Бұқар жырау аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 27 маусымдағы № 10 "Бұқар жырау ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 5 ақпандағы № 6 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 11 ақпанда № 6710-09 болып тіркелді

      Бұқар жырау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 10 "Бұқар жырау ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6460-09 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы қазақ тілінде жаңа редакцияда жазылсын:

      "Бұқар жырау ауданында кентінде жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы қазақ тілінде жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Бұқар жырау ауданында кентінде жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.";

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы А. Әли

  Бұқар жырау аудандық
мәслихатының
2025 жылғы 5 ақпандағы
№ 6
шешіміне қосымша
  Бұқар жырау аудандық
мәслихатының 2023 жылғы
27 маусымдағы № 10
шешіміне қосымша

Бұқар жырау ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

      1. Бұқар жырау ауданында кентінде жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен бекітілген, "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидасына сәйкес әзірленді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) (бұдан әрі-шығындарды өтеу Қағидалары).

      2. Жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу (бұдан әрі – оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу) "Бұқар жырау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан алынған анықтама негізінде жүргізіледі.

      3. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу (толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі мүгедектігі бар балалардан және ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан, мүгедектігі бар балалардың ата-аналарының біріне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

      4. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.

      5. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алуды тоқтату келесі мән-жайларда пайда болады: мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланы мемлекеттік мекемелерде оқыту кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы, Бұқар жырау ауданының кентінің шегінен тыс жерге тұрақты тұруға көшуі.

      Мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі немесе өзге де заңды өкілдері жоғарыда аталған мән-жайлардың басталғаны туралы "Бұқар жырау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемені дереу хабардар етсін.

      6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу мөлшері мүгедектігі бар әрбір балаға тоқсан сайын он айлық есептік көрсеткішке тең.

      7. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі шығындарды өтеу Қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады, бұл ретте қандастар жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжаттың орнына қандас куәлігін ұсынады.

      8. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алудан бас тарту негіздері шығындарды өтеу Қағидаларының 3-қосымшасында көзделген.

О внесении изменений в решение Бухар-Жырауского районного маслихата от 27 июня 2023 года № 10 "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Бухар-Жырауском районе"

Решение Бухар-Жырауского районного маслихата Карагандинской области от 5 февраля 2025 года № 6. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 11 февраля 2025 года № 6710-09

      Бухар-Жырауский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Бухар-Жырауского районного маслихата от 27 июня 2023 года № 10 "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Бухар-Жырауском районе" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6460-09) следующие изменения:

      заголовок указанного решения на казахском языке изложить в новой редакции:

      "Бұқар жырау ауданында кентінде жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы";

      первый пункт указанного решения на казахском языке изложить в новой редакции:

      "1. Бұқар жырау ауданында кентінде жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.";

      приложение к указанному решению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата А. Әли

  Приложение
к решению Бухар-Жырауского
районного маслихата
от 5 февраля 2025 года № 6
  Приложение
к решению Бухар-Жырауского
районного маслихата от 27
июня 2023 года № 10

Порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Бухар-Жырауском районе

      1. Настоящий порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Бухар-Жырауском районе разработаны в соответствии с Правилами оказания государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью", утвержденными Приказом министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 25 марта 2021 года № 84 "О некоторых вопросах оказания государственных услуг в социально-трудовой сфере" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 22394) (далее-Правила возмещения затрат).

      2. Возмещение затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану (далее – возмещение затрат на обучение) производится государственным учреждением "Бухар-Жырауский районный отдел занятости и социальных программ" на основании справки из учебного заведения, подтверждающей факт обучения ребенка с инвалидностью на дому.

      3. Возмещение затрат на обучение (кроме детей с инвалидностью, находящихся на полном государственном обеспечении и детей с инвалидностью, в отношении которых родители лишены родительских прав) предоставляется одному из родителей или законным представителям детей с инвалидностью, независимо от дохода семьи.

      4. Возмещение затрат на обучение производится с месяца обращения по месяц окончания срока, указанных в справке из учебного заведения, подтверждающих факт обучения ребенка с инвалидностью на дому.

      5. Прекращение возмещения затрат на обучение наступает при следующих обстоятельствах: достижение ребенком с инвалидностью восемнадцати лет, окончание срока инвалидности, период обучения ребенка с инвалидностью в государственных учреждениях, смерть ребенка с инвалидностью, выезд на постоянное место жительство за пределы Бухар-Жырауского района.

      Одному из родителей или иным законным представителям детей с инвалидностью незамедлительно уведомить государственное учреждение "Бухар-Жырауский районный отдел занятости и социальных программ" о наступлении вышеуказанных обстоятельств.

      6. Размер возмещения затрат на обучение равен десяти месячным расчетным показателям в квартал на каждого ребенка с инвалидностью.

      7. Перечень документов, необходимых для возмещения затрат на обучение, предоставляется согласно приложению 3 к Правилам возмещения затрат, при этом, кандасами для идентификации личности вместо документа, удостоверяющего личность, предоставляется удостоверение кандаса.

      8. Основания для отказа в возмещении затрат на обучение предусмотрены в приложении 3 к Правилам возмещения затрат.