БҰЙЫРАМЫН:
1. "Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21763 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшамен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларында:
7-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын
"3) кезекті біліктілік деңгейін растауды немесе беруді бағалауға үміткерлер;";
15-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Осы Қағидалардың 7-тармағының 1), 2), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген денсаулық сақтау мамандарын бағалау мынадай кезеңдердің бірізді өтуін қамтиды:";
17-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Осы Қағидалардың 7-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген денсаулық сақтау мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау біліктілік деңгейін бастапқы немесе кезекті беру кезінде мынадай кезеңдердің бірізді өтуін қамтиды:";
мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
"17-1. Біліктілік санатын беру туралы куәліктің қолданылу мерзімі 2021 жылғы 1 қаңтардан кейін өткен денсаулық сақтау мамандары білімді бағалау және кейс-тестинг (жағдаяттық тапсырмаларды шешу) кезеңінен өтпей-ақ тиісті (баламалы) біліктілік деңгейін алуға үміткер болады.
Біліктілік санатын беру туралы куәліктің қолданылу мерзімі 2021 жылғы 1 қаңтардан кейін өткен денсаулық сақтау мамандары осы бұйрықтың 17-тармағына сәйкес кәсіптік даярлығын бағалау нәтижелері бойынша біліктіліктің кезекті деңгейіне үміткер болады.
Санат беру туралы мерзімсіз куәліктері бар денсаулық сақтау мамандары кәсіптік даярлық бағалауынан өтпейді.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21843 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. "Денсаулық сақтау" саласының СБШ сәйкес денсаулық сақтау қызметкерлеріне біліктілік деңгейін беру немесе растау "Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21763 болып тіркелген) сәйкес бағалау жөніндегі аккредиттелген ұйым берген кәсіптік даярлықты бағалау нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.
Медицина қызметкерлері "Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру", "Клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маман сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер шеңберінде бағалау жөніндегі аккредиттелген ұйымның қорытындысы болған кезде "Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21818 болып тіркелген) сәйкес тәртіппен берілген немесе расталған біліктілік деңгейі ескеріле отырып мамандық (мамандандырулар) бойынша маман сертификатын алады немесе растайды.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Біліктілік деңгейін беруге немесе растауға үміткер денсаулық сақтау қызметкері бағалау жөніндегі аккредиттелген ұйымға осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес ҮКД нәтижелерін ұсынады.
Денсаулық сақтау қызметкеріне біліктілік деңгейін беру үшін:
1) білім туралы дипломымен расталған біліктілік деңгейіне сәйкес денсаулық сақтау саласында білімінің болуы;
2) бағалау жөніндегі аккредиттелген ұйымы берген кәсіптік даярлықты бағалау нәтижесі;
3) көрсетілетін қызметтердің электрондық тіркелімінен немесе кәсіптік қызмет туралы есеппен расталған, құрылымдық бөлімше басшысы қол қойған кәсіптік стандарттың талаптарына сәйкес мәлімделген біліктілік деңгейіне сәйкес келетін еңбек функцияларын орындауы;
4) персоналды басқару қызметі және медициналық ұйым басшысы куәландырған ҮКД расталған нәтижелері қажет.
Біліктілік санатын беру туралы куәліктің қолданылу мерзімі 2021 жылғы 1 қаңтардан кейін өткен денсаулық сақтау қызметкерлері білімді бағалау және кейс-тестинг (жағдаяттық тапсырмаларды шешу) кезеңінен өтпей-ақ тиісті (баламалы) біліктілік деңгейін алуға үміткер болады.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Біліктіліктің кезекті деңгейін беру кезінде "Денсаулық сақтау" саласының СБШ белгілеген біліктілік деңгейлерінің кезектілігі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес сақталады.
Санат беру туралы мерзімсіз куәліктері бар денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіптік даярлық бағалауынан өтпей-ақ тиісті біліктілік деңгейі бар мамандық бойынша маман сертификатына куәлікті қайта ресімдей алады.
"Мейіргер ісі" мамандығы бойынша денсаулық сақтау қызметкерлері сол мамандық бойынша орта білімнен кейінгі немесе жоғары медициналық білім алған кезде бұрынғы жұмыс өтілі ескеріле отырып, баламалы біліктілік санатының біліктілік деңгейі сақтала отырып, маман сертификатын қайта ресімдей алады.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:
реттік нөмірі 22-жол алып тасталсын;
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Альназарова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2025 жылғы 1 сәуірдегі № 29 Бұйрығына 1- қосымша |
|
Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды бағалау қағидаларына 1-қосымша |
нысан
________________________ басшысына (бағалау жөніндегі ұйымның атауы) ________________________ ________________________ кімнен__________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ________________________ (мамандық) |
Өтініш
Маған денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау үшін
______________________________________________________________
мамандығы бойынша кәсіптік даярлықты бағалаудан және
______________________________________________________________
біліктілік деңгейінен өтуге рұқсат беруіңізді сұраймын.
беру / растау
(керегінің астын сызу)
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 8-бабының 4-тармағына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы
мамандарды сертификаттау үшін кәсіптік даярлықтан өту үшін қажетті
ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
менің қолжетімділігі шектемен дербес деректерімді жинауға және өңдеуге
келісім беремін.
Күні
Кандидаттың қолы
Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік дамуы
№ | Үздіксіз кәсіптік даму іс-шарасының атауы | ||||
1 | Салалық біліктілік шеңберінің деңгейлері |
4.0; |
4.1; |
4.2; |
4.3; |
Біліктілік санаты | Біліктілік санаты жоқ | Екінші біліктілік санаты | Бірінші біліктілік санаты | Жоғары біліктілік санаты | |
2 | Үздіксіз кәсіптік даму іс-шараларының жалпы көлемі (қосымша білім берудің, формалды емес білім берудің және қосымша құзыреттердің сынақ бірліктерінің сомасы) | - |
5 жыл ішінде кемінде 210 сынақ бірлігі |
5 жыл ішінде кемінде 210 сынақ бірлігі |
5 жыл ішінде кемінде 210 сынақ бірлігі |
3 | Қосымша білімі | - | базалық немесе орта деңгейдегі біліктілікті арттырудың кемінде 150 сынақ бірлігі (сағат) | орта немесе жоғары деңгейдегі біліктілікті арттырудың кемінде 120 сынақ бірлігі (сағат) | жоғары немесе мамандандырылған деңгейдегі біліктілікті арттырудың кемінде 60 сынақ бірлігі (сағат) |
Формалды емес білімі және қосымша құзыреттер | - | кемінде 60 сынақ бірлігі | кемінде 90 сынақ бірлігі | кемінде 150 сынақ бірлігі |