БҰЙЫРАМЫН:
1. "Азаматтық қорғау органдарында конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдар тізбесін және Азаматтық қорғау органдарында жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттары мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 30 шілдедегі № 367 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23829 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау органдарында конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдар тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау органдарында жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттары мен қағидаларында:
10-тармақ алып тасталсын;
12-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Өтінішке:
1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) кадр қызметі растаған қызметтік тізім (еркін нысанда);
3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
5) тиісті құқық қорғау органының уәкілетті қызметі куәландырған жұмыстағы негізгі көрсеткіштерді және шынайы жетістіктерді айқындайтын қызметтік жұмыс нәтижелерімен бірге қызметкердің қызметтік мінездемесі (еркін нысанда);
6) тиісті құқық қорғау органының кадр қызметі растаған, басшылық құрам қатарынан қызметкерлердің ұсынымдары (еркін нысанда);
7) құқық қорғау органының кадр қызметі растаған тәртіптік жазаларының болуы немесе болмауы туралы анықтама (еркін нысанда);
8) тиісті құқық қорғау органының уәкілетті қызметі растаған кәсіби даярлығының деңгейін жыл сайын қорытынды тексеру анықтамасы (еркін нысанда);
9) құқық қорғау органының кадр қызметі растаған құқық қорғау органы қызметкерінің бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші (цифрлық рейтинг) (болған жағдайда).".
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр және тәрбие жұмысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
Ч. Аринов |
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі 2025 жылғы 28 наурыздағы № 109 Бұйрыққа қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 30 шілдедегі № 367 бұйрығына 1-қосымша |
Азаматтық қорғау органдарында конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдар тізбесі
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Төтенше жағдайлар департаментінің Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімінің бастығы.