Катонқарағай ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды және олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық - техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пайдалану тәртібін, пикеттеуді өткізуге тиым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 26/299-VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 15 сәуірде № 9178-16 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары;

      осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;

      осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес арнайы орындарды пайдалану тәртібі;

      осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

      2. "Катонқарағай ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" Катонқарағай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қазандағы № 44/384-VІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7810 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Катонқарағай аудандық мәслихатының төрағасы Б. Болаев

  Катонқарағай аудандық мәслихаты
2025 жылғы 11 сәуірдегі № 26/299-VIII
Шешіміне 1 қосымша

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары

    № р/с

Арнайы орын

Шекті толу нормасы

1

Орталық саябақтың алдындағы алаң (Катонқарағай ауылы, Абай көшесі, 80)

50 адамнан артық емес

2

Шерулер мен демонстрациялардың маршруты: Абай және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысынан Катонқарағай ауылындағы орталық саябақтың кіреберісіне дейін (Абай көшесі, 80).

  Шешіміне 2 қосымша

Арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар.

      Бейбіт жиналыс өткізілетін күні ұйымдастырушылар мен оның қатысушылары Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 5 және 6-баптарының талаптарын сақтауы тиіс.

      Ұйымдастырушы немесе ұйымдастырушының өкілдері бейбіт жиналыстар өткізу кезінде аудиовизуалды техника құралдарын пайдалануға, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауға құқылы.

      Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен жүзеге асырады.

  Шешіміне 3 қосымша

Арнайы орындарды пайдалану тәртібі

      Бейбіт жиналыстар пикеттеуді қоспағанда, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін осы шешіммен айқындалған арнайы орындарда өткізіледі.

      Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-ден ерте бастауға және сағат 20.00-ден кеш аяқтауға болмайды.

      Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан да көп пикет өткізуге жол берілмейді.

      Пикеттеу ұзақтығы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне 2 сағаттан аспауға тиіс.

  Шешіміне 4 қосымша

Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Объектілердің іргелес аумақтарынан кемінде 800 метр арақашықтықта пикеттеуді өткізуге тиым салынады:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.

Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, и норм их предельной заполняемости, требований к их материально-техническому и организационному обеспечению, порядка их использования, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования по Катон-Карагайскому району

Решение Катон-Карагайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 11 апреля 2025 года № 26/299-VIII. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 15 апреля 2025 года № 9178-16

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 2 статьи 8 Закона Республики Казахстан "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан", статьей 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах" Катон-Карагайский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить:

      специализированные места для организации и проведения мирных собраний и нормы их предельной заполняемости, согласно приложению 1 к настоящему решению;

      требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест, согласно приложению 2 к настоящему решению;

      порядок использования специализированных мест, согласно приложению 3 к настоящему решению;

      границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования, согласно приложению 4 к настоящему решению.

      2. Признать утратившим силу решение Катон-Карагайского районного маслихата от 28 октября 2020 года №44/384-VІ "Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядок их использования, нормы их предельной заполняемости, требования к их материально-техническому и организационному обеспечению, границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования по Катон-Карагайскому району" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №7810).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Катон-Карагайского районного маслихата Б. Болаев

  Приложение к 1 решению
Катон-Карагайский
районный маслихат
от 11 апреля 2025 года
№ 26/299-VIII

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний и нормы их предельной заполняемости

    № п/п

Специализированное место

Норма предельной заполняемости

1

Площадь перед центральным парком(село Катон-Карагай, улица Абая, 80).

Не более 50 человек

2

Маршрут шествий и демонстраций: от пересечения улиц Абая и Кабанбай батыра до входа в центральный парк в селе Катон-Карагай. (улица Абая,80).

  Приложение 2 к решению

Требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест

      В день проведения мирного собрания организаторам и его участникам необходимо соблюдать требования статей 5 и 6 Закона Республики Казахстан "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан".

      Организатор или представители организатора имеют право использовать средства аудиовизуальной техники, а также производить видео и фотосъемку при проведении мирных собраний.

      Материально-техническое и организационное обеспечение проведения мирных собраний осуществляется их организатором или представителями организатора и участниками за счет собственных средств, а также за счет средств и имущества, собранных и (или) переданных для проведения данных мирных собраний.

  Приложение 3 к решению

Порядок использования специализированных мест

      Мирные собрания проводятся в специализированных местах, определенных данным решением, для организации и проведения мирных собраний, за исключением пикетирования.

      В случае, если на проведение мирного собрания в одном и том же месте и (или) по одному и тому же маршруту следования либо в одно и то же время одновременно претендует несколько организаторов мирных собраний, очередность использования указанного места определяется местным исполнительным органом исходя из времени получения им соответствующего уведомления или заявления от организатора мирных собраний.

      Мирные собрания начинаются не ранее 9.00 часов и заканчиваются не позднее 20.00 часов по местному времени в день проведения мирных собраний.

      Не допускается проведение двух и более пикетов в одном и том же месте в одно и то же время у одного и того же объекта, за исключением специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.

      Продолжительность пикетирования не должна превышать 2-х часов в день в одном и том же месте у одного и того же объекта, за исключением специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.

  Приложение 4 к решению

Границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования

      Запрещается проведение пикетирования на растоянии не менее 800 метров от прилегающих территории:

      1) в местах массовых захоронений;

      2) на объектах железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта и прилегающих к ним территориях;

      3) на территориях, прилегающих к организациям, обеспечивающим обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) на территориях, прилегающих к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      5) на магистральных железнодорожных сетях, магистральных трубопроводах, национальной электрической сети, магистральных линиях связи и прилегающих к ним территориях.