ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бірлескен бұйрық 23.05.2025 бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 шілдедегі № 597 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 524 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33159 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
Осы бірлескен бұйрықпен бекітілген Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану қағидаларында:
13-тармақ мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
"14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметті жүзеге асыру мақсатында ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкіне.".
Осы бірлескен бұйрықпен бекітілген Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану қағидаларында:
10-тармақ мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
"14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметті жүзеге асыру мақсатында ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкіне.".
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық 2025 жылғы 23 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
Е. Сарсембаев |
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
Е. Саденов |