ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН;
1. "Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 25 маусымдағы № 188 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20926 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";
3-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету мазмұны мен нәтижесі, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбеде жазылған.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда лицензияны алу немесе заңды тұлға-лицензиат бөлініп шығу және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайларда лицензияны қайта ресімдеу кезінде, жауапты орындаушы осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген мерзім ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың Біліктілік талаптарына сәйкестігін қарайды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешімін алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оған қарсылығын ұсынады немесе айтады.
Көрсетілетін қызметті алушы Біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде жауапты орындаушы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын қалыптастырады және көрсетілетін қызметті берушінің немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның басшысына бұрыштама қоюға (қол қоюға) жолдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне бұрыштама қойылғаннан (қол қойғаннан) кейін көрсетілетін қызметті алушы порталдағы жеке кабинетте көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында лицензияны немесе Тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды алады.";
Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі |
А. Балаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі жөніндегі қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
"Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі жөніндегі қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | ||
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті |
2. | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы. |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті тіркеген сәттен бастап: |
4. | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электронды (ішінара автоматтандырылған). |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі жөніндегі қызметке лицензия (бұдан әрі – лицензия) немесе тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі жөніндегі қызметке қайта ресімделген лицензия (бұдан әрі – қайта ресімделген лицензия) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетіледі. |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі |
Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Лицензияны алу немесе заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны қайта ресімдеу үшін: |
9. | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
Лицензияны алу үшін: |
10. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: |