Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңына сәйкес, Бұқар жырау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бұқар жырау ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшері айқындалсын.
2. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 6 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2684 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | А. Әли |
Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 10 шешіміне қосымша |
Бұқар жырау ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы
1. Осы Бұқар жырау ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшері "Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.
2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді (бұдан әрі - оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) кемтар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан берілген анықтамасының негізінде "Бұқар жырау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүргізеді.
3. Оқуға жұмсалған шығындарды өтеу (толық мемлекеттік қамсыздандырудағы мүгедектігі бар балалардан және өздеріне қатысты ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан, мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.
4. Шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.
5. Оқу шығындарын өтеу мөлшері оқу жылы ішінде мүгедектігі бар әрбір балаға тоқсанына төрт айлық есептік көрсеткішке тең.
Ұсынуға арналған шығыстарды қаржыландыру оқу шығындарын өтеу Бұқар жырау ауданының бюджетінде ағымдағы қаржы жылына көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Оқу шығындарын өтеу өтініш берілген айдан бастап тоқсан сайын тағайындалады және уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы сомаларды өтініш берушілердің жеке шоттарына аудару жолымен төлейді.
Артық төленген сомалар шығындарды өтеу ерікті тәртіппен, ал бас тартылған жағдайда - сот тәртібімен қайтарылуға жатады.
6. Оқуға жұмсалған шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар туындаған кезде (он сегіз жасқа толу, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мемлекеттік мекемелерде оқу кезеңінде, мүмкіндіктері шектеулі баланың қайтыс болуы, Бұқар жырау ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кету), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
7. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады, бұл ретте жеке басын сәйкестендіру үшін қандастармен жеке басын куәландыратын құжаттың орнына қандас куәлігі ұсынылады.
8. Оқытуға жұмсалған шығындары өтеуден бас тарту негіздер Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.