ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25488 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 22-тармақ 6)-тармақшасымен толықтырылсын:
"6) Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі миллион бес жүз қырық мың еселенген мөлшерінен астам сомаға жасалған халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеу жөніндегі бір және одан да көп орындалмаған (аяқталмаған) шарттар бойынша мердігер болып табылмауға тиіс.";
34-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"34-1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 15 қазандағы № 853 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ұлттық режимнен алып қою белгіленген тауарларды сатып алу бойынша тендер тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілер тізіліміндегі жеке және заңды тұлғалар арасында жүзеге асырылады.";
123-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушысы мынадай негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса:
Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген), олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын рұқсаттардың (хабарламалардың) болмауы. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда, әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) көшірмесін ұсынады;
әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, басқа да құжаттардың электрондық көшірмелерін не электрондық құжат түрінде ұсынбауы;
мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде айқындайтын, тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің болуы;
веб-портал арқылы қалыптастырылған (толтырылатын) тендерлік құжаттамаға 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес біліктілік туралы мәліметтерді ұсынбау, сол сияқты толық емес мәліметтерді ұсыну;
әлеуетті өнім берушінің тендерлік құжаттамада белгіленген сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
тендерлік құжаттамада көрсетілген сатып алу шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
біліктілік талаптары бойынша дұрыс ақпараттың берілмеу фактісі анықталса;
әлеуетті өнім берушінің осы Қағидалардың 22-тармағының 6) тармақшасында белгіленген автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған шарттар бойынша іске қосу бөлігінде біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі. Әлеуетті өнім беруші осы абзацта көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда, әлеуетті өнім берушінің тендеріне қатысуға өтінімді өтінім беру сатысында өтінімді сәйкес келтірмей веб-портал автоматты түрде қабылдамауға тиіс;";
123-тармақ бірінші бөлік 2) тармақшасының 5-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"қосалқы мердігерлер туралы мәліметтерді берген жағдайда, әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) жұмыстар көлемінің (құрылыс құнының) 30 (отыз) пайыздан астам жиынтығын қосалқы мердігерлікке (бірлесіп орындауға) беру;";
мынадай мазмұндағы 128-1-тармақпен толықтырылсын:
"128-1. Егер халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеу жөніндегі жұмыстарды сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сома республикалық бюджет туралы Заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір миллион екі жүз жетпіс мың еселенген мөлшерінен асқан жағдайда, тендерлік комиссия әлеуетті өнім берушіде ұқсас жұмыс тәжірибесі болған әрбір жыл үшін не автомобиль жолдарын салу/реконструкциялау немесе күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарға 0,5 (нөл бүтін оннан бес) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді, бірақ 5 (бес) пайыздан аспайды.
Егер халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеу жөніндегі жұмыстарды сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сома республикалық бюджет туралы Заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес жүз сегіз мың еселенген мөлшерінен бір миллион екі жүз жетпіс мың еселенген мөлшеріне дейін болған жағдайда, тендерлік комиссия әлеуетті өнім берушіде ұқсас жұмыс тәжірибесі болған әрбір жыл үшін не автомобиль жолдарын салу/реконструкциялау немесе күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарға 1 (бір) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді, бірақ 5 (бес) пайыздан аспайды.
Егер халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеу жөніндегі жұмыстарды сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сома республикалық бюджет туралы Заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес жүз сегіз мың еселенген мөлшеріне дейін болған жағдайда, тендерлік комиссия әлеуетті өнім берушіде ұқсас жұмыс тәжірибесі болған әрбір жыл үшін не автомобиль жолдарын салу/реконструкциялау немесе күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарға 2,5 (екі бүтін оннан бес) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді, бірақ 5 (бес) пайыздан аспайды.";
130-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"130-1. Осы Қағидаларға 7-3-қосымшада көзделген жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесін растау үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 646 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35143 болып тіркелген) Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларында айқындалған тәртіппен әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесінің тізілімінен мәліметтер мен құжаттар қолданылады.";
140-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"140-2. Тендерлік баға ұсынысына әсер ететін теріс мән осы Қағидаларға 7-2-қосымшаға сәйкес жүзеге асыру кезінде тендерлік баға ұсынысына әсер ететін өлшем ретінде теріс мәндер қолданылатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу тізбесі бойынша қатысатын әлеуетті өнім берушілерге қолданылады.
Егер әлеуетті өнім берушінің ағымдағы қаржы жылында сомасы республикалық бюджет туралы Заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жарым миллион еселенген мөлшерінен аспайтын орындауда жасалған шарты болса, әрбір осындай шарт үшін веб-портал осындай әлеуетті өнім берушінің тендерлік баға ұсынысына әсер ететін критерийлердің шартты жеңілдіктерінің жалпы сомасының 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызын автоматты түрде алып тастайды.
Рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, тендер тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде осындай әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып айқындалған қорытындылар туралы әрбір хаттама үшін осындай әлеуетті өнім берушінің тендерлік баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттардың шартты жеңілдіктерінің жалпы сомасының 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызын веб-портал автоматты түрде алып тастайды.";
Қағидалардың 7-тарауы мынадай мазмұндағы 15-параграфпен толықтырылсын:
"15-параграф. Рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, тендер тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
155-1. Рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, тендер осы Қағидаларға 7-4-қосымшаға сәйкес, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бекітілген тізбесі бойынша жүзеге асырылады.
155-2. Рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып тендер осы параграфта көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
155-3. Рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, тендер тәсілімен сатып алу жөніндегі тендерлік комиссия құрылмайды.
155-4. Рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, тендерге қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін веб-портал осы Қағидаларға 7-5-қосымшаға сәйкес, рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, тендер тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы автоматты түрде қалыптастырады және орналастырады.
155-5. Веб-портал тендерлік баға ұсыныстарын және тендерлік баға ұсынысына әсер ететін критерийлерді автоматты түрде салыстырады және жеңімпазды анықтайды.
155-6. Екінші орын алған тендердің жеңімпазы мен қатысушысын айқындау тәртібі осы қағидалардың 34-тармағымен айқындалады.
155-7. Тендерлік баға ұсынысына және оларды есептеуге әсер ететін критерийлер осы қағидалардың 126-тармағымен айқындалады.
155-8. Тендерлік құжаттамаға, алдын ала талқылауға, хабарлауға, тендерге қатысуға өтінімге, оны қамтамасыз етуге, шартты жасауға, өзгертуге және орындауға қойылатын талаптар осы параграфта белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, осы қағидаларда айқындалады.";
мынадай мазмұндағы 287-тармақ 40)-тармақшасымен толықтырылсын:
"40) жолдарды жабу қажеттілігіне әкеп соққан ауа райы жағдайларының салдарынан туындаған салдарларды жою үшін халықаралық және республикалық маңызы бар жолдарды күтіп-ұстауға арналған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
Бұл ретте мұндай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу тапсырыс берушінің басқару органының (басқарманың) шешімі негізінде жүзеге асырылады.";
304-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"304. Заңның 7-бабында көзделген сатып алуға қатысумен байланысты шектеулері бар тұлғаны қоспағанда, тапсырыс беруші жеңімпазға веб-портал арқылы осы Қағидаларға 22, 23, 24, 25 және 26-қосымшаларға сәйкес тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы үлгі шарттарға сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын:
1) тендер (аукцион) тәсілімен сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға шағымдану мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
2) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алудың жеңімпазы айқындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді;
3) рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, тендер тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде.".
359-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"359-1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 15 қазандағы № 853 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ұлттық режимнен алып қою белгіленген тауарларды сатып алу бойынша тендер тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілер тізіліміндегі жеке және заңды тұлғалар арасында жүзеге асырылады.";
434-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) егер оның тендерге қатысуға өтінімі мынадай негіздер бойынша тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса:
үлгілік тендерлік құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес тендерге қатысуға өтінімді ұсынбау;
өтінімді қамтамасыз етуге қол қойған лауазымды тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың болмауы мұндай әлеуетті өнім берушіні тендерлік құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп тану үшін негіз болып табылмайды;
техникалық ерекшелікті ұсынбау;
неғұрлым жақсы техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары бар техникалық ерекшелікті ұсыну жағдайларын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің тендерлік құжаттаманың техникалық ерекшелігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті ұсынуы.
* Ескертпе: негізгі (орнатылған) жабдықтарды, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуді қосымша жинақтау, жаңғырту және қосымша жарақтау үшін тауарларды сатып алған жағдайда ерекшелік қолданылмайды;
үлгілік тендерлік құжаттамаға 12-қосымшаға сәйкес тендерде сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтерді, сондай-ақ әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің түрлерін бермеу (әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартқан жағдайда);
қосалқы мердігерлер туралы мәліметтерді берген жағдайда, әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) жұмыстар көлемінің (құрылыс құнының) 30 (отыз) пайыздан астам жиынтығын қосалқы мердігерлікке (бірлесіп орындауға) беру;
тендерлік құжаттаманың талаптарына сәйкес тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді бермеу;
тендерлік құжаттаманың талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат ұсыну фактісі анықталды;
жұмыстарды сатып алуды жүзеге асыру кезінде белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың шарттарымен келісу туралы хатты бермеу;";
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:
Тендерлік құжаттамада:
17-тармақтың 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелерін не оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін әлеуетті өнім беруші ұсынатын электрондық құжаттарды ұсынады:
Әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге құқығын растайтын рұқсаттар (хабарламалар) және (немесе) патенттер, куәліктер, сертификаттар, сертификаттар, басқа да құжаттар;
осы тендерлік құжаттамаға 13, 14, 15 және 16-қосымшаларға сәйкес сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілігі туралы мәліметтер;
осы тендерлік құжаттамаға 18-қосымшаға сәйкес тендерде сатып алу нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезіндегі бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтер және әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) жиынтығында жұмыстардың (құрылыс құнының), көрсетілетін қызметтердің 30 (отыз) пайыздан астам көлемін қосалқы мердігерлікке (бірлесіп орындауға) беруге тыйым салу шарты.
Егер әлеуетті өнім беруші жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлерін (қызметтер көрсету кезіндегі бірлесіп орындаушыларын) тартуды көздеген жағдайда, әлеуетті өнім беруші сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынады;";
14-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 7-3-қосымшасы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 7-4-қосымшамен толықтырылсын;
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес 7-5-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші және отыз сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 8 мамырдағы № 221 Бұйрығына 1-қосымша |
|
Тендерлік құжаттамаға 14-қосымша |
Біліктілігі туралы мәліметтер (құрылыспен байланысты емес жұмыстарды сатып алу кезінде әлеуетті өнім беруші (қосалқы мердігерлер) толтырады)
Тапсырыс берушінің атауы ________________________________________
Ұйымдастырушының атауы _______________________________________
Тендердің № ____________________________________________________
Тендердің атауы _________________________________________________
Лоттың № ______________________________________________________
Лоттың атауы ___________________________________________________
Әлеуетті өнім берушінің (қосалқы мердігердің) БСН/ЖСН/ССН/ТЕН және атауы__________
1. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде олар туралы мәліметтер болмаған жағдайларда, рұқсаттардың (хабарламаның) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті рұқсаттың (хабарламаның) болуы туралы мәліметтер.
№ | Рұқсаттың (хабарламаныңатауы) | Қызмет түрі | Ерекше шарттар (санаты) | Құжаттың берілген күні мен нөмірі | Рұқсаттың (хабарламаның) электрондық көшірмесі) |
1. |
Бұл тармақ, егер жұмыстарды орындау тиісті рұқсат алуды, хабарлама жіберуді талап еткен жағдайда толтырылады.
2. Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің жоқтығы сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығы туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде айқындайды.
3. Банкроттық не тарату рәсімі туралы мәліметтер (әлеуетті өнім беруші банкрот болып табылмайтынын және тарату рәсіміне жатпайтынын растайды).
4. Растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, жұмыстарды орындау үшін қажетті талап етілетін материалдық ресурстардың болуы туралы мәліметтер.
№ | Материалдық ресурстардың атауы | Қолда бар бірліктердің саны | Жағдайы (жаңа, жақсы, жаман) | Меншікті (меншік құқығын растайтын құжаттар қоса беріледі), жалға алынған (кімнен және жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттар қоса беріледі) | Растайтын құжаттың атауы, күні және нөмірі | Растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (сілтеме) |
1. |
5. Растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, жұмыстарды орындау үшін қажетті талап етілетін еңбек ресурстары туралы мәліметтер.
№ | Мамандық (біліктілік) атауы) | Қызметкерлердің Т.А.Ә. (жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі қоса беріледі) | Біліктілігі туралы құжат (білімі туралы дипломның, сертификаттың, аттестаттың нөмірі мен Берілген күнін көрсету, олардың электрондық көшірмелерін қоса беру) | Растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (сілтеме) |
1. |
6. Растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, ағымдағы жылдың алдындағы соңғы он жыл ішінде тендерде сатып алынатындарға ұқсас (сол сияқты) орындалған жұмыстар тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер (болған жағдайда толтырылады).
№ | Жұмыстың атауы | Жұмысты орындау орны (объектінің орналасқан орны) | Тапсырыс берушінің атауы | Орындалған жұмыстар актісінің күніне сәйкес жұмыстардың аяқталған жылы | Растайтын құжаттың атауы, күні және нөмірі | Растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (сілтеме) | |
1. | |||||||
Біліктілігі туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын |
Ескертпе:
1. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына тиісті рұқсаты (хабарламасы) бар және құрылыспен байланысты емес жұмыстарды (ағымдағы жөндеу, реставрациялау, қолданыстағы объектілерді реэкспозициялау, абаттандыру, жайластыру) сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілер тендерлік құжаттамада көзделген материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде біліктілік талаптарына сәйкес келеді деп танылады.
Бұл ретте осы Қосымшаның 4 және 5-тармақтарының талаптары мұндай әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды.
Егер автомобиль жолдарын ағымдағы және орташа жөндеу жөніндегі сатып алу нысаны болып табылса, әлеуетті өнім беруші осы Қосымшаның 4 және 5-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес материалдық және еңбек ресурстарына ие екендігін растайды.
2. Егер осы тендерде жұмыс тәжірибесінің болуы біліктілік талабы болып табылмаған жағдайда растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерінің болмауы тиісті шартты жеңілдікке әсер етеді.
3. Егер тендер нысанасы автомобиль жолын орташа жөндеу болып табылған жағдайда, онда автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу жұмысының тәжірибесі ескеріледі.
Егер тендердің нысанасы ағымдағы жөндеу болып табылған жағдайда, онда Жаңа объектілерді салу, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстарының жұмыс тәжірибесі ескеріледі.
4. Орындалған жұмыстар актілерінің электрондық көшірмелері жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар болып табылады.
5. Егер тендер нысанасы автомобиль жолдарын орташа жөндеу жөніндегі жұмыстар болып табылған жағдайда, тапсырыс беруші объектілер бойынша дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысты үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар, заңды тұлғалар мемлекетке тиесілі және олармен үлестес заңды тұлғалар болып табылатын орындалған жұмыстардың тиісті актілерінің электрондық көшірмелері жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар болып табылады.
6. Мерзімі бір жылдан асатын шарттар бойынша жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде жұмыстардың аяқталған жылы танылады.
7. Растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерін беру тендерлік құжаттамада оларды көрсету көзделген мәліметтер бойынша ғана міндетті. Егер тендерлік құжаттамада тиісті материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде талаптар көзделмеген жағдайда растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерін бермеуге де болады.
8. Материалдық ресурстарды жалдау құқығын растайтын құжат жалдау шартының электрондық көшірмесі не алдын ала жалдау шартының электрондық көшірмесі болып табылады. Бұл ретте шарттар бойынша жалдау мерзімі тендерлік құжаттамада белгіленген жұмыстарды орындау мерзімінен кем болмауға тиіс.
9. Материалдық ресурстарды қосалқы жалдау шартының электрондық көшірмесін ұсынуға жол берілмейді.
10. Осы қосымшаның 2, 4, 5 және 6-тармақтарының қаржылық орнықтылығы бөлігіндегі талаптары қосалқы мердігерлерге қолданылмайды.
Аббревиатуралардың таратып жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушінің есептік нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса).
Сатып алу кезінде жұмыс тәжірибесі тізілімінен тәжірибе қолданылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі
№ | Атауы |
1. | Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылыс-монтаждау жұмыстары |
2. | Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жобалау-сметалық құжаттамасының әзірлеу жөніндегі жұмыстар |
3. | Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер |
4. | Халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеу |
Сатып алу рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, тендер тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі
№ | Атауы |
1. | Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылыс-монтаждау жұмыстары |
2. | Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жобалау-сметалық құжаттамасының әзірлеу жөніндегі жұмыстар |
3. | Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер |
4. | Халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеу |
Қорытындылар туралы хаттама (тендер нөмірі) бұл ретте нөмір сатып алу тәсілі мен нөміріне байланыстырылады (әр лотқа жеке қалыптастырылады)
Күні мен уақыты
Тапсырыс беруші* _______________________________________________
тендер № _______________________________________________________
Тендер атауы ___________________________________________________
Ұйымдастырушының атауы _______________________________________
Ұйымдастырушының мекен-жайы __________________________________
Жалпы сомасы көрсетілген сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі ___________
№ | Лоттың № | Лоттың атауы | Саны | Бірлік үшін баға | Сатып алу үшін бөлінген сома, теңге |
1. |
лот № _________________________________________________________
Лоттың атауы ___________________________________________________
Конкурсқа (лотқа) қатысуға ұсынылған өтінімдер туралы ақпарат: (хронология бойынша) (өтінімдер саны)
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН)/ ССН/ТЕН | Өтінімді қайтадан беру күні мен уақыты (хронология бойынша) |
1. |
Осы Қағидаларда көзделген өлшемшарттардың салыстырмалы мәнін осы тендерге қатысуға ұсынылған тендерге қатысуға арналған барлық өтінімдерге қолдану нәтижелері туралы ақпарат:
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН | Шартты жеңілдіктер, % | |||
Ағымдағы жылдың алдындағы соңғы он жылдағы жұмыс тәжірибесі | Төленген салықтардың көрсеткіші | Теріс мәндер | Жалпы шартты жеңілдік, % | |||
1. |
Тендерге қатысушылардың шартты бағаларын есептеу:
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН)/ ССН/ТЕН | Бөлінген сома | Өнім берушінің бағасы | Демпингке қарсы шараларғасәйкес сома | Шартты жеңілдік мөлшері, % | Шартты жеңілдік ескерілген баға | Қаржылық тұрақтылық көрсеткіші | Өтінімді беру күні мен уақыты |
1. |
Тендерлік баға ұсынысына және жеңімпазды анықтауға әсер ететін критерийлерді автоматты түрде салыстыру:
1. № ____ Лот бойынша жеңімпаз болып белгіленсін: (БСН/ЖСН жеңімпаздың әлеуетті өнім берушісінің атауы), екінші орын алған әлеуетті өнім беруші (БСН/ЖСН екінші орын алған әлеуетті өнім берушінің атауы).
2. Тапсырыс беруші (Тапсырыс берушінің атауы) осы Қағидаларда белгіленген мерзімдерде с (БСН/ЖСН жеңімпаздың әлеуетті өнім берушісінің атауы) мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасын.
Немесе:
№___ Лот бойынша сатып алуды (сатып алудың атауын) осыған байланысты өткізілмеді деп тану _____________________ *:
Ескерту:
* Келесі мағыналардың бірі: "Ұсынылған өтінімдердің болмауы", "екіден аз өтінім беру".
Немесе:
Сатып алудың күші жойылды, оның негізі: тиісті органдардың актілері (нұсқама, хабарлама, ұсыну, шешім) № ________________.
Күшін жою туралы шешім қабылдаған Орган: (_______________________).
Немесе:
Ережеге сәйкес сатып алудан бас тартылды.
Ескерту:
* Егер бірнеше Тапсырыс беруші болса, Тапсырыс беруші туралы мәліметтер көрсетілмейді.
Аббревиатураларды декодтау:
БСН-бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН-жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН-Салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН-төлеушінің есептік нөмірі.