Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Денисов ауданы әкімдігінің "Денисов ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" 2021 жылғы 9 қарашадағы № 210 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25127 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 73-тармағына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. "Денисов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін оның Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Р. Катпаев |