"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы, 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 73-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11148 болып тіркелген), Кербұлақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кербұлақ ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.
2. Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі №67 "Кербұлақ ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің тіркеу тізілімінде №166908 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Кербұлақ ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кербұлақ ауданының әкімі | К. Есболатов |
Кербұлақ ауданы әкімдігінің | |
2025 жылғы 11 наурыздағы № 125 | |
Қаулысына қосымша |
Кербұлақ ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
№ |
Стационарлық емес сауда | Алып жатқан аланы, шаршы метр | Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері) | Қызмет саласы | Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл |
1 | Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы, Т. Рысқұлов көшесі, "Космос" дүкеніне қарама-қарсы | 300 | "Космос" дүкені | Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларын саудалау | 5 |
2 | Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы, Мадибекұлы көшесі, "Дарын" базарының оң жағында | 100 | "Дарын" базары | Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларын саудалау | 5 |
3 |
Кербұлақ ауданы, | 100 | "Темірлан" дүкені және "Жұлдыз" дүкені | Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларын саудалау | 5 |