Кербұлақ ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Жетісу облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 11 наурыздағы № 125 қаулысы. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2025 жылы 12 наурызда № 282-19 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы, 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 73-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11148 болып тіркелген), Кербұлақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Кербұлақ ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.

      2. Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі №67 "Кербұлақ ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің тіркеу тізілімінде №166908 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Кербұлақ ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кербұлақ ауданының әкімі К. Есболатов

  Кербұлақ ауданы әкімдігінің
  2025 жылғы 11 наурыздағы № 125
  Қаулысына қосымша

Кербұлақ ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Стационарлық емес сауда
объектілерін орналастыру орындары

Алып жатқан аланы, шаршы метр

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

Қызмет саласы

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл

1

Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы, Т. Рысқұлов көшесі, "Космос" дүкеніне қарама-қарсы

300

"Космос" дүкені

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларын саудалау

5

2

Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы, Мадибекұлы көшесі, "Дарын" базарының оң жағында

100

"Дарын" базары

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларын саудалау

5

3

Кербұлақ ауданы,
Қоғалы ауылы, Желтоқсан көшесі "Жұлдыз" дүкеніне қарама-қарсы

100

"Темірлан" дүкені және "Жұлдыз" дүкені

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларын саудалау

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады