"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы, 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Сарқан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сарқан ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.
2. Сарқан ауданы әкімдігінің "Сарқан ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" 2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 325 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 186630 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарқан ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сарқан ауданының әкімі | Г. Маманбаев |
2025 жылғы 10 қаңтардағы № 7 қаулысына қосымша |
Сарқан ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
№ |
Стационарлық емес сауда | Алып жатқан аланы, шаршы метр | Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері) | Қызмет саласы | Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл |
1 |
Сарқан ауданы, Сарқан қаласы, | 180 | "Сайман" дүкені | Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларын саудалау | 5 |
2 |
Сарқан ауданы, Сарқан қаласы, | 139 | "Ет павильоны" | Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларын саудалау | 5 |
3 |
Сарқан ауданы, Сарқан қаласы, | 346 | "Ет павильоны" | Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларын саудалау | 5 |
4 |
Сарқан ауданы, | 100 | "Ақнұр" дүкені | Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларын саудалау | 5 |
5 |
Сарқан ауданы, | 175 | "Ақнұр" дүкені | Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларын саудалау | 5 |