БҰЙЫРАМЫН:
1. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 8 қарашадағы № ҚР ДСМ-130 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30478 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
преамбула мынадай редакцияда жазылсын:
""Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 40-3) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларында:
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Жұмыс коллекциясында орналастырылған микроорганизмдер штаммдары туралы ақпаратты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бойынша мынадай мерзімдерде:
патогендігі I және (немесе) II топтағы ПБА-мен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъект тоқсан сайынғы негізде есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейінгі мерзімде;
патогендігі III және (немесе) IV топтағы ПБА-мен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъект жыл сайын 15 ақпанға дейінгі мерзімде ұсынады.";
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларына 3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Альназарова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Ұсынылады: "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесіне
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан мына интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz
Әкімшілік нысанның атауы: "Жұмыс коллекциясында орналастырылған микроорганизмдердің штамдары туралы ақпарат"
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1-РКМ.
Жиілігі: тоқсан сайын, жыл сайын.
Есепті кезең: 20____жылғы ______________.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: ПБА-мен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілер.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:
патогендігі I және (немесе) II топтағы ПБА-мен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъект тоқсан сайынғы негізде есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейінгі мерзімде;
патогендігі III және (немесе) IV топтағы ПБА-мен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъект жыл сайын 15 ақпанға дейінгі мерзімде.
ЖСН/БСН | |
Жинау әдісі: электронды түрде
Жұмыс коллекциясында орналастырылған микроорганизмдердің штамдары туралы ақпарат
Реттік нөмірі | Микроорганизм штамының атауы | Микроорганизм штамын қайда, кім, қашан және қандай биологиялық материалдан бөліп алды | Жұмыс коллекциясына орналастыру мақсаты | Штамдары бар ыдыстар саны | Сақтау мерзімі | ||
Есепті кезеңнің басында | Келіп түсті немесе жойылды | Есепті кезеңнің соңындағы қалдық | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Атауы ________________________________ |
Мекенжайы ___________________________ |
Телефоны _________________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _____________________________________________
Орындаушы _______________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ___________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан
қоспағанда) ___________________________
"Жұмыс коллекциясында орналастырылған микроорганизмдердің штамдары туралы ақпарат" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанға қосымша |
"Жұмыс коллекциясында орналастырылған микроорганизмдердің штамдары туралы ақпарат" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индекс: 1-РКМ және кезеңділігі: тоқсан сайын, жыл сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Жұмыс коллекциясында орналастырылған микроорганизмдердің штамдары туралы ақпарат" нысанын (бұдан әрі – нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды ПБА-мен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілер толтырады және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне ұсынады.
3. Нысанға бірінші басшы немесе оның міндетін атқаратын адам тегі мен аты-жөнін көрсете отырып қол қояды.
4. Нысанды мынадай мерзімдерде:
патогендігі I және (немесе) II топтағы ПБА-мен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъект тоқсан сайынғы негізде есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейінгі мерзімде;
патогендігі III және (немесе) IV топтағы ПБА-мен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъект жыл сайын 15 ақпанға дейінгі мерзімде ұсынады.
5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
1. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
2. Нысанның 2-бағанында микроорганизм штамының атауы көрсетіледі.
3. Нысанның 3-бағанында микроорганизм штамын қайда, кім, қашан және қандай биологиялық материалдан бөліп алғаны көрсетіледі.
4. Нысанның 4-бағанында жұмыс коллекциясына орналастыру мақсаты көрсетіледі.
5. Нысанның 5, 6 және 7-бағандарында штамдар бар ыдыстар саны, оның ішінде: есепті кезеңнің басында; келіп түскен немесе жойылған; есепті кезеңнің соңындағы қалдық көрсетіледі.
6. Нысанның 8-бағанында сақтау мерзімі көрсетіледі.