"Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 149 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 наурызда № 35892 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5499 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 54) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелде, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 54) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайды.";

      3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) академиялық оралымдылық – білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді, педагогтерді оқыту, тағылымдамадан өту немесе зерттеулер жүргізу үшін белгілі бір академиялық кезеңге (семестрге немесе оқу жылына) өзінің жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында немесе оқуды жалғастыру үшін басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында академиялық кредиттер түрінде меңгерген оқыту нәтижелерін (модульдерін), оқу бағдарламаларын, пәндерін міндетті түрде қайта есепке ала отырып, басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына (ел ішінде немесе шет елге) ауыстыру;

      2) әкімші (бұдан әрі – Әкімші) – құжаттар қабылдауды және Тәуелсіз сараптамалық комиссия (бұдан әрі – ТСК) мен Үміткерлерді іріктеу жөніндегі қорытынды комиссияның жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асыратын ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты заңды тұлғасы;

      3) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

      4) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе (бұдан әрі – портал);

      5) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық таңбалар жиынтығы (бұдан әрі – ЭЦҚ).

      4. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша шетелге оқуға жіберуді ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының және шет елдердің үкіметтері немесе ведомстволары арасында жасалған шарттар мен келісімдер негізінде үйлестіреді.

      5. Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган мен Әкімші 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының және шет елдердің үкіметтері немесе ведомстволары арасында жасалған шарттар мен келісімдер шеңберінде шетелде оқу үшін үміткерлерді іріктеу жөніндегі құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы өзінің ресми сайттарында дипломатиялық нотаны алған күннен бастап хабарландыру орналастырады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қазақстан Республикасы Үкіметі немесе ведомстволары мен шетелдік мемлекеттер арасында қол қойылған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқуға ұсынылатын және резервтік тізімге қосылатын үміткерлерді іріктеуді Үміткерлерді іріктеу жөніндегі қорытынды комиссия жүзеге асырады.";

      11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Тәуелсіз сараптамалық және Үміткерлерді іріктеу бойынша қорытынды комиссиялардың құрамы мен Тәуелсіз сараптамалық және Үміткерлерді іріктеу бойынша қорытынды комиссиялар туралы ереже ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

      12. ТСК жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқуға конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.";

      18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Әкімші үміткерлерді іріктеу жүргізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Тізімді кейіннен қабылдаушы тарапқа дипломатиялық арналар арқылы беру үшін ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органға береді.

      Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның сұрау салуы бойынша Әкімші үміткерлердің қалыптастырылған жеке істерін осындай сұрау салу келіп түскен кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде береді.

      19. Тізім Үміткерлерді іріктеу жөніндегі қорытынды комиссияның отырысы өткізілгеннен кейін күнтізбелік екі күн ішінде ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның және Әкімшінің интернет-ресурстарында орналастырылады.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Конкурс жеңімпазы қабылдаушы тараптан ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган дипломатиялық арналар арқылы оқуға қабылданған үміткерлердің түпкілікті тізімін алған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде Әкімшімен осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес үлгілік нысандар бойынша оқыту шартын (бұдан әрі – шарт) жасасады, шарт міндетті түрде мыналарды қамтиды:

      1) шарттың мәні;

      2) тараптардың құқықтары мен міндеттемелері;

      3) оқу мерзімі мен шарттары;

      4) конкурс жеңімпазын шетелде академиялық оқуды аяқтағаннан кейін міндетті түрде Қазақстан Республикасына қайтару және 1 (бір) жылдық мерзімге үздіксіз еңбек қызметін жүзеге асыру туралы шарт.

      5) уақытша консулдық есепке міндетті түрде қою туралы шарт.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Көрсетілетін қызметті алушы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті беруші арқылы немесе портал арқылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде мемлекеттік қызметте көзделген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш береді.";

      30-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "30. Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсету 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады және келесі рәсімдерден тұрады:

      білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде мемлекеттік қызметте көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдауға жауапты бөлімшенің қабылдауы – 15 минут;

      көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдауға жауапты бөлімшенің конкурсқа қатысу үшін шарттар мен талаптарға сәйкестігін тексеруі – 30 минут;

      құжаттарды қабылдауға жауапты бөлімшенің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар және (немесе) деректер (мәліметтер) дәйексіз болcа, білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау туралы қолхатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден жазбаша бас тартуды көрсетілетін қызметті алушыға беруі – көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс сағат 15 (он бес) минут.

      Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушіні, сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы хабардар етеді.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Республикалық бюджет қаражаты есебінен академиялық оралымдылық шеңберінде шетелге оқуға жіберуді ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган және білім беру ұйымдары жүзеге асырады.";

      34 және 35-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "34. ЖЖОКБҰ бойынша орындар санын анықтау және әрбір ЖЖОКБҰ-да республикалық бюджет қаражаты есебінен жіберілетін үміткерлерді іріктеу үшін ЖЖОКБҰ-лар бойынша орындар санын анықтау және үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссиялар құрылады.

      Құрылымдық бөлімшелердің басшыларынан тұратын ЖЖОКБҰ бойынша орындар санын айқындау жөніндегі комиссияны ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган құрады.

      Үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссияны ЖЖОКБҰ құрамы мәслихат депутаттары мен үкіметтік емес ұйымдардың тәуелсіз сарапшыларынан, қоғам қайраткерлерінен тұратын кемінде 15 адамнан құрады.

      35. ЖЖОКБҰ бойынша орындар санын анықтау жөніндегі комиссияның төрағасы Комиссия мүшелері арасынан ашық дауыс беру жолымен Комиссия мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен сайланады. Шешім қабылдау кезінде Төрағаны қоса алғанда Комиссияның барлық мүшелері тең дауыс беру құқығына ие. Комиссия отырысы егер оған Комиссия құрамының кемінде жартысы қатысса заңды деп есептеледі.

      ЖЖОКБҰ бойынша орындар санын айқындау жөніндегі комиссияның жұмысын ЖЖОКБҰ бойынша орындар санын айқындау жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асыратын ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты заңды тұлғасы (бұдан әрі – Ұйымдастырушы) ұйымдастырады.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. ЖЖОКБҰ-лар ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның сұрауы бойынша Ұйымдастырушыға осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес ынтымақтастық туралы жасалған халықаралық келісімдерге сәйкес елдер және орындар бөлінісінде шетелге академиялық оралымдылық шеңберінде оқуға жіберу үшін ұсыныс жібереді.";

      40, 41 және 42-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Ұйымдастырушы ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органға ЖЖОКБҰ бойынша орындар санын айқындау жөніндегі комиссия отырысының еркін нысанда жасалған хаттамасын жібереді.

      41. Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган ЖЖОКБҰ бойынша орындар санын айқындау жөніндегі комиссияның хаттамасына сәйкес бұйрық шығарады.

      42. Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган мен ЖЖОКБҰ-лар жыл басында шетелге оқуға жіберу үшін конкурс жариялайды.";

      65-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "65. Академиялық оралымдылық шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсету 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады және келесі рәсімдерден тұрады:

      академиялық ұтқырлық шеңберінде мемлекеттік қызметте көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдау және толықтығын тексеру – 15 минут;

      көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың конкурсқа қатысу шарттары мен талаптарына сәйкестігін тексеру – 30 минут;

      көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар және (немесе) деректер (мәліметтер) дәйексіз болса, конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру не академиялық оралымдылық шеңберінде мемлекеттік қызметті көрсетуден жазбаша бас тарту – көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс сағаты 15 (он бес) минут.

      Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушіні, сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы хабардар етеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму,

      инновациялар және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 19 ноября 2008 года № 613 "Об утверждении Правил направления для обучения за рубежом, в том числе в рамках академической мобильности"

Приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 31 марта 2025 года № 149. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 марта 2025 года № 35892

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. В приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 19 ноября 2008 года № 613 "Об утверждении Правил направления для обучения за рубежом, в том числе в рамках академической мобильности" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5499) внести следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с Законом Республики Казахстан "Об образовании", подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах", подпунктом 54) пункта 15 Положения о Министерстве науки и высшего образования Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 580 "О некоторых вопросах Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан", ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах направления для обучения за рубежом, в том числе в рамках академической мобильности, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об образовании", подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах" (далее – Закон), подпунктом 54) пункта 15 Положения о Министерстве науки и высшего образования Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 580 "О некоторых вопросах Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан" определяют порядок направления граждан Республики Казахстан для обучения за рубежом, в том числе в рамках академической мобильности, а также порядок оказания государственных услуг.";

      пункты 3, 4 и 5 изложить в следующей редакции:

      "3. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) академическая мобильность – перемещение обучающихся или преподавателей-исследователей, педагогов для обучения, стажировки или проведения исследований на определенный академический период (семестр или учебный год) в другую организацию высшего и (или) послевузовского образования (внутри страны или за рубежом) с обязательным перезачетом освоенных результатов обучения (модулей), учебных программ, дисциплин в виде академических кредитов в своей организации высшего и (или) послевузовского образования или для продолжения учебы в другой организации высшего и (или) послевузовского образования;

      2) администратор (далее – Администратор) – подведомственное юридическое лицо уполномоченного органа в области науки и высшего образования, осуществляющее прием документов и организацию работы Независимой экспертной комиссии (далее – НЭК) и Итоговой комиссии по отбору претендентов;

      3) уполномоченный орган в области науки и высшего образования – центральный исполнительный орган Республики Казахстан, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в области высшего и послевузовского образования;

      4) веб-портал "электронного правительства" – информационная система, представляющая собой единое окно доступа ко всей консолидированной правительственной информации, включая нормативную правовую базу, и к государственным услугам, услугам по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий и услугам субъектов квазигосударственного сектора, оказываемым в электронной форме (далее – портал);

      5) электронная цифровая подпись – набор электронных цифровых символов, созданный средствами электронной цифровой подписи и подтверждающий достоверность электронного документа, его принадлежность и неизменность содержания (далее – ЭЦП).

      4. Направление на обучение за рубеж по программам высшего и послевузовского образования координируется уполномоченным органом в области науки и высшего образования на основании договоров и соглашений, заключенных между правительствами или ведомствами Республики Казахстан и зарубежных стран.

      5. Уполномоченный орган в области науки и высшего образования и Администратор в течение 5 (пяти) рабочих дней размещают объявление на своих официальных сайтах о начале приема документов по отбору претендентов для обучения за рубежом в рамках договоров и соглашений, заключенных между правительствами или ведомствами Республики Казахстан и зарубежных стран со дня получения дипломатической ноты.";

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Отбор претендентов, рекомендуемых для обучения за рубежом и включаемых в резервный список претендентов в рамках международных договоров и соглашений, заключенных между правительствами или ведомствами Республики Казахстан и зарубежных стран в области высшего и (или) послевузовского образования, осуществляет Итоговая комиссия по отбору претендентов.";

      пункты 11 и 12 изложить в следующей редакции:

      "11. Состав Независимой экспертной комиссии и Итоговой комиссии по отбору претендентов и Положения о Независимой экспертной комиссии и Итоговой комиссии по отбору претендентов утверждаются приказом уполномоченного органа в области науки и высшего образования.

      12. НЭК проводит персональное собеседование с претендентами не позднее 20 (двадцати) рабочих дней со дня окончания приема документов для участия в конкурсе на обучение за рубежом в рамках международных договоров в области высшего и (или) послевузовского образования.";

      пункты 18 и 19 изложить в следующей редакции:

      "18. Aдминистратор в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня проведения отбора претендентов передает Список уполномоченному органу в области науки и высшего образования для последующей передачи через дипломатические каналы принимающей стороне.

      По запросу уполномоченного органа в области науки и высшего образования Администратор передает сформированные личные дела претендентов в течение 5 (пяти) рабочих дней с момента поступления такого запроса.

      19. Список размещается на интернет-ресурсах уполномоченного органа в области науки и высшего образования и Администратора в течение двух календарных дней после проведения заседания Итоговой комиссии по отбору претендентов.";

      пункт 21 изложить в следующей редакции:

      "21. Победитель конкурса, в течение 60 (шестидесяти) календарных дней со дня получения через дипломатические каналы уполномоченным органом в сфере науки и высшего образования от принимающей стороны окончательного списка принятых на обучение претендентов, заключает с Администратором договор на обучение (далее – договор), по типовым формам согласно приложению 7 настоящих Правил, которые в обязательном порядке должны содержать:

      1) предмет договора;

      2) права и обязательства сторон;

      3) срок и условия обучения;

      4) условие об обязательном возвращении победителя конкурса в Республику Казахстан после завершения академического обучения за рубежом и осуществлении непрерывной трудовой деятельности со сроком 1 (один) год.

      5) условие об обязательной постановке на временный консульский учет;

      пункт 24 изложить в следующей редакции:

      "24. Услугополучатель для участия в конкурсе на обучение за рубежом в рамках международных договоров в области образования, подает услугодателю либо посредством портала заявление с приложением документов, предусмотренных в государственной услуге в рамках международных договоров в области образования.";

      пункт 30 изложить в следующей редакции:

      "30. Оказание государственной услуги в рамках международных договоров в области образования осуществляются в течение 1 (одного) рабочего дня и состоит из следующих процедур:

      прием подразделением, ответственным за прием документов представленных услугополучателем документов, согласно перечню документов, указанных в государственной услуге в рамках международных договоров в области образования – 15 минут;

      проверка подразделением, ответственным за прием документов, представленных услугополучателем документов на соответствие условиям и требованиям для участия в конкурсе – 30 минут;

      выдача услугополучателю подразделением, ответственным за прием документов расписки о приеме документов к участию в конкурсе либо письменного отказа в оказании государственной услуги в рамках международных договоров в области образования при недостоверности документов, представленных услугополучателем и (или) данных (сведений) – 7 (семь) рабочих часов 15 (пятнадцать) минут с момента сдачи пакета документов услугодателю.

      Уполномоченный орган в области науки и высшего образования информирует услугодателя, а также единый контакт-центр, осуществляющих прием заявлений и выдачу результатов оказания государственной услуги о внесенных изменениях и (или) дополнениях в настоящие Правила.";

      пункты 33, 34 и 35 изложить в следующей редакции:

      "33. Направление на обучение за рубеж в рамках академической мобильности за счет средств республиканского бюджета осуществляется уполномоченным органом в области науки и высшего образования и организациями образования.

      34. Для определения количества мест по ОВПО и отбора претендентов в каждом ОВПО, направляемых за счет средств республиканского бюджета, создаются Комиссии по определению количества мест по ОВПО и по отбору претендентов.

      Комиссия по определению количества мест по ОВПО, состоящая из руководителей структурных подразделений создается уполномоченным органом в области науки и высшего образования.

      Комиссия по отбору претендентов создается ОВПО с привлечением депутатов маслихатов и независимых экспертов из неправительственных организаций, а также общественных деятелей в составе не менее 15 человек.

      35. Председатель Комиссии по определению количества мест по ОВПО избирается из числа членов Комиссии большинством голосов от общего числа членов Комиссии путем открытого голосования. Все члены Комиссии по определению количества мест по ОВПО, включая Председателя, имеют равные голоса при принятии решения. Заседание Комиссии по определению количества мест по ОВПО считается правомочным, если на нем присутствует не менее половины состава Комиссии.

      Работу Комиссии по определению количества мест по ОВПО организует подведомственное юридическое лицо уполномоченного органа в области науки и высшего образования, осуществляющее организацию работы Комиссии по определению количества мест по ОВПО (далее – Организатор).";

      пункт 37 изложить в следующей редакции:

      "37. ОВПО по запросу уполномоченного органа в области науки и высшего образования направляют Организатору предложения для направления на обучение за рубежом в рамках академической мобильности в разрезе стран и мест в соответствии с заключенными международными договорами о сотрудничестве согласно приложению 8 к настоящим Правилам.";

      пункты 40, 41 и 42 изложить в следующей редакции:

      "40. Организатор направляет в уполномоченный орган в области науки и высшего образования протокол заседания Комиссии по определению количества мест по ОВПО в произвольной форме.

      41. Уполномоченный орган в области науки и высшего образования издает приказ согласно протоколу Комиссии по определению количества мест по ОВПО.

      42. Уполномоченный орган в области науки и высшего образования и ОВПО объявляют конкурс на направление на обучение за рубеж в начале года.";

      пункт 65 изложить в следующей редакции:

      "65. Оказание государственной услуги в рамках академической мобильности осуществляются в течение 1 (одного) рабочего дня и состоит из следующих процедур:

      прием и проверка полноты представленных услугополучателем документов, согласно перечню документов, указанных в государственной услуге в рамках академической мобильности – 15 минут;

      проверка представленных услугополучателем документов на соответствие условиям и требованиям для участия в конкурсе – 30 минут;

      выдача расписки о приеме документов к участию в конкурсе либо письменного отказа в оказании государственной услуги в рамках академической мобильности при недостоверности документов, представленных услугополучателем и (или) данных (сведений) – 7 (семь) рабочих часов 15 (пятнадцать) минут с момента сдачи пакета документов услугодателю.

      Уполномоченный орган в сфере науки и высшего образования информирует услугодателя, а также единый контакт-центр, осуществляющих прием заявлений и выдачу результатов оказания государственной услуги о внесенных изменениях и (или) дополнениях в настоящие Правила.".

      2. Комитету высшего и послевузовского образования Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра науки и высшего образования Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр науки
и высшего образования
Республики Казахстан
С. Нурбек

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство иностранных дел
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан