Аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осакаров аудандық мәслихатының 2025 жылғы 12 ақпандағы № 30/290 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6714-09 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мереке күндерінің және атаулы күндерінің тізбесі:
1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;
2) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;
3) 7 мамыр - Қазақстан Республикасындағы Отан қорғаушылар күні;
4) 9 мамыр – Жеңіс күні;
5) 1 қазан – Қарттар күні;
6) 25 қазан – Республика күні;
7) 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні.";
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Мереке күндері мен атаулы күндерге әлеуметтік көмек бір рет азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:
1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні:
бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар (бұдан әрі - КСР) Одағының әлеуметтік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы КСР Одағы Ішкі icтep министрлігігің қатардағы жауынгер және басшы құрамындағы адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда) – бір рет 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;
жаттығу жиындарына шақырылып, Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде жіберілген әскери міндеттілер – бір рет 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;
ұрыс қимылдары жүріп жатқан көзеңде Ауғанстанға жүк жеткізу үшін осы елге жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметкерлері – бір рет 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлер тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілері – бір рет 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ауғанстандағы кеңестік әскери құрамға қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, немесе ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарімен наградталған, жұмысшылар мен қызметшілер басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері болып танылады – бір рет 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына – бір рет 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;
2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні:
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған және бұрын "Батыр Ана" атағын алған I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға, сондай-ақ құрамында төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға – бір рет 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;
3) 7 мамыр - Қазақстан Республикасындағы Отан қорғаушылар күні:
1992 жылдың қыркүйегінен 2001 жылдың ақпанға дейінгі кезеңде Тәжік-Ауған учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері – бір рет 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;
2003 жылдың тамызынан 2008 жылдың қазанға дейінгі кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгерлік операцияға бітімгер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері – бір рет 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;
1986 - 1991 жылдыра аралығында Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі icтep органдарының қатардағы және басшы құрамындағы адамдары басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің басқа санаттары болып танылады – бір рет 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;
1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға – бір рет 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;
4) 9 мамыр - Жеңіс күні:
Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағың қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерiне – бір рет 2 000 000 (екі миллион) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілеріне, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілеріне, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілерге – бір рет 2 000 000 (екі миллион) теңге мөлшерінде;
Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға – бір рет 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға – бір рет 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға – бір рет 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – бір рет 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – бір рет 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) – бір рет 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына – бір рет 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
5) 1 қазан - Қарттар күні:
жетпіс одан жоғары жастағы зейнеткерлерге – бір рет 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;
6) 25 қазан - Республика күні:
бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – бір рет 30 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;
он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – бір рет 40 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;
7) 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні:
Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қурғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғаларға – бір рет 400 000 (төрт жүз мың) теңге мөлшерінде.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың төрағасы | К. Саккулаков |