БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негiздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын ресiмдеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 305 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10636 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негiздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын ресiмдеу қағидаларында:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Кешенді қала құрылысы сараптамасының сараптамалық қорытындысы:
1) жоба бойынша негізгі деректерді, атап айтқанда қала құрылысы жобасының, тапсырыс берушінің, бас мердігердің, қосалқы мердігердің атауын, сондай-ақ жобаға қоса берілетін тапсырыс беруші сараптама бойынша ұсынған міндетті бастапқы құжаттарды (материалдарды, деректерді) көрсете отырып, қала құрылысы жобасының деңгейі туралы ақпаратты көрсетуді;
2) бөлімнің атауы, аттестаттың нөмірін көрсете отырып, аттестатталған сарапшының аты-жөні, әкесінің аты (болған жағдайда) және бөлімнің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жобалау үшін бастапқы құжаттардың (материалдардың, деректердің) талаптарына сәйкестігі (сәйкессіздігі), сондай-ақ жобалық шешімдерде және талаптар есептеулерінде мемлекеттік нормативтердің сақталуы туралы ақпаратты;
3) кешенді қала құрылысы сараптамасы нәтижесінде алынған жинақтаушы ұсыныстарымен және қала құрылысы жобасының сапасына кешенді баға тұжырымдарымен және (немесе) өзге тұжырымдарымен қаулы бөлігін көздейді.
Оң қорытынды берілген жағдайда, құпиялық белгісі немесе "қызмет бабында пайдалану үшін" ("ҚБПҮ") белгісі бар қала құрылысы жобалары бойынша сараптамалық қортындыларды қоспағанда, қала құрылысы жобасының соңғы нұсқасына сілтемесі бар QR-код ұсынылады.";
16-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16-2. Құпиялылық белгісі немесе "қызмет бабында пайдалану үшін" ("ҚБПҮ") белгісі бар қала құрылысы жобалары бойынша жүргізілген, мемлекеттік сараптама ұйымы берген кешенді қала құрылысы сараптамасының қорытындылары қағаз жеткізгіште осы Қағидалардың 15-тармағының талаптарына сәйкес ресімделеді және тапсырыс берушіге беріледі және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, аттестат нөмірі және берілген күні көрсетілген сарапшының мөрімен куәландырылады."
"Құпия" немесе қызмет бабында пайдалану үшін ("ҚБПҮ") деген құпиялылық белгілері бар қала құрылысы жобалары бойынша сараптамалық қортындыларды есепке алу және тіркеу негізгі қала құрылысы жобаларының сараптамалық қортындыларынан бөлек жүргізіледі.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп жəне құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп жəне құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп жəне құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
И. Шархан |