Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2025 жылғы 31 наурыздағы № 26 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылы 31 наурызда № 35890 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 2-тармағын және 3-тармағының жетінші және сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің м.а.
Т. Султангазиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
м.а. 2025 жылғы 31 наурыздағы
№ 26 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және өмірлік қиын жағдайда жүрген балалардың үш жасты қоса алғанда мемлекеттік медицина ұйымдарында болу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-327/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21922 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушы болып табылатын балалардың үш жасты қоса алғанда, осы жасқа толғанға дейін мемлекеттік медициналық ұйымдарда болу қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 78-бабының 8-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 30-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушы болып табылатын балалардың үш жасты қоса алғанда, осы жасқа толғанға дейін мемлекеттік медициналық ұйымдарда болу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және өмірлік қиын жағдайда жүрген балалардың үш жасты қоса алғанда мемлекеттік медицина ұйымдарында болу қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушы болып табылатын балалардың үш жасты қоса алғанда, осы жасқа толғанға дейін мемлекеттік медициналық ұйымдарда болу қағидалары";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушы болып табылатын балалардың үш жасты қоса алғанда, осы жасқа толғанға дейін мемлекеттік медициналық ұйымдарда болу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 78-бабының 8-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 30-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушы болып табылатын балалардың үш жасты қоса алғанда, осы жасқа толғанға дейін, туғаннан бастап төрт жасқа дейінгі психикалық және дене бітімінің дамуында кемістігі бар балалардың мемлекеттік медициналық ұйымдарда болу тәртібін реттейді.

      2. Балалар үйі жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушы болып табылатын балаларға үш жасты қоса алғанда, осы жасқа толғанға дейін, туғаннан бастап төрт жасқа дейінгі психикалық және дене бітімінің дамуында кемістігі бар балаларға, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларға психологиялық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттік медициналық ұйым болып табылады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушы болып табылатын балалардың үш жасты қоса алғанда, осы жасқа толғанға дейін мемлекеттік медициналық ұйымдарда болу тәртібі";

      3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Балалар үйіне жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушы болып табылатын балалар үш жасты қоса алғанда, осы жасқа толғанға дейін, туғаннан бастап төрт жасқа дейінгі психикалық және дене бітімінің дамуында кемістігі бар балалар қабылданады:";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушы болып табылатын балалардың үш жасты қоса алғанда, осы жасқа толғанға дейін мемлекеттік медициналық ұйымдарда болу "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы" 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес бекітілген санитариялық қағидалар талаптарымен жүзеге асырылады.";

      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Балалар үйіне жергілікті атқарушы органдардың жолдамасы негізінде отбасылардан, босандыру ұйымдары мен стационарлардан, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарынан (бұдан әрі – КБО), арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарынан (бұдан әрі – БҚО) балалар қабылданады;";

      10-тармақтың алтыншы және жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "баланы тұрғын үй алу үшін кезекке қою, тұрғын үй мен өзге де мүлікке меншік құқығын және (немесе) тұрғын үй мен өзге де мүлікті пайдалану құқығын сақтау бойынша құжаттама;

      ата-аналардан баланы күту бойынша өндіріп алынған алименттерді және жетім балалар, мүгедектігі бар балалар үшін өзге де әлеуметтік төлемдерді есепке алу үшін екінші деңгейдегі банктерде шот ашу туралы құжаттама;";

      көрсетліген Қағидаларға қосымшада:

      жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Жетім балалардың, ата-
анасының қамқорлығынсыз
қалған балалардың және
арнаулы әлеуметтік қызметтерді
алушы болып табылатын
балалардың үш жасты қоса
алғанда, осы жасқа толғанға
дейін мемлекеттік медициналық
ұйымдарда болу қағидаларына
қосымша".

      2. "Қазақстан Республикасында балаларға онкологиялық және гематологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 13 тамыздағы № 60 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34930 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында балаларға онкологиялық және гематологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартында:

      9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) баланың заңды өкілдері – ата-аналар (ата-ана), бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана (баланы қабылдайтын ата-аналар), баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші (баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер), патронат тәрбиеші және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын олардың орнындағы басқа да адамдар;".

      3. "Мейіргерлік күтім көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қарашадағы № ҚР ДСМ-199/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21674 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 127-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мейіргерлік күтім көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы мейіргерлік күтім көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 127-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және мейіргерлік күтім көрсету тәртібін айқындайды.";

      19-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) МКА мейіргері тағайындаған медициналық-әлеуметтік көмек көрсету, оның ішінде Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 13-бабының 2) тармақшасына сәйкес қорғаншылық және қамқоршылық органдарына әлеуметтік оңалтуды қажет ететін кәмелетке толмағандарды асырап алуға, қамқоршылыққа алуға, бала асырап алатын отбасыға, баланы қабылдайтын кәсіптік отбасыларға орналастыруға жәрдемдесу бойынша іс-шараларды орындауды жүзеге асырады.".

О внесении изменений в некоторые приказы Министра здравоохранения Республики Казахстан

Приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 31 марта 2025 года № 26. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 марта 2025 года № 35890

      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие см. п. 4.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить перечень некоторых приказов Министра здравоохранения Республики Казахстан, в которые вносятся изменения согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту охраны здоровья матери и ребенка Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан после официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра здравоохранения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением пункта 2 и абзацев седьмого и восьмого пункта 3 приложения к настоящему приказу, которые вводятся в действие с 1 июля 2025 года.

      и.о. Министра здравоохранения
Республики Казахстан
Т. Султангазиев

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство просвещения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
и.о. Министра здравоохранения
Республики Казахстан
от 31 марта 2025 года № 26

Перечень некоторых приказов Министра здравоохранения Республики Казахстан, в которые вносятся изменения

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 24 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-327/2020 "Об утверждении правил содержания в государственных медицинских организациях детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, и детей, находящихся в трудной жизненной ситуации, до достижения ими возраста трех лет включительно" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21922) следующие изменения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении правил содержания в государственных медицинских организациях детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, и детей, являющихся получателями специальных социальных услуг, до достижения ими возраста трех лет включительно";

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с пунктом 8 статьи 78 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" и пунктом 1 статьи 30 Закона Республики Казахстан "О правах ребенка в Республике Казахстан" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      пункт 1 изложить следующей редакции:

      "1. Утвердить правила содержания в государственных медицинских организациях детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, и детей, являющихся получателями специальных социальных услуг, до достижения ими возраста трех лет включительно согласно приложению к настоящему приказу.";

      в Правилах содержания детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, и детей, находящихся в трудной жизненной ситуации, до достижения ими возраста трех лет включительно в государственных медицинских организациях, утвержденных указанным приказом:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Правила содержания в государственных медицинских организациях детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, и детей, являющихся получателями специальных социальных услуг, до достижения ими возраста трех лет включительно";

      пункты 1 и 2 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие правила содержания в государственных медицинских организациях детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, и детей, являющихся получателями специальных социальных услуг, до достижения ими возраста трех лет включительно (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 8 статьи 78 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" (далее – Кодекс), пунктом 1 статьи 30 Закона Республики Казахстан "О правах ребенка в Республике Казахстан" и регулируют порядок содержания в государственных медицинских организациях детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, и детей, являющихся получателями специальных социальных услуг, до достижения ими возраста трех лет включительно, с дефектами психического и физического развития от рождения до четырех лет.

      2. Государственной медицинской организацией для детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, и детей, являющихся получателями специальных социальных услуг, до достижения ими возраста трех лет включительно, с дефектами психического и физического развития от рождения до четырех лет, осуществляющие психолого-педагогическое сопровождение семей с риском отказа от ребенка является Дом ребенка.";

      заголовок главы 2 изложить в следующей редакции:

      "Глава 2. Порядок содержания в государственных медицинских организациях детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, и детей, являющихся получателями специальных социальных услуг, до достижения ими возраста трех лет включительно";

      абзац первый пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "3. В Дом ребенка принимаются дети-сироты, дети, оставшиеся без попечения родителей, и дети, являющихся получателями специальных социальных услуг, до достижения ими возраста трех лет включительно, с дефектами психического и физического развития от рождения до четырех лет:";

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Содержание в государственных медицинских организациях детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, и детей, являющихся получателями специальных социальных услуг, до достижения ими возраста трех лет включительно осуществляется с требованиями санитарных правил, утвержденных согласно подпункту 113) пункта 15 постановления Правительства Республики Казахстан от 17 февраля 2017 года № 71 "О некоторых вопросах министерств здравоохранения и национальной экономики Республики Казахстан".";

      подпункт 1) пункта 5 изложить в следующей редакции:

      "1) в Дом ребенка принимаются дети из семей, организации родовспоможения и стационаров, центров адаптации несовершеннолетних (далее – ЦАН), центров поддержки детей, нуждающихся в специальных социальных услугах (далее – ЦПД) на основании направления местных исполнительных органов;";

      абзацы шестой и седьмой пункта 10 изложить в следующей редакции:

      "документация по постановке ребенка на очередь для получения жилья, по сохранению права собственности на жилище и иное имущество и (или) права пользования жилищем и иным имуществом;

      документация об открытии счетов в банках второго уровня для зачисления взысканных алиментов с родителей по содержанию ребенка и иных социальных выплат для детей –сирот, детей с инвалидностью;";

      в приложении к указанным Правилам:

      верхний правый угол изложить в следующей редакции:

  "Приложение к Правилам
содержания в государственных
медицинских организациях
детей-сирот, детей,
оставшихся без попечения
родителей, и детей,
являющиеся получателем
специальных социальных услуг,
до достижения ими возраста
трех лет включительно".

      2. Внести в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 13 августа 2024 года № 60 "Об утверждении стандарта организации оказания детской онкологической и гематологической помощи в Республике Казахстан (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 34930) следующее изменение:

      в Стандарте организации оказания детской онкологической и гематологической помощи в Республике Казахстан, утвержденном указанным приказом:

      подпункт 1) пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "1) законные представители ребенка – родители (родитель), усыновители (удочерители), опекун или попечитель, приемный родитель (приемные родители), приемный профессиональный воспитатель (приемные профессиональные воспитатели), патронатный воспитатель и другие заменяющие их лица, осуществляющие в соответствии с законодательством Республики Казахстан заботу, образование, воспитание, защиту прав и законных интересов ребенка;".

      3. Внести в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-199/2020 "Об утверждении правил оказания сестринского ухода" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21674) следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с пунктом 6 статьи 127 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах оказания сестринского ухода, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие правила оказания сестринского ухода (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 127 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" (далее – Кодекс) и определяют порядок оказания сестринского ухода.";

      подпункт 9) пункта 19 изложить в следующей редакции:

      "9) выполнение мероприятий по оказанию медико-социальной помощи, назначенной медицинской сестрой БСУ, в том числе по содействию органам опеки и попечительства, устройству несовершеннолетних, нуждающихся в социальной реабилитации, на усыновление (удочерение), на попечение, в приемную семью, приемную профессиональную семью в соответствии с подпунктом 2) статьи 13 Социального Кодекса Республики Казахстан.".