Денисов ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 9 қарашадағы № 210 "Денисов ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 29 мамырдағы № 130 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 30 мамырда № 10483-10 болып тіркелді

      Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Денисов ауданы әкімдігінің "Денисов ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" 2021 жылғы 9 қарашадағы № 210 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25127 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 73-тармағына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".

      2. "Денисов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін оның Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Р. Катпаев

О внесении изменения в постановление акимата Денисовского района от 9 ноября 2021 года № 210 "Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории Денисовского района"

Постановление акимата Денисовского района Костанайской области от 29 мая 2025 года № 130. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Костанайской области 30 мая 2025 года № 10483-10

      Акимат Денисовского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Денисовского района "Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории Денисовского района" от 9 ноября 2021 года № 210 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 25127) следующее изменение:

      преамбулу изложить в новой редакции:

      "В соответствии с подпунктом 4-2) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 73 Правил внутренней торговли, утвержденных приказом исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 264, акимат Денисовского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:".

      2. Государственному учреждению "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства акимата Денисовского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Денисовского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Денисовского района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района Р. Катпаев