Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2023 жылғы 24 шілдедегі № 597 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 524 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 26 шiлдеде № 33159 болып тіркелді.

      "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 2-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Мыналар:

      1) Осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану қағидалары;

      2) Осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасарына және Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
А. Ескараев
     
      Ішкі істер министрінің
міндетін атқарушы
М. Кожаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2023 жылғы 25 шілдедегі
№ 524 мен
Ішкі істер министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 24 шілдедегі
№ 597 Бұйрыққа
1-қосымша

Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану қағидалары "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 2-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін (бұдан әрі - Тізілім) жасау, жүргізу және пайдалану тәртібін айқындайды.

2-тарау. Тізілімді жасау тәртібі

      2. Тізілім жеке сәйкестендіру нөмірлерін (бұдан әрі - ЖСН) есепке алудың бірыңғай жүйесін енгізген кезде ақпараттық жүйелердің негізінде құрылады.

      3. Ақпараттық жүйенің қауіпсіздігі мен дербес деректерді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Тізілім біріктірілген және тіркеу-өндірістік бөліктеріне бөлінген.

      4. Ақпараттық жүйенің тіркеу-өндірістік бөлігінде жеке басты куәландыратын құжаттарды беру туралы өтініштерде қамтылған деректердің негізінде ЖСН қалыптастыру қамтамасыз етіледі.

      5. Ақпараттық жүйенің біріктірілген бөлігі мынадай міндеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді:

      1) мемлекеттік органдардың ақпараттық дерекқорларын өзектендіру және ақпараттың қайталануын болғызбау;

      2) ақпараттық ресурстарды басқару мен пайдалану тетігін жетілдіру;

      3) жеке тұлғалардың өзара іс-қимылын оңтайландыру арқылы мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынастарын жетілдіру.

3-тарау. Тізілімді жүргізу тәртібі

      6. Тізілімді жүргізу тіркеуші органдардың жеке тұлғалар туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне (бұдан әрі - ІІМ) ұсынған мәліметтерін есепке алу және өзектендіру арқылы ІІМ жүзеге асырады.

      7. Туу туралы куәлікті берген кезде ЖСН-ді беру мынадай қажетті мәліметтерді ақпараттық жүйеге енгізу нәтижесінде жүзеге асырылады:

      1) тегі;

      2) аты;

      3) әкесінің аты (болған жағдайда);

      4) жынысы;

      5) туған күні;

      6) туған жері;

      7) құжаттың түрі;

      8) құжаттың нөмірі;

      9) құжаттың берілген күні;

      10) құжатты кім берді.

      8. Жеке басты куәландыратын құжаттарды беру кезінде, туу туралы куәлікті қоспағанда, ЖСН беру ақпараттық жүйеге мынадай қажетті мәліметтерді енгізу нәтижесінде жүзеге асырылады:

      1) тегі;

      2) аты;

      3) әкесінің аты (болған жағдайда);

      4) жынысы;

      5) ұлты;

      6) туған күні;

      7) туған жері;

      8) азаматы болып табылатын елдің коды (азаматтығы болған жағдайда);

      9) портреттік бейнесі (сандық фотосурет) және қолы;

      10) туған жері;

      11) құжаттың түрі;

      12) құжаттандыру себебі;

      13) мекен-жай мәліметтері.

      9. ЖСН жеке тұлға қайтыс болған жағдайда Тізілімнен алып тасталады.

      10. соттың жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімінің күші жойылған жағдайда, Тізілімнен бұрын алып тасталған ЖСН қайта қалпына келтіріледі.

      11. ЖСН:

      1) жеке тұлғаны хабарсыз кеткен деп тану туралы сот шешiмi күшiне енгеннен кейiн;

      2) Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасынан кеткен кезде;

      2-1) Қазақстан Республикасының аумағынан шығарып жіберілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар кеткен кезде;

      3) асырап алынған бала туралы мәліметтер, оның дербес деректері өзгерген кезде бала асырап алу туралы сот шешiмi күшiне енгеннен кейiн;

      4) соттың жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі күшіне енгеннен кейін;

      5) жеке тұлға республиканың шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты тұруға кеткен жағдайда;

      6) алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 26.07.2024 № 583 және ҚР Әділет министрінің 31.07.2024 № 652 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.
      7) алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 26.07.2024 № 583 және ҚР Әділет министрінің 31.07.2024 № 652 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.
      8) алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 26.07.2024 № 583 және ҚР Әділет министрінің 31.07.2024 № 652 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      9) соттың бала асырап алу туралы шешімінің күші жойылған жағдайда, Тізілімнен шартты түрде алып тасталады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 2-1) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда жеке тұлғаларды қайтадан және кейіннен тіркеу кезінде бұрын қалыптасқан жеке сәйкестендіру нөмірімен құжат беріледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда жеке тұлғалардың жеке сәйкестендіру нөмірі соттың баланы асырап алу туралы шешімінің күшін жойғаннан кейін немесе жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялағаннан кейін қалпына келтіру керек.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 9) тармақшасында көзделген жағдайда жеке тұлғалардың жеке сәйкестендіру нөмірі соттың баланы асырап алу туралы шешімінің күшін жойғаннан кейін қалпына келтіру керек.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 26.07.2024 № 583 және ҚР Әділет министрінің 31.07.2024 № 652 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      12. Тізілімнен ЖСН-ді алып тастау немесе шартты түрде алып тастау мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде жүргізіледі. Алып тасталған немесе шартты түрде алып тасталған ЖСН Тізілімде сақталады.

4-тарау. Тізілімді пайдалану тәртібі

      13. Заңның 11-бабына сәйкес Ұлттық тiзiлiмде қамтылған, жалпыға қолжетімді болып табылатын ақпараттан басқа мәліметтер:

      1) уәкiлеттi органның жазбаша рұқсатының негiзiнде сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнiң ақпараттық жүйелер деректерiн өзектiлiк жағдайда ұстау мақсатында тiркеушi органдарға;

      2) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiне сәйкес қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органдарға;

      3) құқық бұзушылықтар үшiн жауаптылық белгiлеу туралы iстердi қарау барысында соттарға;

      4) кредиттік тарих дерекқорын қалыптастыру мақсатында мемлекет қатысатын кредиттік бюроға;

      5) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ақпараттық жүйесінің және электрондық ақпараттық ресурстарының деректерін қалыптастыру мақсатында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына;

      6) "Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бизнес-әріптестер тізілімімен интеграциялауға жататын ақпараттандыру объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 31 шiлдедегi № 144 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 31 шiлдедегi № 308/НҚ бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33210 болып тіркелген) сәйкес бизнес-әріптестердің тізілімін құру, жүргізу және пайдалану үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына;

      7) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесін жүргізу мақсатында орталық депозитарийге;

      8) заң көмегін көрсету шеңберінде адвокаттық сұрау салуды жазбаша нысанда немесе заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберу кезінде адвокаттарға;

      9) қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөнінде өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті мемлекеттік органға;

      10) электрондық құжат айналымы шеңберінде электрондық абоненттік пошта жәшіктері бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуі мақсатында Ұлттық пошта операторына;

      11) "Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 358 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10303 болып тіркелген), "Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 359 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10332 болып тіркелген), "Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10528 болып тіркелген), "Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 9 қазандағы № 673 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15986 болып тіркелген) сәйкес елді мекендер шекараларының шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде мемлекеттік бақылау мен қадағалауды және елді мекендер шекараларының шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын тұрғын үй инспекциясына;

      12) нысаналы талаптарға қатысушылар мен нысаналы жинақтарды алушылардың дерекқорын қалыптастыру және ақпараттық жүйеде олардың есебін жүргізу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына;

      13) алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығының қызметі және алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларын болдырмауға бағытталған шараларды іске асыру мақсатында, сондай-ақ клиенттерді қашықтан биометриялық сәйкестендіру қызметтерін көрсету үшін банкаралық ақша аударымдары жүйесінің операциялық орталығына мәліметтерді беру жағдайын қоспағанда, жария етуге жатпайды.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 26.07.2024 № 583 және ҚР Әділет министрінің 31.07.2024 № 652 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      14. Жалпыға қолжетімді ақпаратты қоспағанда, жеке тұлғаға қатысты ақпарат жеке тұлғаның жазбаша келісімінсіз басқа адамға берілмейді.

      15. Жеке тұлғалар туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелердің мемлекеттік дерекқорының ақпаратын немесе өзге де ақпарат жеткізгіштерді жоғалтуға, сол сияқты олардың қызметтеріне байланысты аталған ақпаратқа қол жеткізе алатын адамдардың оларды заңсыз өзгертуіне жол берілмейді.

      16. Тізілімнің ақпараттық ресурстарындағы ақпараттарды қорғауды қамтамасыз ету "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2023 жылғы 25 шілдедегі
№ 524 мен
Ішкі істер министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 24 шілдедегі
№ 597 Бұйрыққа
2-қосымша

Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану қағидалары "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 6-бабының 2-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін (бұдан әрі – Ұлттық тізілім) жасау, жүргізу және пайдалану тәртібін айқындайды.

2-тарау. Ұлттық тізілімді жасау тәртібі

      2. Ұлттық тізілім бизнес-сәйкестендіру нөмірлерін (бұдан әрі – БСН) бірыңғай есепке алуды жүргізу кезінде ақпараттық жүйе құрылады.

      3. Ұлттық тізілім өзіне БСН беру арқылы бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді, жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік (есептік) (қайта)тіркеуді есепке алудың бірыңғай жүйесін, ақпаратты жіктеу және кодтау жүйесін, электрондық хабарлау арқылы деректермен алмасудың бірыңғай форматтарын, ақпараттық-іздестіру жүйесін, модульдердің ақпараттық телекоммуникациялық байланыстарын және ақпараттық сұраныстарды өңдеуді қамтиды.

3-тарау. Ұлттық тізілімді жүргізу тәртібі

      4. Ұлттық тізілімді жүргізуді БСН қалыптастыруды орындайтын уәкілетті мемлекеттік органдар (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.

      5. Ұлттық тізілімді жүргізу тіркеуші органдар уәкілетті органға ұсынатын заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер деректерді есепке алу және өзектендіру жолымен жүргізіледі.

      6. "Астана" халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО) органдары, олардың ұйымдары және Ұлттық тізілімге енгізілетін АХҚО қатысушылары туралы мәліметтер тізбесі АХҚО актілерінде айқындалады.

      7. Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта)тіркеу туралы анықтама беру кезінде БСН беру ақпараттық жүйеге мынадай қажетті мәліметтерді енгізу нәтижесінде жүзеге асырылады:

      1) өтініштің келіп түскен күні;

      2) заңды тұлға құру (қайта тіркеу, құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізу) туралы шешімнің нөмірі мен күні және шешім шығарған ұйымның атауы;

      3) ұйымдастыру нысаны;

      4) тіркеу түрі;

      5) қайта тіркеу негіздемесі;

      6) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бұрынғы атауы;

      7) қайта ұйымдастыру туралы мәліметтер;

      8) ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны;

      9) коммерциялық немесе коммерциялық емес ұйым;

      10) еншілес ұйым;

      11) жеке кәсіпкерлік субъектісінің түрі;

      12) мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күні;

      13) бастапқы мемлекеттік (есептік) тіркелген күні;

      14) заңды тұлғаның, филиал мен өкілдіктің толық атауы (мемлекеттік және орыс тілдерінде);

      15) заңды тұлғаның, филиал мен өкілдіктің қысқартылған атауы (мемлекеттік және орыс тілдерінде);

      16) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу, құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізу) туралы бұйрықтың нөмірі мен күні;

      17) меншік нысаны;

      18) шетелдік қатысу;

      19) үлгілік жарғы негізінде қызметті жүзеге асыру;

      20) заңды тұлғаның, филиал мен өкілдіктің заңды мекен-жайы (пошта индексі, облысы, ауданы, елді мекені, мекенжайды тіркеу коды, көше атауы, үйдің, пәтердің, телефонның, факстің нөмірі);

      21) құрылтайшылардың салымдары бойынша жарғылық капиталды бөлу туралы мәліметтер (мемлекеттік, жеке меншік %);

      22) жарғылық капиталдағы шетелдік капиталдың үлесі;

      23) құрылтайшы-жеке тұлғалар (бастамашы азаматтар, мүшелер, қатысушылар) туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тұратын елі, жеке сәйкестендіру нөмірлері (бұдан әрі - ЖСН), қатысу үлесі;

      24) құрылтайшы-заңды тұлғалар туралы мәліметтер: тіркелген жері, БСН, қатысу үлесі;

      25) бірінші басшы туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тұратын елі, ЖСН;

      26) жұмысшылардың шамамен күтілетін саны;

      27) экономикалық қызметтің түрі (жарғыдан алынған қызмет түрінің атауы);

      28) тіркеуші орган туралы мәліметтер (тіркеуші органның толық атауы, тіркеуші органның коды, облысы, ауданы, тіркеуші туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);

      29) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшін алымның (сомасы айлық есептік көрсеткіштерде және теңгеде) төленгені туралы мәліметтер, төлем құжатының деректемелері, төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (заңды тұлғаның атауы) және ЖСН;

      30) бенефициар(-лар) меншік иесі(-лері) туралы мәліметтер: азаматтығы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, ЖСН (бар болған жағдайда), заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе бенефициарлық меншік иесіне тиесілі орналастырылған акциялардың мөлшері;

      31) пошта мекенжайы, телефон.

      8. БСН:

      1) заңды тұлға (филиал, өкілдік) қызметі тоқтатылған (таратылған, қайта құрылған) кезде;

      2) бірлескен жеке кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруды тоқтатқан кезде;

      3) бейрезидент-заңды тұлғаның салық салу объектілеріне және салық салуға байланысты объектілерге құқығы тоқтатылған кезде;

      4) бейрезидент-заңды тұлға резидент-банктегі ағымдағы шотын жапқан жағдайда;

      5) бейрезидент-заңды тұлға Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметін тоқтатқан және Қазақстан Республикасынан кетіп қалған жағдайда Ұлттық тізілімнен алып тасталады.

      9. Ұлттық тізілімді жүргізу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

4. Ұлттық тізілімді пайдалану тәртібі

      10. Заңның 11-бабына сәйкес Ұлттық тізілімде қамтылған, жалпыға қолжетімді болып табылатын ақпараттан басқа, мәліметтер:

      1) уәкiлеттi органның жазбаша рұқсатының негiзiнде сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнiң ақпараттық жүйелер деректерiн өзектiлiк жағдайда ұстау мақсатында тiркеушi органдарға;

      2) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiне сәйкес қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органдарға;

      3) құқық бұзушылықтар үшiн жауаптылық белгiлеу туралы iстердi қарау барысында соттарға;

      4) кредиттік тарих дерекқорын қалыптастыру мақсатында мемлекет қатысатын кредиттік бюроға;

      5) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ақпараттық жүйесінің және электрондық ақпараттық ресурстарының деректерін қалыптастыру мақсатында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына;

      6) "Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бизнес-әріптестер тізілімімен интеграциялауға жататын ақпараттандыру объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 144 және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 308/НҚ бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33210 болып тіркелген) сәйкес бизнес-әріптестер тізілімін құру, жүргізу және пайдалану үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына;

      7) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесін жүргізу мақсатында орталық депозитарийге;

      8) заң көмегін көрсету шеңберінде адвокаттық сұрау салуды жазбаша нысанда немесе заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберу кезінде адвокаттарға;

      9) қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөнінде өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті мемлекеттік органға;

      10) электрондық құжат айналымы шеңберінде электрондық абоненттік пошта жәшіктері бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуі мақсатында Ұлттық пошта операторына;

      11) "Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 358 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10303 болып тіркелген), "Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 359 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10332 болып тіркелген), "Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10528 болып тіркелген), "Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 9 қазандағы № 673 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15986 болып тіркелген) сәйкес елді мекендер шекараларының шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде мемлекеттік бақылау мен қадағалауды және елді мекендер шекараларының шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын тұрғын үй инспекциясына;

      12) нысаналы талаптарға қатысушылар мен нысаналы жинақтарды алушылардың дерекқорын қалыптастыру және ақпараттық жүйеде олардың есебін жүргізу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына;

      13) алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығының қызметі және алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларын болдырмауға бағытталған шараларды іске асыру мақсатында, сондай-ақ клиенттерді қашықтан биометриялық сәйкестендіру қызметтерін көрсету үшін банкаралық ақша аударымдары жүйесінің операциялық орталығына мәліметтерді беру жағдайларын қоспағанда, жария етуге жатпайды.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.07.2024 № 583 және ҚР Әділет министрінің 31.07.2024 № 652 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      11. Заңның 11-бабына сәйкес Ұлттық тiзiлiмде қамтылған, жалпыға қолжетімді болып табылатын ақпараттан басқа, мәліметтер:

      1) уәкiлеттi органның жазбаша рұқсатының негiзiнде сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнiң ақпараттық жүйелер деректерiн өзектiлiк жағдайда ұстау мақсатында тiркеушi органдарға;

      2) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiне сәйкес қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органдарға;

      3) құқық бұзушылықтар үшiн жауаптылық белгiлеу туралы iстердi қарау барысында соттарға;

      4) кредиттік тарих дерекқорын қалыптастыру мақсатында мемлекет қатысатын кредиттік бюроға;

      5) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ақпараттық жүйесінің және электрондық ақпараттық ресурстарының деректерін қалыптастыру мақсатында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына;

      6) "Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бизнес-әріптестер тізілімімен интеграциялауға жататын ақпараттандыру объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № 342 қаулысына сәйкес бизнес-әріптестердің тізілімін құру, жүргізу және пайдалану үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына;

      7) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесін жүргізу мақсатында орталық депозитарийге;

      8) заң көмегін көрсету шеңберінде адвокаттық сұрау салуды жазбаша нысанда немесе заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберу кезінде адвокаттарға;

      9) қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөнінде өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті мемлекеттік органға;

      10) электрондық құжат айналымы шеңберінде электрондық абоненттік пошта жәшіктері бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуі мақсатында Ұлттық пошта операторына;

      11) елді мекендер шекараларының шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде мемлекеттік бақылау мен қадағалауды және елді мекендер шекараларының шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын тұрғын үй инспекциясын қоспағанда, жария етуге жатпайды.

      11. Жалпыға қолжетімді ақпараттан басқа заңды тұлғаға қатысты ақпарат заңды тұлғаның жазбаша келісімінсіз басқа адамға берілмейді.

      12. Ұлттық тізілімде қамтылған заңды тұлғалар туралы мәліметтерді жоғалтуға, сол сияқты олардың қызметтеріне байланысты көрсетілген ақпаратқа қол жеткізетін адамдардың оларды заңсыз өзгертуіне жол берілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады