которых подлежит оборудованию специальными световыми и звуковыми сигналами и окраске по специальным цветографическим схемам, утвержденных приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 534 "Об утверждении Правил дорожного движения, Основных положений по допуску транспортных средств к эксплуатации, перечня оперативных и специальных служб, транспорт которых подлежит оборудованию специальными световыми и звуковыми сигналами и окраске по специальным цветографическим схемам" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за 33003) (далее – ПДД), Правил технической эксплуатации рельсовых транспортных средств, утвержденных приказом исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 21 января 2015 года № 35 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10329) (далее – ПТЭ РТС), Правил содержания, технического обслуживания и ремонта городского рельсового транспорта, утвержденных приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 25 июля 2017 года № 500 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за 15585) (далее – ПСТО РГРТ);".