Катонқарағай ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 26/300-VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 15 сәуірде № 9179-16 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Катонқарағай ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесі бекітілсін.

      2. Күші жойылды деп танылсын:

      1) Катонқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі №17/155-VI "Катонқарағай ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5-13-134 болып тіркелген);

      2) Катонқарағай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 сәуірдегі №15/204 -VIІІ "Катонқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі №17/155 – VI Катонақарағай ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9013-16 болып тіркелген).

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Катонқарағай аудандық мәслихатының төрағасы Б. Болаев

  Катонқарағай аудандық мәслихаты
2025 жылғы 11 сәуірдегі
№ 26/300-VIII шешіміне
қосымша

Катонқарағай ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Катонқарағай аудандық мәслихатының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Катонқарағай ауданының Құрмет грамотасымен наградтау тәртібін айқындайды.

      2. Катонқарағай ауданының Құрмет грамотасы (бұдан әрі - Құрмет грамотасы):

      экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылымдағы, әскери және мемлекеттік қызметтегі, құқық қорғау және қоғамдық-саяси қызметтегі елеулі жетістіктер үшін;

      халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты және мәдени байланыстарды нығайту бойынша жемісті еңбек еткені үшін моральдық ынталандыру, қоғамдық мойындауды білдіру болып табылады.

      3. Құрмет грамотасымен Катонқарағай ауданына сіңірген еңбегі бар азаматтар, мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері, меншік нысанына қарамастан шаруашылық жүргізуші субъектілердің ұжымдары, шығармашылық ұжымдар, шетел азаматтары наградталады.

      4. Құрмет грамотасымен:

      наградтау сәтінде заңнамада белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар;

      сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдар;

      сот сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныған адамдар наградтала алмайды.

      5. Бір адам (ұжым, ұйым) бес жыл ішінде ауданның Құрмет грамотасымен наградтауға екі рет ұсыныла алмайды.

      6. Наградтау Қазақстан Республикасының ұлттық, мемлекеттік, кәсіптік және өзге де мерекелеріне, мерейтойлық күндерге орайластырылады.

2. Құрмет грамотасымен наградтауға ұсыну тәртібі

      7. Құрмет грамотасымен наградтауға ұсынымды аудан әкімінің аппаратына меншік нысанына қарамастан мекемелер, кәсіпорындар, ұйымдар, қоғамдық, шығармашылық бірлестіктер, жергілікті өкілді, атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары ұлттық, мемлекеттік, кәсіптік және өзге де мерекелерді, мерейтойлық күндерді мерекелеуге дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей енгізеді.

      Ұсынымда тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атқаратын лауазымы немесе ресми атауы (ұйымның, ұжымның) көрсетіледі, сіңірген еңбегі мен шығармашылық еңбегі, облыстың дамуына қосқан үлесі баяндалған мінездеме беріледі. Ұсынымға бірінші басшы қол қояды және мөрмен бекітіледі.

      Ұсынымға наградтауға ұсынылатын адамның жеке басын куәландыратын құжаттың не болмаса ұйымның құрылтай құжаттарының көшірмесі қоса беріледі.

      Мөрмен бекіту туралы талап жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды.

      8. Келіп түскен құжаттар алдын ала қарау және Құрмет грамотасымен наградтау жөніндегі ұсыныстарды дайындау үшін аудан әкімінің жанынан құрылған наградалар жөніндегі комиссияға жіберіледі.

      9. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешімді комиссияның оң қорытындысы болған кезде аудан әкімі және/немесе оның міндеттерін атқаратын адам қабылдайды.

      Құрмет грамотасына аудан әкімі және аудандық мәслихаттың төрағасы немесе олардың міндеттерін атқаратын адамдар қол қояды.

      10. Құрмет грамотасы жоғалған кезде телнұсқасы берілмейді.

      11. Құрмет грамотасын дайындауды және наградтау мәселелері бойынша есепке алуды аудан әкімінің аппараты жүзеге асырады.

3. Құрмет грамотасының сипаттамасы

      12. Құрмет грамотасы беткі жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген көк түсті папкадан және жапсырмадан тұрады.

      Жапсырма типографиялық тәсілмен бүктелмеген түрде А3 форматындағы қалың жылтыр қағаздан, жан-жағына алтын түсті ою-өрнек жағылып дайындалады.

      Жапсырманың беткі жағында ортасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген, төменгі жағында мемлекеттік тілде "Қазақстан Республикасы", орыс тілінде "Республика Казахстан" деген жазу жазылған.

      Жапсырманың ішкі жағында сол және оң жақтарында жоғарыда желбіреп тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы бейнеленген, тудың бейнесінің астында мемлекеттік тілде "Катонқарағай ауданының ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ", орыс тілінде "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА Катон-Карагайского района" деген жазу жазылған. Бұл ретте, мемлекеттік тілдегі "Катонқарағай ауданының", орыс тіліндегі "Катон-Карагайского района" деген сөздер алтын бедермен, мемлекеттік тілдегі "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ", орыс тіліндегі "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА" деген сөздер түрлі-түсті жазумен орындалған.

      Жапсырманың сол жағында:

      наградталушының атын, әкесінің атын (бар болса), тегін, лауазымы мен сіңірген еңбегін;

      Құрмет грамотасына қол қоятын адамдардың лауазымдарын мемлекеттік тілде көрсету үшін орын бөлінген.

      Төменгі жағында мемлекеттік тілде "Катонқарағай ауылы" деген жазу жазылып, наградтау жылы көрсетіледі.

      Оң жағында наградталушының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), лауазымы мен сіңірген еңбегін орыс тілінде көрсету үшін орын бөлінген.

4. Құрмет грамотасын тапсыру

      13. Құрмет грамотасын аудан әкімі мен аудандық мәслихаттың төрағасы немесе олардың тапсырмасы бойынша өзге де адамдар салтанатты жағдайда тапсырады.

      14. Наградтау жөніндегі материалдар аудан әкімінің аппаратында сақталады.

Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Катон-Карагайского района

Решение Катон-Карагайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 11 апреля 2025 года № 26/300-VIII. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 15 апреля 2025 года № 9179-16

      В соответствии с подпунктом 12-3) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах" Катон-Карагайский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить положение о награждении Почетной грамотой Катон-Карагайского района.

      2. Признать утратившими силу:

      1) Решение Катон-Карагайского районного маслихата от 13 апреля 2018 года №17/155-VI "Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Катон-Карагайского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №5-13-134);

      2) Решение Катон-Карагайского районного маслихата от 30 апреля 2024 года №15/204-VIІІ "О внесении изменений в решение Катон-Карагайского районного маслихата от 13 апреля 2018 года №17/155- VI "Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Катон-Карагайского района" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №9013-16).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Катон-Карагайского районного маслихата Б. Болаев

  Приложение к решению
Катон-Карагайский
районный маслихат
от 11 апреля 2025 года
№ 26/300-VIII

Положение о награждении Почетной грамотой Катон-Карагайского района

1. Общие положения

      1. Настоящее Положение о награждении Почетной грамотой Катон-Карагайского района разработано в соответствии с подпунктом 12-3) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и определяет порядок награждения Почетной грамотой Катон-Карагайского района.

      2. Почетная грамота Катон-Карагайского района (далее - Почетная грамота) является моральным стимулом, выражением общественного признания за:

      значительные достижения в экономике, социальной сфере, науке, в воинской и государственной службе, правоохранительной и общественно-политической деятельности;

      осуществление плодотворной деятельности по укреплению дружбы и солидарности между народами и культурных связей.

      3. Почетной грамотой награждаются граждане, работники учреждений, предприятий и организаций, коллективы хозяйствующих субъектов независимо от форм собственности, творческие коллективы, иностранные граждане, имеющие заслуги перед Катон-Карагайским районом.

      4. Почетной грамотой не могут быть награждены:

      лица, имеющие судимость, которая не погашена или не снята в установленном законодательством порядке на момент награждения;

      лица, признанные судом недееспособными, либо ограниченно дееспособными;

      лица, признанные судом виновными в совершении коррупционного преступления и (или) коррупционного правонарушения.

      5. Одно и то же лицо (коллектив, организация) не может дважды представляться к награждению Почетной грамотой района в течение пяти лет.

      6. Награждение приурочивается к национальным, государственным, профессиональным и иным праздникам Республики Казахстан, юбилейным датам.

2. Порядок представления к награждению Почетной грамотой

      7. Представление к награждению Почетной грамотой вносится в аппарат акима района учреждениями, предприятиями, организациями независимо от форм собственности, общественными, творческими объединениями, местными представительными, исполнительными органами, органами местного самоуправления не позднее 10 рабочих дней до празднования национальных, государственных, профессиональных и иных праздников, юбилейных дат.

      В представлении указываются фамилия, имя, отчество (при наличии), занимаемая должность или официальное наименование (организаций, коллектива), дается характеристика с изложением трудовых и творческих заслуг, вклада в развитие области. Представление подписывается первым руководителем и скрепляется печатью.

      К представлению прилагается копия документа, удостоверяющего личность либо учредительных документов организации, рекомендуемых к награждению.

      Требование о скреплении печатью не относится к субъектам частного предпринимательства.

      8. Поступившие документы для предварительного рассмотрения и подготовки предложений по награждению Почетной грамотой направляются в Комиссию по наградам, созданную при акиме района.

      9. Решение о награждении Почетной грамотой принимается акимом района и/или лицом, исполняющим его обязанности, при положительном заключении Комиссии.

      Почетная грамота подписывается акимом района и председателем районного маслихата либо лицами, исполняющими их обязанности.

      10. При утере Почетной грамоты дубликат не выдается.

      11. Изготовление Почетной грамоты и учет по вопросам награждения осуществляет аппарат акима района.

3. Описание Почетной грамоты

      12. Почетная грамота состоит из папки синего цвета с изображением Государственного Герба Республики Казахстан на лицевой стороне и вкладыша.

      Вкладыш изготавливается типографским способом в развернутом виде из плотной лощеной бумаги формата А3 с нанесением по сторонам орнамента золотистого цвета.

      На лицевой стороне вкладыша посередине нанесено изображение Государственного Герба Республики Казахстан, внизу надпись на государственном языке "Қазақстан Республикасы", на русском языке "Республика Казахстан".

      На развороте с левой и правой сторонах вкладыша вверху изображен развевающийся Государственный флаг Республики Казахстан, под изображением флага надпись на государственном языке "Катонқарағай ауданының ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ", на русском языке "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА Катон-Карагайского района". При этом, слова на государственном языке "Катонқарағай ауданының", на русском языке "Катон-Карагайского района" выполнены золотым тиснением, слова на государственном языке "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ", на русском языке "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА" выполнены цветной надписью.

      С левой стороны вкладыша отведено место для указания на государственном языке:

      имени, отчества (при наличии), фамилии, должности и заслуг награждаемого;

      должностей лиц, подписывающих Почетную грамоту.

      Внизу надпись на государственном языке "Катонқарағай ауылы" с указанием года награждения.

      С правой стороны отведено место для указания фамилии, имени, отчества (при наличии), должности и заслуг награждаемого на русском языке.

4. Вручение Почетной грамоты

      13. Почетная Грамота вручается акимом района и председателем районного маслихата либо иными лицами по их поручению в торжественной обстановке.

      14. Материалы по награждению хранятся в аппарате акима района.