"Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 25 маусымдағы № 188 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 15 сәуірдегі № 169-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 23 сәуірде № 36010 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН;

      1. "Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 25 маусымдағы № 188 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20926 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";

      3-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету мазмұны мен нәтижесі, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбеде жазылған.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда лицензияны алу немесе заңды тұлға-лицензиат бөлініп шығу және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайларда лицензияны қайта ресімдеу кезінде, жауапты орындаушы осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген мерзім ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың Біліктілік талаптарына сәйкестігін қарайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешімін алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оған қарсылығын ұсынады немесе айтады.

      Көрсетілетін қызметті алушы Біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде жауапты орындаушы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын қалыптастырады және көрсетілетін қызметті берушінің немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның басшысына бұрыштама қоюға (қол қоюға) жолдайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне бұрыштама қойылғаннан (қол қойғаннан) кейін көрсетілетін қызметті алушы порталдағы жеке кабинетте көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында лицензияны немесе Тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды алады.";

      Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрі
2025 жылғы 15 сәуірдегі
№ 169-НҚ Бұйрыққа
қосымша
  "Тарих және мәдениет
ескерткіштеріндегі ғылыми-
реставрациялық жұмыстарды
және (немесе) археологиялық
жұмыстарды жүзеге асыру
жөніндегі жөніндегі қызметке
лицензия беру" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
қосымша

"Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі жөніндегі қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

"Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі жөніндегі қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру.
2. Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру.
3. Лицензияны қайта ресімдеу.

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті тіркеген сәттен бастап:
лицензияны беру немесе заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны қайта ресімдеу – 5 (бес) жұмыс күні;
заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысанында қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні;
құжаттар толық болмаған кезде көрсетілетін қызметті берушінің дәлелді бас тартуы – 2 (екі) жұмыс күні

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі жөніндегі қызметке лицензия (бұдан әрі – лицензия) немесе тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі жөніндегі қызметке қайта ресімделген лицензия (бұдан әрі – қайта ресімделген лицензия) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін лицензиялық алым мөлшерлемелері:
1) тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызмет түрімен айналысу құқығы үшін – 10 (он) айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК);
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды.
Төлем екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол жүргізіледі, сондай-ақ портал арқылы төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Портал жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Лицензияны алу немесе заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны қайта ресімдеу үшін:
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрі бойынша: тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру.
1) осы Тізбеге қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензия беру үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы мәліметтер;
3) тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мен шарттарына және оларға сәйкестікті растайтын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 132 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20666 болып тіркелген) бекітілген құжаттар тізбесіне сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны (бұдан әрі – Біліктілік талаптары).
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрі бойынша: археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру:
1) осы Тізбеге қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензия беру үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы мәліметтер;
3) біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны.
Заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысанында қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) осы Тізбеге қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы мәліметтер;
3) лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі.
Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

Лицензияны алу үшін:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты, қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалы үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
4) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған;
6) өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықтау;
7) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – ДД Заң) 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.
лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) лицензиялық алымның енгізілмеуі;
2) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттар көшірмелерінің ұсынылмауы немесе тиісінше ресімделмеуі;
3) өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықтау;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, ДД Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері:
порталда нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің – www.mam.gov.kz интернет-ресурсында;
2) порталда орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.mam.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады