"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 1-1-тармағына, 84-бабының бесінші бөлігіне, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 167) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Азаматтық қорғау органдарында конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдар тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Азаматтық қорғау органдарында жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттары мен қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаментіне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі |
Ю. Ильин |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі 2021 жылғы 30 шілдедегі № 367 1-қосымша |
Азаматтық қорғау органдарында конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдар тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі – ТЖМ ТЖД), ТЖМ ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімінің бастығы.
2. ТЖМ ТЖД, ТЖМ ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімшесінің бастығы.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы " " № бұйрығына 2-қосымша |
Азаматтық қорғау органдарында жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттары мен қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Азаматтық қорғау органдарында жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттары мен қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 33-бабының 1-1-тармағына, 84-бабының бесінші бөлігіне, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 167) тармақшасына сәйкес әзірленді және азаматтық қорғау органдарында (бұдан әрі - АҚО) жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттары мен тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.12.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Азаматтық қорғау органдарында жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс (бұдан әрі – конкурс) Азаматтық қорғау органдарында конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдар тізбесіне сәйкес бос лауазымдарға өткізіледі.
3. Осы Қағидалардың күші "азаматтық қорғау" арнаулы атағы берілетін АҚО-ның бос лауазымдарына қатысты қолданылады.
2-тарау. Азаматтық қорғау органдарында жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттары мен қағидалары
4. Конкурс өткізуді дайындау мен ұйымдастыру АҚО-ның кадр қызметтеріне жүктеледі.
5. Конкурс мынадай түрлерден тұрады:
1) АҚО қызметкерлері арасында конкурс (бұдан әрі – ішкі конкурс);
2) басқа құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында конкурс (бұдан әрі – ведомствоаралық конкурс).
6. АҚО жоғары тұрған бос басшы лауазымдарға кандидаттарды іріктеудің негізгі өлшемшарты Заңның 29-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілетін АҚО лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сәйкес келуі, кандидаттың қызметтік жұмысының нәтижелері болып табылады.
1-параграф. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері арасында конкурс өткізу шарттары мен тәртібі
7. Ішкі конкурс бірқатар бірізді кезеңдерді қамтиды:
1) ішкі конкурсты өткізу туралы хабарлама жариялау;
2) конкурстық комиссияны қалыптастыру (бұдан әрі – комиссия);
3) ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген АҚО қызметкерлерінен құжаттар қабылдау және оларды кадр қызметі қызметкерлерінің лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуін алдын ала қарауы;
4) конкурстық комиссия кандидаттармен өткізетін әңгімелесу;
5) конкурстық комиссияның шешімі.
8. Ішкі конкурсты өткізу туралы хабарлама ішкі конкурс жариялаған АҚО интернет-ресурсында жарияланады.
9. Ішкі конкурсты өткізу туралы хабарлама мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) орналасқан орнын, пошталық мекенжайын, телефон және факс нөмірлерін, электрондық пошта мекенжайларын көрсете отырып, ішкі конкурс өткізетін мемлекеттік органның атауы;
2) негізгі функционалдық міндеттерді, еңбекақы мөлшері мен жағдайын белгілей отырып, бос лауазымдардың атауы;
3) біліктілік талаптарына сәйкес мемлекеттік орган айқындайтын конкурстың қатысушысына қойылатын негізгі талаптар;
4) ішкі конкурсты өткізу туралы хабарлама жариялағаннан кейін келесі жұмыс күнінен есептелетін құжаттарды қабылдау мерзімі;
5) осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың тізбесі;
6) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі - өтініш).
10. Ішкі конкурс АҚО қызметкерлері қатарынан жүргізіледі, бұл ретте жоғары тұрған басшы лауазымына кадрлық резервте тұрған кандидаттарға басымдық беріледі.
11. Конкурсқа қатысу үшін хабарлама жарияланған күнінен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей кандидат конкурс жариялаған АҚО-ның кадр қызметіне өтініш береді.
12. Өтінішке:
1) жұмыстағы негізгі көрсеткіштер мен шынайы жетістіктерді айқындайтын қызметтік жұмыстың нәтижелерімен бірге қызметтік мінездеме (еркін нысанда);
2) басшы құрам қатарынан қызметкерлердің ұсынымдары (еркін нысанда);
3) АҚО кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығын өткізетін қызмет растаған қызметкердің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығының деңгейін жыл сайын қорытынды тексеру анықтамасы (еркін нысанда);
4) АҚО кадр қызметі басшысымен куәландырылған кадр резервіне қою туралы бұйрықтан үзінді (бар болған жағдайда) қоса беріледі
13. Осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған және/немесе осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген мерзімдерді бұзумен ұсынылған жағдайда кандидат конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
14. Кандидаттардың біліктілік талаптарына сәйкес келуіне құжаттарды қарау және зерделеу құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
15. Әңгімелесу өткізу күні мен уақыты туралы кандидатқа оны өткізгенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабарланады. Хабарлама телефон арқылы электрондық мекенжайға және мобильді телефонға ақпарат жолдау арқылы жүзеге асырылады.
16. Ішкі конкурс жариялаған АҚО бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарды іріктеуді жүзеге асыруға конкурстық комиссияны қалыптастырады.
17. Конкурстық комиссия конкурс жариялаған АҚО басшысының бұйрығымен құрылады.
18. Комиссия мүшелерінің саны тақ болады және төрағаны қосақанда кемінде бес адамды құрайды.
Конкурстық комиссияның хатшысы (кадр қызметінің өкілі) оның жұмысының ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады, оның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды.
19. АҚО басшысының кадр қызметіне жетекшілік ететін орынбасары конкурстық комиссияның төрағасы болып тағайындалады.
20. Конкурстық комиссияның құрамына конкурс өткізетін кадр, заң қызметтерінің және бос лауазымға конкурс өткізілетін құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері енгізіледі.
2-параграф. Басқа құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында ведомствоаралық конкурс өткізу шарттары мен тәртібі
21. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған ішкі конкурсқа қатысушылар болмаған жағдайда ведомствоаралық конкурс өткізіледі.
22. Ведомствоаралық конкурс өткізу туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.
23. Хабарлама осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген мәліметтерді қамтиды.
24. Конкурсқа біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда басқа құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысады.
25. Кандидат хабарлама жарияланған күннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей конкурс жариялаған АҚО-ның кадр қызметіне өтініш береді.
26. Өтінішке:
1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) кадр қызметі растаған қызметтік тізім (еркін нысанда);
3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
5) тиісті құқық қорғау органының уәкілетті қызметі куәландырған жұмыстағы негізгі көрсеткіштерді және шынайы жетістіктерді айқындайтын қызметтік жұмыс нәтижелерімен бірге қызметкердің қызметтік мінездемесі (еркін нысанда);
6) тиісті құқық қорғау органының кадр қызметі растаған, басшылық құрам қатарынан қызметкерлердің ұсынымдары (еркін нысанда);
7) құқық қорғау органының кадр қызметі растаған тәртіптік жазаларының болуы немесе болмауы туралы анықтама (еркін нысанда);
8) тиісті құқық қорғау органының уәкілетті қызметі растаған кәсіби даярлығының деңгейін жыл сайын қорытынды тексеру анықтамасы (еркін нысанда);
9) құқық қорғау органының кадр қызметі растаған құқық қорғау органы қызметкерінің бәсекеге қабілеттігін бағалау парағы (болған жағдайда);
10) құқық қорғау органының кадр қызметі растаған құқық қорғау органы қызметкерінің тиімділігін бағалау парағы (болған жағдайда);
11) құқық қорғау органының кадр қызметі басшысы растаған кадр резервіне қою туралы бұйрықтан үзінді (бар болған жағдайда) қоса беріледі.
27. Осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген құжаттардың топтамасы толық ұсынылмаған және/немесе осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген мерзімдерді бұзумен ұсынылған жағдайда кандидат конкурска қатысуға жіберілмейді.
28. Кандидаттардың біліктілік талаптарына сәйкес келуіне құжаттарды қарау және зерделеу құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
29. Әңгімелесу өткізу күні мен уақыты туралы кандидатқа оны өткізгенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабарланады. Хабарлама телефон арқылы қатысушылардың электрондық мекенжайына және мобильді телефонына ақпарат жолдау арқылы жүзеге асырылады.
Басқа құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында бос лауазымдарға кандидаттарды іріктеуді қалыптастыру тәртібі осы Қағидалардың 16, 17, 18, 19 және 20-тармақтарына сәйкес айқындалатын конкурстық комиссия жүзеге асырады.
3-тарау. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында және басқа құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында әңгімелесу өткізу тәртібі
30. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі жалпыға көрінетін қолжетімді жерлерде АҚО ақпараттық стенділерінде, сондай-ақ оның интернет-ресурсында құжаттарды қарау аяқталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей орналастырылады
31. Әңгімелесу кандидаттар тізімі жарияланған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
32. Әңгімелесудің барысы мен конкурстық комиссияның шешім қабылдауы төраға және комиссия мүшелері, сонымен қоса хаттама жүргізген хатшы қол қоятын хаттама түрінде рәсімделеді.
33. Әңгімелесудің барысы жазбаның техникалық құралдары (аудио және (немесе) бейне) арқылы тіркеледі.
Конкурстық комиссияның жазба техникалық құралдарын қолданатындығы туралы конкурстық комиссия отырысының хаттамасында белгі қойылады.
34. Комиссия отырысы егер онда комиссия мүшелерінің жалпы санынан кемінде екіден үші қатысқан жағдайда заңды деп есептеледі. Болмаған комиссия мүшелерінің орнын ауыстыруға жол берілмейді.
35. Кандидат егер комиссия құрамынан қатысып отырғандардың көпшілігі оған дауыс берсе комиссияның оң қорытындысын алады. Дауыс берген кезде дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
36. Әңгімелесу жүргізудің қорытындылары бойынша комиссия келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
1) жарияланған жоғары тұрған басшы лауазымына тағайындауға ұсыну;
2) жарияланған жоғары тұрған басшы лауазымына тағайындаудан бас тарту.
37. АҚО кадр қызметі кандидаттарға отырыс өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы хабарлайды. Хабарлама телефон арқылы, ақпаратты электрондық мекенжайға және мобильді телефондарға жолдау арқылы жүзеге асырылады.
38. Жарияланған жоғары тұрған лауазымдарға тағайындауға ұсынылған кандидаттардың тізімі әңгімелесу өткізілген күннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде АҚО интернет-ресурсында орналастырылады.
39. Осы Қағидаларда көзделген барлық материалдар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15997 болып тіркелген) бекітілген Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесіне сәйкес АҚО кадр қызметінде сақталады.
40. АҚО басшысы не уәкілетті басшы комиссияның оң қорытындысын алған күннен бастап бір айдың ішінде жарияланған бос лауазымға кандидатты тағайындайды.
41. Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда, кандидат оны Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабымен белгіленген тәртіпте шағымданады.
Өтініш
Мені _______________________________ бос лауазымына орналасуға конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
Азаматтық қорғау органдарында жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттарымен және тәртібімен таныстым, оларды орындауға келісемін.
_________________________________________ ____________ (Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған дағдайда)) (қолы және күні)
Байланыс деректері:
Жұмыс және ұялы телефон номірі _________________________
Электрондық мекенжайы _________________________________________
Тұрғылықты мекенжайы _________________________________
Жұмыс мекенжайы _____________________________________________
20___ жылғы "____" ___________ .
Азаматтық қорғау органдарында жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттары мен қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Кадрларды есепке алу жеке парағы
Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 10.05.2024 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Тегі _________________________________ |
| ||||||
Оқу орнының атауы және оның орналасқан жері | Факультеті немесе бөлімшесі | Түскен жылы |
Бітірген немесе шыққан | Бітірмесе, қай курстан шықты | Оқу орнын бітірген соң қай мамандықты алды, дипломның немесе куәліктің № көрсету |
8. Ана тілі, қандай тілдерді біледі және қандай деңгейде
______________________________________________________________
(сөздікпен, оқиды және ойын жеткізе алады, еркін меңгерген)
9. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ___________________________________
10. Қандай ғылыми еңбектеріңіз және жаңалықтарыңыз бар
________________________________________________________________
11. Сіз әкімшілік және/немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылғансыз ба?
______________________________________________________________
(қашан, не үшін кім соттады, жазалау шарасы)
12. Еңбек жолы басталғаннан бері атқаратын жұмысы (жоғары және орта арнаулы оқу орнындарындағы оқуды, әскери қызметті және қоса атқаратын жұмысты қосқанда)
Айы мен жылы | Лауазымы, кәсіпорындарды, ұйым-мекемелерді, сондай-ақ министрлікті (ведомствоны) көрсете отырып | Кәсіпорындардың, ұйым-мекемелердің орналасқан жері | |
Түскен | шыққан |
Осы тармақты толтыратын кезде мекемелердің, ұйымдардың және кәсіпорындардың атауларын кезінде қалай аталғанына қарай атап, әскери қызметті лауазымды көрсете отырып толтыру керек.
13. Жеке іс парақ толтырған сәттегі отбасы жағдайы, сіздің жақын туыстарыңыз
Туыстық дәрежесі | Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) | Күні және туған жері | Жұмыс орны, лауазымы | Тұрғылықты жері |
14. Шет елде болуы (жұмыс, қызметтік іссапар, делегациямен бірге сапар)
Айы мен жылы | Қай елде | Шет елде болу мақсаты | |
Қай уақыттан | Қай уақытқа |
15. Қандай сайланбалы органдарға (қашан, қандай және қай жерде) сайланған немесе сайланды ____________________________________________________
_________________________________________________________________
16. Әскери қызметіне қатысы_______________________________
(әскери міндетті, әскери міндетті емес, әскери есептегі мамандығы, әскери атағы, әскери билеттің номері және жеке номері (бар болса))
17. Қандай мемлекеттік наградаларыңыз бар (қашан, немен, кім марапаттады)
________________________________________________________________
18. Төлқұжат _______________________________________________________
(сериясы, нөмірі, қашан, кім берген, тіркелген тұрығының мекен-жайы)
19. Тұрғылықты жері _____________________________________
20___ жыл "_____" ___________. Жеке қолы ____________________
_____________________________________________________________
(толтырған күні)