"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін "Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 14 тамыздағы № 255 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 96 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 сәуірде № 36057 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін "Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 14 тамыздағы № 255 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33295 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерінде:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлері (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 38) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау тәртібі мен мөлшерлерін айқындайды.";

      17-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "17. Гранттың мөлшері:

      1) жатақханада тұруды есептемегенде, тиісті қаржы жылына 2 190 080 (екі миллион бір жүз тоқсан мың сексен) теңгені;

      2) жатақханада тұруды есептегенде, тиісті қаржы жылына 3 053 940 (үш миллион елу үш мың тоғыз жүз қырық) теңгені құрайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

О внесении изменений в приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 14 августа 2023 года № 255 "Об утверждении Правил присуждения и размеров образовательного гранта Президента Республики Казахстан "Өркен" для оплаты обучения одаренных детей в автономной организации образования "Назарбаев Интеллектуальные школы"

Приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 30 апреля 2025 года № 96. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 апреля 2025 года № 36057

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 14 августа 2023 года № 255 "Об утверждении Правил присуждения и размеров образовательного гранта Президента Республики Казахстан "Өркен" для оплаты обучения одаренных детей в автономной организации образования "Назарбаев Интеллектуальные школы" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33295) следующие изменения:

      преамбулу приказа изложить в новой редакции:

      "В соответствии с подпунктом 38) статьи 5 Закона Республики Казахстан "Об образовании", ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах присуждения и размерах образовательного гранта Президента Республики Казахстан "Өркен" для оплаты обучения одаренных детей в автономной организации образования "Назарбаев Интеллектуальные школы", утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в новой редакции:

      "1. Настоящие Правила присуждения и размеры образовательного гранта Президента Республики Казахстан "Өркен" для оплаты обучения одаренных детей в автономной организации образования "Назарбаев Интеллектуальные школы" (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 38) статьи 5 Закона Республики Казахстан "Об образовании" и определяют порядок присуждения и размеры образовательного гранта Президента Республики Казахстан "Өркен" для оплаты обучения одаренных детей в автономной организации образования "Назарбаев Интеллектуальные школы".";

      пункт 17 изложить в новой редакции:

      "17. Размеры гранта составляют:

      1) 2 190 080 (два миллиона сто девяносто тысяч восемьдесят) тенге на соответствующий финансовый год без учета проживания в общежитии;

      2) 3 053 940 (три миллиона пятьдесят три тысячи девятьсот сорок) тенге на соответствующий финансовый год с учетом проживания в общежитии.".

      2. Комитету среднего образования Министерства просвещения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства просвещения Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства просвещения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра просвещения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр просвещения
Республики Казахстан
Г. Бейсембаев

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство финансов
Республики Казахстан