"Жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы" Тараз қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 15 шілдедегі № 2107 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Тараз қаласы әкімдігінің қаулысы

Жаңа

Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімінің 2025 жылғы 26 ақпандағы № 480 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2025 жылғы 27 ақпанда № 5260-08 болып тіркелді

      Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы" Тараз қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 15 шілдедегі № 2107 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4685 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған қаулының 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тараз қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф келесі мөлшерде белгіленсін:

      электрондық жол жүру картасы немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз жол ақысын төлеу кезінде - 100 (жүз) теңге;

      жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде - 130 (жүз отыз) теңге.".

      2. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тараз қаласының әкімі Б. Орынбеков

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Тараз қалалық

      мәслихатының төрағасы

      _________ К.Олжабай

      "____" ________2025 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады