БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жануарларды карантиндеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 7-1/700 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10223 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарларды карантиндеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Жануарларды карантиндеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жануарларды карантиндеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 46-17) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарларды карантиндеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор (бұдан әрі – дерекқор) – диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көпдеңгейлі жүйесін көздейтін, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асыратын және уәкілетті орган пайдаланатын ветеринариялық есепке алудың бір бөлігі;
2) бақылау аймағы – буфер (қорғаныш) аймағы мен қолайлы аймақ арасында белгіленген аймақ;
3) буфер (қорғаныш) аймағы – жануарлар ауруын қоздырғыштың әкелінуіне жол бермеу мақсатында ветеринариялық іс-шаралар жүргізу арқылы қолайлы аймақта немесе мәртебесі белгіленбеген аймақта жануарлар субпопуляциясының зоосанитариялық мәртебесін қорғау үшін белгіленетін аймақ;
4) жануарды ветеринариялық қарап-тексеру – жануар саулығының жалпы жай-күйін айқындау мақсатында ветеринариялық дәрігер, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор оған жүргізетін клиникалық қарап-тексеру;
5) жануарларды карантиндеу – диагностикалық зерттеулер мен ветеринариялық дауалау жүргізу мақсатында жаңадан келіп түскен, əкелінген, сатып алынған, əкетілетін, орны ауыстырылатын жануарларды оқшаулап ұстау;
6) қолайлы аймақ – жануарлардың жұқпалы ауруларынан ада аймақ;
7) қолайсыз аймақ – жануарлардың жұқпалы аурулары анықталған аймақ.
3. Жеке және заңды тұлғалар осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, диагностикалық зерттеулер және ветеринариялық дауалау жүргізу мақсатында жаңадан келген, әкелінген, сатып алынған, әкетілетін, орны ауыстырылатын жануарларға карантиндеу жүргізеді.
Мыналардан (ға):
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар (бұдан әрі – Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар) сақталған кезде ветеринариялық құжаттар мен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорында олар бойынша мәліметтерді көрсете отырып, жануарларды сою объектілерінде (ет өңдеуші кәсіпорындарда) санитариялық союды жүргізу үшін оларды өткізуді қоспағанда, қолайсыз аймақтан;
2) буферлік (қорғаныш) аймақтан қолайлы аймаққа;
3) қолайсыз аймаққа;
4) вакциналанған қолайлы аймақтан вакциналанбаған қолайлы аймаққа;
5) вакциналанбаған қолайлы аймақтан тиісті ветеринариялық дауалауды жүргізбей вакциналанған қолайлы аймаққа;
6) экспорттаушы елдің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарына сәйкес келмеген кезде жануарларды әкелу, сатып алу, әкету, орнын ауыстыру, келтіру жүзеге асырылмайды.
4. Егер жануарлар:
1) жөнелту пункті мен межелі пункт бойынша мәліметтер ветеринариялық құжаттарда және дерекқорда көрсетіле отырып, олар эпизоотиялық жағынан қолайлы болған жағдайда, республика аумағы бойынша;
2) жөнелту пунктінің және межелі пункт бойынша мәліметтер ветеринариялық құжаттарда және дерекқорда көрсетіле отырып, олардың аумағы бірдей аймақтарға бөлінген кезде республика аумағы бойынша;
3) мәліметтерін ветеринариялық құжаттарда және дерекқорда көрсете отырып, жануарларды кейіннен санитариялық сою үшін жануарларды сою объектілеріне (ет өңдеу кәсіпорындарына) жеткізу кезінде;
4) мәліметтерін ветеринариялық құжаттарда және дерекқорда көрсете отырып, жөнелту пункті эпизоотиялық тұрғыдан қолайлы болған кезде кейін сою үшін қайта келген, әкелінген, сатып алынған, әкетілген, орны ауыстырылған болса, онда жануарларды карантиндеу жүргізілмейді. Жануарларды сою межелі пунктте 72 (жетпіс екі) сағат ішінде жүргізіледі.
5. Үшінші елдерден әкелінетін немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында орны ауыстырылатын, республикадан үшінші елдерге әкетілетін жануарларды карантиндеу ұзақтығы, егер жануарлардың нақты түрі бойынша ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарда өзгеше көзделмесе, кемінде күнтізбелік 21 (жиырма бір) күнді құрайды және ветеринариялық-профилактикалық, диагностикалық зерттеулер мен жануарларды ветеринариялық қарап-тексеруді жүргізуге және аяқтауға байланысты болады.
Үшінші елдерден әкелінетін немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында орны ауыстырылатын, республикадан үшінші елдерге әкетілетін жануарлар, егер жануарлардың нақты түрі бойынша ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарда өзгеше көзделмесе, жөнелтуші елде және алушы елде карантиндеуге қойылады.
6. Республика ішінде түрлі типпен аймақтарға бөлінген (бақылау аймағынан қолайлы аймаққа немесе қолайлы аймақтан бақылау аймағына немесе буферлік (қорғау) аймақтан бақылау аймағына немесе бақылау аймағынан буферлік (қорғау) аймаққа немесе вакциналанбаған қолайлы аймақтан вакциналанған қолайлы аймаққа) эпизоотиялық тұрғыдан қолайлы әкімшілік-аумақтық бірліктерден (ке) жаңадан келген, әкелінген, сатып алынған, әкетілетін, орны ауыстырылатын жануарларды карантиндеу ұзақтығы кемінде күнтізбелік 7 (жеті) күнді құрайды.
Республика ішінде түрлі типпен аймақтарға бөлінген эпизоотиялық тұрғыдан қолайлы әкімшілік-аумақтық бірліктен (ке) (бақылау аймағынан қолайлы аймаққа немесе қолайлы аймақтан бақылау аймағына немесе буферлік (қорғау) аймақтан бақылау аймағына немесе бақылау аймағынан буферлік (қорғау) аймаққа немесе вакциналанбаған қолайлы аймақтан вакциналанған қолайлы аймаққа) орны ауыстырылатын жануарлар, егер жануарлардың нақты түрі бойынша ветеринариялық-санитариялық талаптарда өзгеше көзделмесе, жөнелтушінің шаруашылық субъектісінде карантинделеді.
7. Республика ішінде вакциналанбайтын қолайлы аймақтан вакциналанатын қолайлы аймаққа жануарлардың орны ауыстырылған жағдайда, жануарларды вакциналау межелі пункте жүзеге асырылады.
8. Карантиндеу кезеңінде жануарлар ауырған және/немесе ауру жануарлар анықталған және/немесе жануарлардың саулығы қанағаттанарлықсыз болған жағдайда (температураның жоғарылауы, қатты сілекей ағуы, депрессия, жиі тыныс алу, сынықтар, жарақаттар, диарея, аяқ-қолдардың салдануы), жануарларды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге және республика ішінде орнын ауыстыруға жол берілмейді.
Карантиндеу кезеңінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген) бекітілген Жануарларды, жануарлар мен адам денсаулығына қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қою және жою жүргізілетін жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне енгізілген жануарлардың аса қауіпті аурулары анықталған кезде барлық карантинделетін жануарларды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге және республика ішінде орын ауыстыруға жол берілмейді.
Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторы, мемлекеттік ветеринариялық дәрігері осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген жануарларға қатысты ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға сәйкес ветеринариялық іс-шаралар жүргізеді.
Егер жөнелтуші елінде (үшінші елдер немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер) немесе межелі пунктте республика ішінде түрлі типпен аймақтарға бөлінген эпизоотиялық тұрғыдан қолайлы әкімшілік-аумақтық бірліктен (ке) (бақылау аймағынан қолайлы аймаққа немесе қолайлы аймақтан бақылау аймағына немесе буферлік (қорғау) аймақтан бақылау аймағына немесе бақылау аймағынан буферлік (қорғау) аймаққа немесе вакциналанбаған қолайлы аймақтан вакциналанған қолайлы аймаққа) диагностикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша жануарларда оң (серологиялық, аллергиялық және басқа зерттеулер) реакциялар анықталса, онда ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) карантинделетін жануарлардың немесе осындай реакциялар белгіленген карантинделетін жануарлардың барлық партиясын әкелуден бас тартады.
Үшінші елдерден немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден әкелінген жануарларды карантиндеу кезеңінде жануарлардың ауруы және/немесе ауру жануарлар анықталған кезде оларды карантиндеу мерзімдерін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы эпизоотиялық жағдайды анықтау және түпкілікті диагнозды белгілеу бойынша қосымша диагностикалық зерттеулер жүргізу үшін қажетті кезеңге тиісінше ұзартады. Егер жануарларда диагностикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша оң (серологиялық, аллергиялық және басқа да зерттеулер) реакциялар анықталса, ведомство мұндай жануарларды республикадан тыс жерлерге (Еуразиялық экономикалық аймаққа мүше мемлекеттерге немесе үшінші елдерге) әкету мүмкін болмаған жағдайда, карантинделетін жануарлардың немесе осындай реакциялар белгіленген карантинделетін жануарлардың барлық партиясын әкелуден бас тартады. Мұндай жануарларды республикадан тыс жерлерге (үшінші елдерге немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге) әкету мүмкін болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/ 559 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген) бекітілген Жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай міндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу қағидаларына сәйкес кәдеге жаратылады немесе жойылады.
9. Жануарларды карантиндеу кезеңінде жануарлар шаруашылық субъектісіндегі малдан бөлек күтіп-бағылады және жануарларды карантиндеу кезеңі аяқталғанға дейін басқа жануарлармен тікелей немесе жанама байланыста болуына жол бермеу шаралары қабылданады.
2-тарау. Жануарларды карантиндеу тәртібі
10. Жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – өтініш беруші) жануарларды жоспарланатын әкелгенге, сатып алғанға, өткізгенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей ведомствоның аумақтық бөлімшесінің (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) кеңсесі арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Өтініш беруші жануарларды әкету жоспарланғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей аумақтық бөлімшеге дерекқор арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Өтініш беруші жіберілген өтінішті кері қайтарып алу үшін аумақтық бөлімшенің кеңсесі арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайтарып алуға арналған өтінішті не дерекқор арқылы кері қайтарып алу себептерін көрсете отырып, оны кері қайтарып алады (өтінішке электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылғаннан кейін, дерекқорда өтінішке "Кері қайтарып алынды" деген мәртебе беріледі).
11. Аумақтық бөлімше кеңсесінің қызметкері өтініш келіп түскен күні оны қабылдайды және тіркейді және жауапты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторды тағайындайтын аумақтық бөлімшенің басшысына жолдайды.
Өтініш беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш келесі жұмыс күні қабылданады.
Аумақтық бөлімшенің кеңсесінде қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесінде өтініштің күні, нөмірі, уақыты (сағат, минут), қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, лауазымы көрсетілген тіркеу белгісі болып табылады.
Өтініш беруші дерекқор арқылы жүгінген жағдайда, "жеке кабинетте" нөмірді беру арқылы өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі. Өтініштің дерекқор арқылы келіп түскені туралы хабарлама бір мезгілде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшесінің (бұдан әрі – ЖАО бөлімшесі) басшысына келіп түседі.
Өтініш нөмірі әріптік және цифрлық символдардан тұрады (символдар сызықшамен бөлінеді), оның ішінде:
алғашқы екі символ – ҚР ҰҚ ISO 3166-1 "Елдердің атаулары мен олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары" Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес Қазақстан Республикасының литерлік коды;
үшінші символдан он бірінші символға дейін – Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне (ӘАОЖ) сәйкес облыстың, ауданның, ауылдық округтің коды;
он екінші символ – жануарларға карантиндеу жүргізілетін ауыл шаруашылығы жануарының цифрлық коды;
он үшінші символ – әліпби әріптері;
он төртінші және он бесінші символдар – құжаттың реттік нөмірі (егер реттік нөмір аяқталса, онда ол әліпби бойынша келесі әріпке өзгереді);
он алтыншы символ – өтініштің "Z" латын әрпі.
Жануарларға карантиндеу жүргізілетін ауыл шаруашылығы жануарларының цифрлық коды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына (бұдан әрі – Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидалары) 1-қосымшаға сәйкес енгізіледі.
12. Жауапты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініштің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.
Өтінім осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, ол өтініш берушіге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәжді бас тарту жолдайды.
Осы Қағидалардың 9-тармағының талаптары сақталмаған кезде жануарларды карантиндеу тоқтатылады, ал өтініш берушіге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәжді бас тарту жолданады.
Уәжді бас тарту өтініш берушіге аумақтық бөлімшенің кеңсесі арқылы (аумақтық бөлімшенің кеңсесіне жүгінген жағдайда) не дерекқор арқылы (дерекқор арқылы жүгінген жағдайда) аумақтық бөлімше басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
13. Өтініш осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген кезде аумақтық бөлімше өтініш тіркелген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарларды карантиндеу жоспарын әзірлейді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде жануарларды карантиндеу жоспарын ЖАО бөлімшесінің басшысымен келісілгеннен кейін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы бекітеді.
Жануарларды карантиндеу жоспарының нөмірі әріптік және цифрлық символдардан тұрады (символдар сызықшамен бөлінеді), олар мыналардан тұрады:
бірінші символдан он бесінші символға дейін – осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес берілген бірінші символдан он бесінші символға дейін өтініштің нөмірі;
он алтыншы символ – жануарларды карантиндеу жоспарының "Р" латын әрпі.
Жануарлардың келуі, әкелінуі, сатып алынуы, орнын ауыстыру кезінде жануарларды карантиндеу жоспары қағаз форматта әзірленеді, келісіледі және бекітіледі. Жануарларды карантиндеу жоспарының күні мен нөмірі эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін есепке алу және беру журналына енгізіледі.
Жануарларды әкету кезінде жануарларды карантиндеу жоспары дерекқорда электрондық форматта әзірленеді, келісіледі және бекітіледі. Жануарларды карантиндеу жоспарының күні мен нөмірі дерекқорда автоматты түрде жасалады.
Жануарларды карантиндеу жоспарының көшірмесі өтініш берушіге ол бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімшенің кеңсесі арқылы (аумақтық бөлімшенің кеңсесі арқылы жүгінген жағдайда) не ол бекітілгеннен кейін автоматты түрде дерекқор арқылы (дерекқор арқылы жүгінген жағдайда) жіберіледі.
14. Жануарларды карантиндеу жоспарында әкелінетін жануарларды карантиндеуге қоюдың ұзақтығы мен шарттары, диагностикалық зерттеулерге, ветеринариялық емдеуге жататын жануарлар ауруларының тізбесі, олардың жүргізілген күні, вакциналау мерзімдері, ветеринариялық іс-шараларды, оның ішінде жануарлар ауруына, ауру жануарға күдіктенген кездегі шараларды жүргізуге жауапты адамдар.
Жануарларды карантиндеу кезеңінде диагностикалық зерттеулер жүргізуді жоспарлау кезінде диагностикалық зерттеулердің анық емес нәтижелерін алуды болдырмау мақсатында бұрын жүргізілген ветеринариялық өңдеулер, жануарларды вакциналау туралы мәліметтер, аумақты аймақтарға бөлу және міндетті диагностикалық зерттеулер ескеріледі.
Жануарлар келіп түскен, әкелінген, сатып алынған, орны ауыстырылған кезде ірі қара малды бруцеллезге және туберкулезге, ұсақ малды, түйе мен шошқаны бруцеллезге, жылқыларды маңқаға, киеңкіге, есек пен қашырды маңқаға міндетті диагностикалық тексерулер, асыл тұқымды жануарларды паратуберкулезге, трихомонозға (Trichomonasfetus), бұқаларға арналған кампилобактериозға (Campylobacter fetusvenerealis), хламидиозға, лептоспирозға (егер вакциналанбаған болса немесе профилактикалық мақсатта дегидрострептомицинмен немесе эквивалентті әсер беретін заттармен өңделмеген болса), инфекциялық ринотрахеит және ірі қара малдық вирустық диареясына (егер жануарлар алдын ала вакциналанбаған болса) қосымша зерттеулер туралы мәліметтер ескеріледі. Үшінші елдерден немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден әкелінген жануарларды карантиндеу кезеңінде диагностикалық зерттеулер жүргізуді жоспарлау кезінде межелі пунктте Шмалленберг ауруына мониторингтік диагностикалық зерттеулер жүргізу ескеріледі. Егер алушы елдің аумағында жануарлардың басқа ауруларының профилактикасы және/немесе жойылуы бойынша бағдарламалар жүргізілсе ғана, осы ауруларға зерттеулер жүргізіледі.
Жануарларды әкету кезінде ірі қара малды бруцеллезге және туберкулезге, ұсақ малды, түйелер мен шошқаларды бруцеллезге, жылқыларды маңқаға, киеңкіге, есек пен қашырды маңқаға міндетті диагностикалық зерттеулер, сондай-ақ экспорттаушы елдің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарын ескере отырып жоспарланады.
15. Үшінші елдерден әкелінген немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында орны ауыстырылатын жануарларды карантиндеу кезеңінде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар "Еуразиялық экономикалық одақта ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды қолдану туралы" Еуразиялық экономикалық одақ комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 94 шешімімен бекітілген Объектілерге бірлескен тексерулер жүргізу және ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардың (өнімдердің) сынамаларын іріктеудің бірыңғай тәртібі туралы ережені сақтай отырып жүзеге асырылады.
Жануарларға диагностикалық зерттеулер мен ветеринариялық емдеу карантиндеуге қойылған жануарлармен бірге келген ветеринариялық сертификатта және осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген ауруларға қарсы жүргізіледі.
Жануарларды үшінші елдерге әкеткен кезде оларды карантиндеу кезеңінде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар экспорттаушы елдің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптары сақтай отырып, жүргізіледі.
Республика ішінде жануарлардың орнын ауыстыру кезінде оларды карантиндеу кезеңінде жүргізілетін ветеринариялық іс-шараларды эпизоотиялық жағдайға және жануарлардың келетін (әкелінетін) орны бойынша және осы Қағидалардың 14-тармағы ескеріле отырып, нақты нозологиялық бірлік үшін жүргізілетін ветеринариялық іс-шараларға байланысты аумағына жануарларды әкелу (орнын ауыстыру) жоспарланатын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумақтық бөлімшесі айқындайды.
Қосымша диагностикалық зерттеулер мен ветеринариялық өңдеулерді (вакциналауды қоса алғанда) жүргізуге алушы елдің не алушы-шаруашылық жүргізуші субъектінің сұранымы бойынша не жануарларды карантиндеу кезеңіңде оларда клиникалық белгілерімен аса қауіпті ауруларға күдік туындаған кезде жол беріледі.
16. Жануарларды карантиндеу кезеңінде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар жануарларды карантиндеу жоспарына сәйкес жүргізіледі.
17. Жануарларды карантиндеу кезеңінде мыналар жүргізіледі:
1) жануарларды ветеринариялық қарап-тексеру, жануарлардың термометриясы;
2) жануарларды карантиндеу жоспарында айқындалған жануарлар ауруларына қарсы ветеринариялық емдеу және диагностикалық зерттеулер.
Карантиндеуге қойылған жануарлар туралы ақпарат "Ветеринариялық есепке алу және есептілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 16-07/114 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9342 болып тіркелген) бекітілген нысандар бойынша ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды есепке алу журналына және жануарлар ауруларын есепке алу журналына (ауру тіркелген жағдайда) енгізіледі.
Карантинделетін жануарлар, карантиндеу кезеңінде жүргізілген ветеринариялық іс-шаралар және олардың нәтижелері туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6321 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірме беру қағидаларына сәйкес дерекқорға енгізіледі.
18. Диагностикалық зерттеулерді мемлекеттік монополияға жатқызылған функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық ұйым жүргізеді. Жануарларды ветеринариялық өңдеуді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйым (бұдан әрі – ЖАО-ның ветеринариялық ұйымы) жүргізеді.
Жануарларды карантиндеу кезінде диагностикалық зерттеулер мен ветеринариялық өңдеулер жүргізу Заңның 35-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің меншік иелері есебінен жүзеге асырылады.
19. Егер жөнелтуші елдің немесе жөнелтуші шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағындағы зерттеулер барысында диагностикалық зерттеулердің оң немесе күмәнді нәтижелері алынса, онда бұл туралы алушы елдің ветеринария саласындағы уәкілетті органы немесе алушы шаруашылық жүргізуші субъектінің орналасқан жері бойынша аумақтық бөлімшесі дереу хабардар етіледі. Егер алушы елдің немесе алушы шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағындағы зерттеу барысында диагностикалық зерттеулердің оң немесе күмәнді нәтижелері алынса, онда бұл туралы жөнелтуші елдің ветеринария саласындағы уәкілетті органы немесе жөнелтуші шаруашылық жүргізуші субъектінің орналасқан жері бойынша аумақтық бөлімше дереу хабардар етіледі.
20. Карантиндеу нәтижелері бойынша диагностикалық зерттеулердің нәтижелерін ескере отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы эпизоотологиялық зерттеу жүргізеді және 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін жасайды, оған мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор және ЖАО-ның ветеринариялық ұйымының ветеринария саласындағы маманы қол қояды.
Эпизоотиялық зерттеп-қарау актісінің нөмірі әріптік және цифрлық символдардан тұрады (символдар сызықшамен бөлінеді):
бірінші символдан он бесінші символға дейін – осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес берілген бірінші символдан он бесінші символға дейін өтініштің нөмірі;
он алтыншы символ – эпизоотиялық зерттеп-қарау актісінің "А" латын әрпі.
Жануарлар келген, әкелінген, сатып алынған немесе орны ауыстырылған кезде эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісі қағаз форматта жасалады және қол қойылады. Эпизоотиялық зерттеп-қарау актісінің күні мен нөмірі эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін есепке алу және беру журналына енгізіледі.
Жануарларды әкету кезінде эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісі дерекқорда электрондық форматта қалыптастырылады. Эпизоотиялық зерттеп-қарау актісінің күні мен нөмірі дерекқорда автоматты түрде қалыптастырылады.
Эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісі өтініш берушіге қол қойылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімшенің кеңсесі (аумақтық бөлімшенің кеңсесіне жүгінген жағдайда) немесе дерекқор арқылы (дерекқор арқылы жүгінген жағдайда) жіберіледі.
21. Эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісі оған қол қойылған күннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн бойы жарамды болады.
22. Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге жаңадан әкетілген, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге және республика ішінде орны ауыстырылған, карантиндеу кезеңі аяқталған жануарлар олар әкетілгенге, орны ауыстырылғанға дейін шаруашылық жүргізуші субъектідегі мал басынан бөлек күтіп-бағылады және басқа жануарлармен тікелей немесе жанама байланысты болдырмау шаралары қабылданады.
23. Жануарларды карантиндеу осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген эпизоотиялық зерттеп-қарау актісінің қолданылу мерзімі аяқталған және/немесе осы Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген талаптар сақталмаған жағдайда, осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен қайталап жүргізіледі.
24. Карантиндеуден кейін импортталған жануарлар туралы деректер Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына сәйкес ветеринариялық паспортты бере отырып, дерекқорға енгізіледі.
Шыққан елінде бірдейлендірілген импортталған ауыл шаруашылығы жануарлары шыққан елінде берілген жеке нөмірлерін сақтап қалады.
Жануарларды карантиндеу қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Кімге______________________ _________________________ (ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы аумақтық бөлімшесінің атауы) кімнен ______________________ ___________________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі/заңды тұлғаның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі)) Мекенжайы _________________ ________________________ Өтініш нөмірі: __________ |
Өтініш
____________________________________________________________________
(жануарлар саны)
жануарды карантиндеуді сұраймын.
Ауыл шаруашылығы жануар(лар)ының жеке нөмір(лер)і:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері
ауыл шаруашылығы жануар(лар)ы туралы мәліметтерді (түрі, жасы (туған күні),
тұқымы, жынысы) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі
дерекқордан алады.
Өндіріс объектісінің есепке алу нөмірі және қызмет түрі
_________________________________________________________________
Өндіріс объектісінің мекенжайы ___________________________________
_______________________________________________________________
Экспорттаушы ел (әкету кезінде)___________________________________
Импорттаушы ел (әкелу кезінде)____________________________________
Жөнелтуші шаруашылық жүргізуші субъектінің атауы, әкімшілік-аумақтық бірлік
(келген, сатып алған кезде)________________________________________
Алушы шаруашылық жүргізуші субъектінің атауы, әкімшілік-аумақтық бірлік
(республика аумағында жануарлардың орны ауыстырылған кезінде)
_____________________________________________________________________
Жоспарланған келу, әкелу, әкету, сатып алу, орнын ауыстыру күні 20 жылғы " "
Байланыс телефондары___________________________________________
Электрондық мекенжайы _________________________________________
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы
хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға,
сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға
келісім беремін.
Өтініш беруші немесе оның өкілі ______________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы /электрондық цифрлық қолтаңбасы)
Күні: 20 жылғы " "
Жануарларды карантиндеу қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Кімге______________________ _________________________ (ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы аумақтық бөлімшесінің атауы) кімнен _____________________ ___________________________ ((жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі/заңды тұлғаның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі)) Мекенжайы _________________ ________________________ Өтініш нөмірі: __________ |
Кері қайтарып алуға арналған өтініш
20 жылғы "___" № өтінішті қараусыз қалдыруды сұраймын, себебі
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.
Өтініш беруші немесе оның өкілі________________________________________
____________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы)
Күні: 20 жылғы " "
Жануарларды карантиндеу қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
Уәжді бас тарту
Берілген күні _________________________________________________________
Өтініш берушінің деректері_____________________________________________
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі / заңды
тұлғаның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі)
Тіркеу орны __________________________________________________________
(облыс, аудан, қала/елді мекен)
Бас тарту себебі ______________________________________________________
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор ____________________
(әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы)
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі,
қолы /электрондық цифрлық қолтаңбасы)
Күні: 20 жылғы " "
Жануарларды карантиндеу қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Келісілді |
Бекітілді |
Жануарларды карантиндеу жоспары
20 жылғы " " №
1. | Шаруашылық субъектісі туралы мәліметтер: | |||
1.1 |
Иесі/ Атауы/ Жеке сәйкестендіру нөмірі / Бизнес сәйкестендіру нөмірі / | |||
1.2 | Әкімшілік-аумақтық бірлік (КАТО) | |||
1.3 | Жануарларды карантиндеудің басталған күні | |||
1.4 | Экспорттаушы ел (әкету кезінде) | |||
1.5 | Импорттаушы ел (әкелу кезінде) | |||
1.6 | Жөнелтуші шаруашылық жүргізуші субъектінің атауы, әкімшілік-аумақтық бірлік (келген, сатып алған кезінде) | |||
1.7 | Алушы шаруашылық жүргізуші субъектінің атауы, әкімшілік-аумақтық бірлік (жануарларды республика аумағы бойынша өткізу кезінде) | |||
2. Ветеринариялық іс-шаралар: | ||||
Р/с № |
Іс-шаралар | Жауапты орындаушылар | Орындау мерзімі | |
2.1 |
Ветеринариялық-профилактикалық іс- | |||
2.2 | Диагностикалық зерттеулер: |
Жануарларды карантиндеу жоспарына қосымша № 20 жылғы "___" _______ |
Нысан
Карантинделетін ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтер
Р/с № | Жануарларды бірдейлендіру нөмірі | Жануар түрі | Жасы (туылған күні) | Тұқымы | Жынысы |
1 | |||||
2 | |||||
3 |
Жануарларды карантиндеу қағидаларына 5-қосымша |
1-нысан
Эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісі
20 жылғы "___" _______
____________________________________________________________________
(шаруашылық жүргізуші субъектінің атауы және оның мекенжайы)
Мен_________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(эпизоотологиялық зерттеп-қарау жүргізген адамның аты, әкесінің аты (бар болса),
тегі, лауазымы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(эпизоотологиялық зерттеп-қарау объектісінің атауы, мекенжайы)
келген, әкелінген, сатып алынған, орны ауыстырылған жануарларға эпизоотологиялық
зерттеп-қарау жүргіздім (керегінің асты сызылады)
Бұл ретте, мыналар анықталды:
Жануарды сатып алу кезеңі (әкелу, шаруашылық субъектісіне келтіру)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(күні, айы, жылы)
Жануарларды карантиндеудің басталуы ________________________________________
(күні, айы, жылы)
Жануарларды карантиндеудің аяқталуы _________________________________
(күні, айы, жылы)
Шаруашылықтың сипаттамасы (мамандануы, өсірілетін жануарлардың түрлері)
_____________________________________________________________________
Сәйкестендіру нөмірлері көрсетілген, түрі мен жасына қарай топтарға бөлініп
карантиндеуге қойылған жануарлардың саны:
№ | Жануардың бірдейлендіру нөмірі | Жануар түрі | Жасы (туылған күні) | Тұқымы | Жынысы |
1 | |||||
2 | |||||
3 |
Жануарлар қайдан әкелінді ____________________________________________
____________________________________________________________________
Карантиндеуде тұрған жануарларды шаруашылық субъектісінде бар жануарлар
басынан бөлек күтіп-бағудың өзгешелігі
____________________________________________________________________
Жануарларды азықтандыру _____________________________________________
Суат сипаттамасы _____________________________________________________
____________________________________________________________________
Жайылымдар сипаттамасы _____________________________________________
Ағынды судың зарарсыздандырылуы ____________________________________
Көң қоймасы мен көңді жинау __________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Азықты дайындау және сақтау шарттары __________________________________
______________________________________________________________________
Жануарлардан алынатын өнімді өткізу, залалсыздандыру шарттары
______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Басқа да шаруашылық байланыстар (үлкен жүретін және айдайтын жолдардан,
елді мекендерден, ішкі сауда объектілерінен, қоқыс үйінділерінен, ет өңдеу
кәсіпорындарынан, ет-сүйек ұнын жасайтын зауыттардан ара қашықтығы)
_______________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Жануарларға азық жеткізу және қамтамасыз ету
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Жануарларды карантиндеуге қойғанға дейін жүргізілген олардың диагностикалық зерттеулері
__________________________________________________________________________
(аурудың атауы, өткізілген күні және нәтижелері)
__________________________________________________________________________
Жануарларды карантинтеуге қойғанға дейін жүргізілген олардың өңдеуі ____________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(аурудың атауы, өткізілген күні, препараттың түрі, вакцина, қолдану тәсілі)
Жануарларға арналған құрылысжайлардың тұрғын үйлерден қашықтығы және бөгде
адамдардың кіруінен қоршау тәсілдері _________________________________________
__________________________________________________________________________
Бөгде адамдар шаруашылық субъектісіне қаншалықты жиі келеді
__________________________________________________________________________
Шаруашылық субъектісінде қараусыз иттер мен мысықтардың бар-жоғы
__________________________________________________________________________
Шаруашылық жүргізу субъектісінің ветеринариялық-санитариялық сипаттамасы
__________________________________________________________________________
Ветеринария саласындағы мамандардың саны
__________________________________________________________________________
Ветеринариялық персоналды арнайы жұмыс киімімен, шаруашылықты
дезинфекциялау құралдарымен, ветеринариялық препараттармен қамтамасыз ету
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Оларды сақтау шарттары ____________________________________________________
Басқа ветеринариялық-санитариялық объектілердің (санитариялық өткізу пунктері,
дезинфекциялық кедергілер, өткізу алаңдары) бар-жоғы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Жануарларға арналған қора-жайлар сипаттамасы
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
Көңкетіру механизмдерінің, жылу тасығыштардың, ағынды-сорғылы желдету
жүйесінің жұмысы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Шаруашылық объектісінің қызмет көрсетуші персоналмен жинақталуы _____________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Жануарларды тазалау, жуындыру және серуендету қалай өтеді ____________________
__________________________________________________________________________
Тышқан тәріздес кеміргіштердің бар-жоғы және олармен күресу шаралары
__________________________________________________________________________
Шаруашылық субъектісінің эпизоотикалық ахуалы
__________________________________________________________________________
Карантиндеу кезеңінде жүргізілген жануарлардың диагностикалық зерттеулері
(аурудың атауы, жүргізілген күні және нәтижелері) және ветеринариялық-
профилактикалық іс-шаралар (иммундау түрі, аурудың атауы, жүргізілген күні):
№ |
Жануарлардың |
Жануар | Жануарлардың диагностикалық зерттеулері | Профилактикалық іс-шаралар (вакциналау) | ||||||
Зерттеу түрі | Ауру атауы | Зерттеу жүргізілген күн | Нәтижесі | Иммундау түрі | Ауру атауы | Вакциналау жүргізілген күн | ||||
1 | ||||||||||
2 |
Жануарларды ветеринариялық қарап-тексеру
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Жануарларды карантиндеу жоспарына сәйкес өткізілген ветеринариялық
іс- шараларды сипаттау _______________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
______________________________
Қосымша ақпарат (ауру белгілері бар жануарлар, ауру жануарлар анықталған кезде)
_______________________________________________________________
Қорытынды
Жүргізілген эпизоотияға қарсы және профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін
бағалау _______________________________________________________________
______________________________________________________________________
Жануарларды карантиндеу нәтижелері (аяқтау, ұзарту) _______________________
______________________________________________________________________
Жануарларды карантиндеу кезеңін ұзарту себептері мен мерзімдері (жағдайлар
туындағанкезде)________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Қосымша ұсынылған эпизоотияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор _________________________
(әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы)
қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Ветеринария саласындағы маман ___________________________________________
(әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы) (қолы, аты,
әкесінің аты (бар болса), тегі)
2-нысан
Эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісі
20 жылғы "__" _____№
__________________________________________________________________________
(шаруашылық субъектісінің атауы және оның мекенжайы)
Мен ______________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(эпизоотиялық зерттеп-қарау жүргізген адамның аты, әкесінің аты (бар болса),
тегі, лауазымы)
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(елдің атауы)
әкетілетін жануарларға эпизоотологиялық зерттеп-қарау жүргіздім (керегінің асты сызылады)
Бұл ретте, мыналар анықталды:
Жануарларды карантиндеудің басталуы ________________________________________
(күні, айы, жылы)
Жануарларды карантиндеудің аяқталуы __________________________________
(күні, айы, жылы)
Шаруашылықтың сипаттамасы (бордақылау алаңын, шаруа қожалығын, фермер
қожалығын, ауыл шаруашылығы кәсіпорнын көрсету) ___________________________
Сәйкестендіру нөмірлері көрсетілген, түрі мен жасына қарай топтарға бөлініп
карантиндеуге қойылған жануарлардың саны:
№ | Жануарлардың бірдейлендіру нөмірі | Жануар түрі | Жасы (туылған күні) | Тұқымы | Жынысы |
1 | |||||
2 | |||||
3 |
____________________________________________________________________
Карантиндеуде тұрған жануарларды шаруашылық субъектісінде бар жануарлар
басынан бөлек күтіп-бағудың өзгешелігі __________________________________
____________________________________________________________________
Карантиндеу кезеңінде жүргізілген жануарлардың диагностикалық зерттеулері
(аурудың атауы, өткізілген күні және нәтижелері) және ветеринариялық-
профилактикалық іс-шаралар (иммундау түрі, аурудың атауы, жүргізілген күні):
№ | Жануарлардың бірдейлендіру нөмірі |
Жануар | Жануарлардың диагностикалық зерттеулері | Профилактикалық іс-шаралар (вакциналау) | ||||||
Зерттеу түрі | Ауру атауы | Зерттеулер жүргізілген күні | Нәтижесі | Иммундау түрі | Ауру атауы | Вакциналау жүргізілген күн | ||||
1 | ||||||||||
2 |
Жануарларды ветеринариялық қарап-тексеру
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Қорытынды
Карантиндеу нәтижелері ___________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор _________________________
(әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы)
(электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты,
әкесінің аты (бар болса), тегі)
Ветеринария саласындағы маман _______________________________________
(әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы)
(электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты,
әкесінің аты (бар болса), тегі)