Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы" Тараз қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 15 шілдедегі № 2107 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4685 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Тараз қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф келесі мөлшерде белгіленсін:
электрондық жол жүру картасы немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз жол ақысын төлеу кезінде - 100 (жүз) теңге;
жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде - 130 (жүз отыз) теңге.".
2. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тараз қаласының әкімі | Б. Орынбеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Тараз қалалық
мәслихатының төрағасы
_________ К.Олжабай
"____" ________2025 жыл