Мәслихаттың 2018 жылғы 2 наурыздағы № 245 "Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы мәслихатының 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 171 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 сәуірде № 27713 болып тіркелді

      Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қостанай облыстық мәслихатының "Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" 2018 жылғы 2 наурыздағы № 245 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7622 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелерінің артуы туралы";

      кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 576-бабына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:";

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Салық кодексінің 576-бабымен белгіленген Қостанай облысы бойынша төлемақы мөлшерлемелері көрсетілген баптың 3-тармағында белгіленген мөлшерлемелерді қоспағанда, екі есеге көтерілсін.".

      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С. Ещанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады