Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 352 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5402 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 54, 55, 56, 57, 58 - жолдармен толықтырылсын:
" | 54 | Әйтеке би кенті – Қ. Пірімов ауылы – Басықара ауылы | |
55 | Әйтеке би кенті – Шәкен ауылы – Шилі ауылы | ||
56 | Кәукей ауылы – Ажар ауылы | ||
57 | Әйтеке би кенті – Жанқожа батыр ауылы | ||
58 | Әйтеке би кенті, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қазалы аудандық көп бейінді орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ІІ-ғимараты – Қызылорда облысының білім басқармасының Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің "№165 С. Сейфуллин атындағы мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | ". |
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы | М. Тлеумбетов |