Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес Ақтоғай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жариялаған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.
Ақтоғай ауданының әкімі | А. Аманжолов |
КЕЛІСІЛДІ:
Ақтоғай аудандық
мәслихаты
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 20/01 қаулысына 1 қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің басшысы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
2. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
әкімші, аккомпаниатор, архивист, археограф, барлық атаудағы әртістері, балетмейстер, библиограф, кітапханашы, бухгалтер, ғылыми қызметкер, кіші ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, бас ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, инструктор, іс жүргізуші, дирижер, аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры), аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшының (директорының) орынбасары, аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы (директоры), аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен коммуналдық мемлекеттік мекеме басшының (директорының) орынбасары, аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшының (директорының) әкімшілік-шаруашылық мәселелер жөніндегі орынбасары, аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын тобының, бөлімінің, зертханасының басшысы, аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын тобы, зертханасы басшысының орынбасары, аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын секторының басшысы, аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның труппа, әдеби-драмалық бөлім, режиссерлық, музыкалық бөлім, көркемдік қойылым бөлімі, педагогикалық бөлім, өндірістік шеберхана, концерттік зал, әдістемелік кабинет, қалпына келтіру шеберханасы, кітапхана, зертхана меңгерушісі (басшысы), дыбыс операторы, дыбыс режиссері, архив басшысы, барлық мамандықтағы инженер, инспектор, өнертанушы, концертмейстр, мәдени ұйымдастырушы, билет тексеруші, кассир, мастер, барлық атаудағы әдістемеші, барлық атаудағы менеджер, механик, музыкалық жетекші, мұражай қараушысы, оператор, бағдарламашы, аудармашы, редактор, режиссер, хатшы, барлық атаудағы техниктер, хореограф, хормейстер, барлық атаудағы суретшілер, аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі, қор сақтаушы, экономист, экскурсовод, заң кеңесшісі.
3. Спорт мамандарының лауазымдары:
аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы, спорттық құрылыс меңгерушісі, аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас бухгалтері, барлық мамандықтағы дәрігер, медициналық бике/аға, жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы, нұсқаушы-спортшы, әдіскер, бухгалтер, заңгер, барлық атауы бойынша техник, инспектор, мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер, бағдарламашы, аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлімшенің басшысы (шаруашылық меңгерушісі), күзетші, хатшы, ісжүргізуші.
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 20/01 қаулысына 2 қосымша |
Ақтоғай ауданы әкімінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Бюджет қаражаты есебiнен кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленетiн, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 шілдедегі №29/01 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне №5941 болып тіркелген);
2. "Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 9 шілдедегі "Бюджет қаражаты есебiнен кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленетiн, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" №29/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 26 наурыздағы №15/01 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 6284 болып тіркелген);
3. "Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 9 шілдедегі "Бюджет қаражаты есебiнен кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленетiн, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" № 29/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 2 маусымдағы №25/01 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне №6424-09 болып тіркелген).