"Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 44) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары бекітілсін.
2. Мына бұйрықтардың:
1) "Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 144 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22651 болып тіркелген);
2) "Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 қаңтардағы № 33 бұйрығымен бекітілген Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі 4-тармағының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31773 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасныңы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі |
А. Балаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және
ирригация министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет)
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 143-НҚ бұйрығына қосымша |
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңның (бұдан әрі – Заң) 6-2-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 44) тармақшасына сәйкес әзірленді және ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – АЖО) – мемлекеттік органның ашық деректерін орналастыру үшін интернет-порталдағы жұмыс орны;
2) ақпарат пайдаланушы – ақпаратты сұрататын және (немесе) пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
3) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ақпаратқа қол жеткізу саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4) бұқаралық ақпарат құралы – мерзімді баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, интернет-басылым;
5) ашық деректер – машинада оқылатын түрде ұсынылған және одан әрі пайдалануға, өзгертілмеген түрде қайта жариялауға арналған деректер;
6) ашық деректердің интернет-порталы (бұдан әрі – Портал) – ашық деректер бойынша сипаттаушы және сілтемелік ақпараттың орталықтандырылған сақталуын қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;
7) әкімші – мемлекеттік биліктің, жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының органдары мен мекемелерінің (бұдан әрі – мемлекеттік орган), мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, функцияларды орындаушыларының жұмысын ұйымдастыратын мемлекеттік органның, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, функцияларды орындаушының ашық деректердің интернет-порталындағы орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар өкілі;
8) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар – "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексі" Қазақстан Республикасының Кодексімен белгіленген тәртіппен орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері және олардың бірлестіктері, өзін-өзі реттейтін және үкіметтік емес ұйымдар;
9) "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторы (бұдан әрі – сервистік интегратор) – "электрондық үкіметтің" архитектурасын дамытуды әдіснамалық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де функциялар жүктелген Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға.
2-тарау. Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру тәртібі
3. Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілері, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларын орындаушылар ақпаратты Порталда орналастыру тәртібі ашық деректерді орналастыруды және өзекті етуді қамтиды.
4. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларын орындаушылар қазақ және орыс тілдеріндегі ашық деректерді Порталда орналастырады және өзектендіреді.
Мемлекеттік органдар Заңның 6-2-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесіне сәйкес ашық деректерді орналастырады және өзектендіреді.
5. Порталда мемлекеттік органдардың, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылардың ашық деректерін орналастыруы Excel шаблонына сәйкес жүзеге асырылады және конвертер деректерді Осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес ашық деректерді беру форматына сәйкес JSON (Java Script Object Notation) немесе XML (Java Script Object Notation) форматтарында аударады.
Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, функцияларды орындаушылардың ашық деректерді JSON немесе XML форматына аударуы АЖО-да орналастырылған құралды пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Құралды пайдалану үшін мемлекеттік органдар, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген ашық деректерді JSON немесе XML форматына аудару жөніндегі құралды пайдалануға арналған сипаттамаға сәйкес ашық деректерді қалыптастырады.
6. Порталда орналастырылатын ашық деректер ашық деректердің сипаттамасын, ашық деректер өрістерінің сипаттамасын және машинада оқылатын түрдегі ашық деректерді қамтиды.
Мемлекеттік органның, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылардың АРІ (Application Programming Interface) қолдана отырып, ашық деректерді орналастыру егер ұсынылатын ақпарат мемлекеттік органның, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушының ақпараттық жүйесінде қамтылған жағдайда жүргізіледі.
7. Ашық деректерді алу қажет болған жағдайда, ақпарат пайдаланушы еркін нысанда ашық деректерді орналастыруға өтінімді Портал арқылы тиісті мемлекеттік органға, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемеге, квазимемлекеттік сектор субъектісіне, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушыға жібереді.
8. Сервистік интегратор ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей, ақпарат пайдаланушылардан келіп түскен өтінімдерді өңдеуді жүргізеді. Өңдеуден өткен өтінімдерді үш жұмыс күні ішінде сервистік интегратор АЖО арқылы әкімшіге жібереді.
9. Егер ақпарат пайдаланушы сұратқан ашық деректер Заңға қайшы келмесе, мемлекеттік орган, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеме, квазимемлекеттік сектор субъектісі, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушы өтінімді алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде АЖО арқылы Порталда ашық деректерді орналастырады.
Кері жағдайда мемлекеттік орган, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеме, квазимемлекеттік сектор субъектісі, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушы өтінім алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде АЖО арқылы ашық деректерді орналастырудан бас тартады.
10. Ақпарат пайдаланушыға мемлекеттік орган, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеме, квазимемлекеттік сектор субъектісі, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушы тиісті шешім қабылдаған кезден бастап өтінімді қарау мәртебесі туралы хабарлама автоматты түрде жіберіледі.
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларына 1-қосымша |
Ашық деректерді ұсыну форматы
1. Ашық деректерді жариялау форматы
"meta": {
"apiUri": "",
"nameKk": "",
"nameRu": "",
"nameEn": "",
"descriptionKk": "",
"descriptionRu": "",
"descriptionEn": "",
"keywords": [],
"responsible": {
"fullnameKk": "",
"fullnameEn": "",
"fullnameRu": "",
"phone": "",
"email": "",
"owner": {
"fullnameKk": "",
"fullnameEn": "",
"fullnameRu": "",
"phone": "",
"email": ""
"fields": {
"<fieldName>": { "type": "Int | String | Double | Boolean
|Date | Geoposition", "labelKk": "", "labelRu": "", "labelEn": "",
"datapath": "<apiUri>.<id>", "pkey": true},
"<fieldName>": { "type": "Object", "labelKk": "",
"labelRu": "", "labelEn": "",
"fields": {}
"<fieldName>": { "type": "List", "labelKk": "",
"labelRu": "", "labelEn": "", "elementType": "Int | String | Double
|Boolean | Date | Geoposition | Object | List"
"fields": {}
"data": [{}..{}]
2. Формат бойынша ашық деректер жолдарының сипаттамасы
р/с № | Жолдың атауы | Қазақ/орыс тіліндегі жолдың типі | Жолдың типі | Атрибуттар мәніне қойылатын қосымша (арнайы) талаптар |
1. | apiUri | Ашық деректердің сәйкестендіргіші | Жол (100) | Ашық деректердің бірегей сәйкестендіргіші |
2. | NameKk/NameRu | Ашық деректердің атауы | Жол (255) | Ашық деректердің толық атауы |
3. | DescriptionKk/descriptionRu | Ашық деректердің сипаттамасы | Мәтін | Ашық деректердің толық сипаттамасы |
4. | Keywords | Ашық деректердің түйінді сөздері | Массив/ Тізім | Түйінді сөздер |
5. | Responsible.fullnameKk/ Responsible.fullnameRu | Ашық деректерге жауапты адам | Жол (100) | Ашық деректерге жауапты тұлғаның ТАӘ |
6. | Responsible.phone | Телефон нөмірі | Жол (50) | жауапты тұлғаның телефон нөмірі |
7. | Responsible.email | Электрондық поштаның мекенжайы | Жол (50) | Жауапты тұлғаның электрондық поштасының мекенжайы |
3. Ашық деректер жолдарының сипаттамасы
р/с № | Жолдың атауы | Қазақ/орыс тіліндегі жолдың типі | Жолдың типі | Атрибуттар мәніне қойылатын қосымша (арнайы) талаптар | Ашық деректері мысал |
1. | Жолдардың атауы | Бүтін сандар | Int | Атрибут сандық мәнді қамтиды | id: { type: "Int", labelKk: "ИД", labelRu: "ИД", labelEn: "ID", pkey: true}, |
2. | Бүтін емес сандар | Double | Атрибут сандық емес мәнді қамтиды | ||
3. | Жол | String |
Атрибуттың мәні тек мынадай символдарды қамтиды: | title: { type: "String", labelKk: "Атауы", labelRu: "Атауы", labelEn: "Title"} | |
4. | Логикалық мәні | Boolean | true/false | published: {type: "Boolean", labelKk: "Жарияланған", labelRu: "Жарияланған", labelEn: "Published"}, | |
5. | Күні | Date | Атрибут күнін қамтиды. Мәні мынадай түрде: КК-АА-ЖЖЖЖ сс:мм | date: {type: "Date", labelKk: "Күні", labelRu: "Күні", labelEn: "Date"}, | |
6. | Геопозиция | Geoposition |
Атрибут жер бетіндегі нүктенің орналасуы туралы ақпаратты қамтиды– | ||
7. | Парақ | List | List атрибуты деректердің кеңейтілетін массивін қамтиды | ||
8. | Объект | Object | Атрибут басқа немесе салынған объектілердің сипаттамасы үшін пайдаланылады |
4. Ашық деректер жолдары атрибуттарының сипаттамасы
р/с № | Атрибуттың атауы | Атрибуттың сипаттамасы | Болжамды мәні |
1. | type | Атрибут жол типін көрсетеді | Int, String, Double, Boolean, Date, Geoposition, Object, List |
2. | labelKk | Қазақ тілдегі атрибуттың атауы | |
3. | labelRu | Орыс тіліндегі атрибуттың атауы | |
4. | elementType | Атрибут массив ішіндегі объектінің типін көрсетеді | Int, String, Double, Boolean, Date, Geoposition, Object, List |
5. | pkey | Атрибут жол бірегей сәйкестендіргіш болып табылатын белгіні көрсетеді | true, false |
6. | fields | Атрибут объектінің ішкі жолын сипаттайды | |
7. | datapath | Атрибут бірегей сәйкестендіргіші бар деректердің басқа да ашық деректерінің сілтемесіне арналған | "<ашық дерек сәйкестендіргіші>.< объектінің сәйкестендіргіші>" |
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларына 2-қосымша |
Ашық деректерді JSON, ХМL форматына көшіру құралын пайдалану сипаттамасы
Жолдың атауы | Мәні | Мысалы |
Ашық деректердің сәйкестендіргіші | р/с № | |
Қазақ тілдегі ашық деректердің атауы* | Астана қаласының дәріханалары | |
Орыс тіліндегі ашық деректердің атауы* | Аптеки города Астана | |
Қазақ тілдегі ашық деректердің сипаттамасы* | Көрсетілген ашық деректер Астана қаласының дәріханалар ақпаратын қамтиды | |
Орыс тіліндегі ашық деректердің сипаттамасы* | Указанные открытые данные содержат информацию об аптеках города Астана | |
Қазақ және орыс тілдеріндегі түйінді сөздер* | Дәріхана, аптека | |
Жауапты адамның қазақ тілдегі тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)* | Ақышев Жеңіс Бекенұлы | |
Жауапты адамның орыс тіліндегі тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)* | Акишев Женис Бекенович | |
Жауапты адамның телефон нөмірі* | +7(7172)740479 | |
Жауапты адамның электрондық поштасы* | zh.akishev@mki.gov.kz |
Ескертпе: * міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар
2. Ашық деректер жолдарының сипаттамасы
Жол | Қазақ тілдегі жолдың атауы* | Орыс тіліндегі жолдың атауы* | Жолдың типі* | Күнінің форматы (жолдың типі күні болса)* | Ашық деректердің ішіндегі нақты объектіге сілтеме | Жол бірегей сәйкестендіргіш болып табылатын белгіні көрсету | Массив ішіндегі объектінің типін көрсету |
Үлгі | |||||||
id | р/с № | № п/п | string | true | |||
name | Атауы | Название | string | false | |||
region | Өңір | Регион | string | false | |||
geoposition | Геонүкте | Геопозиция | geoposi-tion | false | |||
address | Мекенжайы | Адрес | address | false | |||
schedule | Жұмыс істеу кестесі | График работы | text | false | |||
expireDate | Лицензияның аяқталу мерзімі | Срок истечения лицензии | date | false |
Ескертпе: 1. * Міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар; 2. Ашық деректер жолының сипаттамасы, сондай-ақ оларға қойылатын талаптар осы Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген.
3. Ашық деректерді қалыптастыру шаблоны
id | name | region | geoposition | address |
1. | Гиппократ | Астана | 51.117469,71.428171 | Астана қаласы, "Ильинка" Т.А. Есет батыр көшесі 18-үй |
2. | Зеленая аптека | Астана | 51.121077,71.419938 | Астана қаласы, Достық шағын ауданы, Сауран көшесі 5-үй |