"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылдың 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 314) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған мәдениет және өнер саласындағы негізгі орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім алушы түлектерінің әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орындарына түскен негізгі орта білім беру ұйымдарында оқуды аяқтаған түлектер туралы мәліметтер" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Бір жыл ішінде мамандық бойынша жұмысқа орналасқан жоғары оқу орындардың түлектері туралы мәліметтер" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі |
А. Балаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі 2025 жылғы 20 наурыздағы № 103-НҚ Бұйрыққа 1-қосымша |
|
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www.mam.gov.kz
Әкімшілік нысанның атауы: "Техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орындарына түскен негізгі орта білім беру ұйымдарында оқуды аяқтаған түлектер туралы мәліметтер".
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: ТЖМ-1.
Кезеңділік: жылдық, оқу жылында бір рет.
Есепті кезең: 20 _ жыл.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі "Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаты" республикалық мемлекеттік мекемесі, "Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаты" республикалық мемлекеттік мекемесі.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын 31 желтоқсанға дейін.
ЖСН/БСН |
Жинау әдісі: электронды түрде.
Техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орындарына түскен негізгі орта білім беру ұйымдарында оқуды аяқтаған түлектер туралы мәліметтер
Реттік № | Негізгі орта білім беру ұйымдарында оқуды аяқтаған түлектердің саны (9 және 11,12 сынып бітірушілерін қоса алғанда) | Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына оқуға түскен түлектердің саны | Жоғары оқу орындарына оқуға түскен түлектердің саны |
1 | 2 | 3 | 4 |
Атауы _________________________________________________________
Мекенжайы _____________________________________________________
Телефоны ______________________________________________________
Электрондық почта мекенжайы ____________________________________
Орындаушы ______________________________________________ _____
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
_______________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)
"Техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орындарына түскен негізгі орта білім беру ұйымдарында оқуды аяқтаған түлектер туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (индекс - ТЖМ-1, кезеңділігі - жылдық, оқу жылында бір рет)
1. Осы түсіндірме "Техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орындарына түскен негізгі орта білім беру ұйымдарында оқуды аяқтаған түлектер туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары толтырады.
3. Нысанға білім беру ұйымына жетекшілік ететін басшысы не оның міндетін атқарушы адам өзінің тегі мен аты-жөнін көрсете отырып (білім беру ұйымының басшысының міндеттерін атқарғаны туралы растайтын құжат болған кезде) қол қояды.
4. Нысан жыл сайын 31 желтоқсанға дейін беріледі.
5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
6. Нысан мынадай түрде толтырылады:
1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;
2-бағанда негізгі орта білім беру ұйымдарында оқуды аяқтаған түлектердің саны көрсетіледі (9 және 11,12 сынып бітірушілерін қоса алғанда);
3-бағанда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына оқуға түскен түлектердің саны көрсетіледі;
4-бағанда жоғары оқу орындарына оқуға түскен түлектердің саны көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі 2025 жылғы 20 наурыздағы № 103-НҚ Бұйрыққа 2-қосымша |
|
Әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан |
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www.mam.gov.kz
Әкімшілік нысанның атауы: "Бір жыл ішінде мамандық бойынша жұмысқа орналасқан жоғары оқу орындардың түлектері туралы мәліметтер".
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: БЖМ-1.
Кезеңділігі: жылдық, оқу жылында бір рет.
Есепті кезең: 20 _ жыл.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі "Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесі, "Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі, "Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы" республикалық мемлекеттік мекемесі, "Қазақ ұлттық хореография академиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын 31 желтоқсанға дейін.
ЖСН/БСН |
Жинау әдісі: электронды түрде.
Бір жыл ішінде мамандық бойынша жұмысқа орналасқан жоғары оқу орындардың түлектері туралы мәліметтер
Реттік № | Жоғары оқу орнын бітіруші түлектердің саны (бакалавриат, магистратура және докторантура бітірушілерін қоса алғанда) | Мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан түлектердің саны |
1 | 2 | 3 |
Атауы _________________________________________________________
Мекенжайы _____________________________________________________
Телефоны ______________________________________________________
Электрондық почта мекенжайы ____________________________________
Орындаушы ______________________________________________ _____
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
_______________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)
"Бір жыл ішінде мамандық бойынша жұмысқа орналасқан жоғары оқу орындардың түлектері туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанға қосымша |
"Бір жыл ішінде мамандық бойынша жұмысқа орналасқан жоғары оқу орындардың түлектері туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (индекс - БЖМ-1, кезеңділігі - жылдық, оқу жылында бір рет)
1. Осы түсіндірме "Бір жыл ішінде мамандық бойынша жұмысқа орналасқан жоғары оқу орындардың түлектері туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары толтырады.
3. Нысанға білім беру ұйымына жетекшілік ететін басшысы не оның міндетін атқарушы адам өзінің тегі мен аты-жөнін көрсете отырып (білім беру ұйымының басшысының міндеттерін атқарғаны туралы растайтын құжат болған кезде) қол қояды.
4. Нысан жыл сайын 31 желтоқсанға дейін беріледі.
5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
6. Нысан мынадай түрде толтырылады:
1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;
2-бағанда жоғары оқу орнын бітіруші түлектердің саны көрсетіледі (бакалавриат, магистратура және докторантура бітірушілерін қоса алғанда);
3-бағанда мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан түлектердің саны көрсетіледі.