"Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 352 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облыстық мәслихатының 2025 жылғы 19 ақпандағы № 152 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 24 ақпанда № 8585-11 болып тіркелді

      Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 352 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5402 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 54, 55, 56, 57, 58 - жолдармен толықтырылсын:

"

54

Әйтеке би кенті – Қ. Пірімов ауылы – Басықара ауылы



55

Әйтеке би кенті – Шәкен ауылы – Шилі ауылы



56

Кәукей ауылы – Ажар ауылы



57

Әйтеке би кенті – Жанқожа батыр ауылы



58

Әйтеке би кенті, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қазалы аудандық көп бейінді орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ІІ-ғимараты – Қызылорда облысының білім басқармасының Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің "№165 С. Сейфуллин атындағы мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы М. Тлеумбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады