"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Қостанай облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы | С. Ещанов |
Мәслихаттың | |
2025 жылғы 18 сәуірдегі | |
№ 213 шешіміне | |
қосымша |
Қостанай облыстық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Қостанай облысы мәслихатының "Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелерінің артуы туралы" 2018 жылғы 2 наурыздағы № 245 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7622 болып тіркелген).
2. Қостанай облысы мәслихатының "Мәслихаттың 2018 жылғы 2 наурыздағы № 245 "Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 452 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8828 болып тіркелген).
3. Қостанай облысы мәслихатының "Мәслихаттың 2018 жылғы 2 наурыздағы № 245 "Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 171 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27713 болып тіркелген).