"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қармақшы ауданы әкiмдiгiнiң келесi қаулыларының күшi жойылды деп танылсын:
1) "Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Қармақшы ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы" Қармақшы ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 22 қарашадағы № 607 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6060 болып тіркелген);
2) "Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негiзiнде Қармақшы ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасын бекiту туралы" Қармақшы ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 22 қарашадағы № 607 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қармақшы ауданы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 16 сәуірдегі № 934 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6773 болып тіркелген).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы ауданының әкімі | Ж. Еркінбек |