Катонқарағай ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 17/155-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 28 сәуірде № 5-13-134 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 12-3) тармақшасына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Катонқарағай ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Р. Жаманбаев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Д. Бралинов

  Катонқарағай
аудандық мәслихатының
2018 жылғы 13 сәуірдегі
№ 17/155-VІ шешімімен бекітілген

Катонқарағай ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже

1. Жалпы ереже

      1. Катонқарағай ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы осы ереже "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленген және Катонқарағай ауданының Құрмет грамотасымен (бұдан әрі - Құрмет грамотасы) наградтауға ұсыну және оны тапсыру тәртібін анықтайды.

2. Құрмет грамотасымен наградтау бойынша талаптар

      2. Катонқарағай ауданының Құрмет грамотасымен (бұдан әрі – Құрмет грамотасы) экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылым, мәдениет және білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау және заңдылықты нығайту, қызмет көрсету саласындағы, қоршаған ортаны қорғау,жастарға тәрбие беру, дене шынықтыру мен спорттағы, әскери, қоғамдық және мемлекеттік және өзін-өзі басқару қызметтерін дамытудағы елеулі жетістіктері, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты және мәдени байланысты нығайтудағы табысты жұмыстары, қайырымдылық қызметпен айналысатын және белсенді еңбегі мен қоғамдық – саяси қызметі үшін еңбектерін ардақтау белгісі ретінде аудан азаматтары наградталады.

3. Құрмет грамотасының сипаттамасы

      3. Құрмет грамотасы–сыртқы бетінде алтын түспен Елтаңба белгісі салынған, бас әріппен мемлекеттік тілде "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ", орыс тілінде "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА" деп жазылған, қосымшасы бар көк түсті папка. Қосымшасы A3 форматындағы тығыз жылтыр қағаздан екі бүктелген түрде типографиялық әдіспен дайындалады.

      4. Қосымшаның сыртқы бетінің жоғары жағында ортада алтын түсті Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленіп, түгелдей бас әріппен мемлекеттік тілде "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ", орыс тілінде "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА" деген жазулар орналасқан. Ішкі жағында алтын түсті өрнекпен жиектеліп, оң және сол жақ беттерінің жоғары жағында ортада Қазақстан Республикасының желбіреген Туы орналасқан. Сол жақ бетінде түгелдей бас әріппен мемлекеттік тілде "КАТОНҚАРАҒАЙ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ", оң жақ бетінде орыс тілінде "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА КАТОН-КАРАГАЙСКОГО РАЙОНА" деген жазулар орналасқан. Төменде мемлекеттік және орыс тілдерінде наградталушының тегі, аты, әкесінің аты және сіңірген еңбектері көрсетіледі. Құрмет грамотасы аудан әкімінің және аудандық мәслихат төрағасының қолдарымен расталады. Берілген уақыты көрсетіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 30.04.2024 № 15/204-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4. Құрмет грамотасымен наградтау тәртібі

      5. Құрмет грамотасымен наградтау туралы ұсыныс тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы, білімі туралы, жұмыс орны мен атқаратын лауазымы, тиісті ұйымдағы сәйкес кәсібі немесе лауазымы бойынша саладағы жалпы еңбек өтілі, жетістіктері және наградтары мен атақтары туралы көрсетілген мәліметтер аудан әкімдігіне жолданады.

      6. Құрмет грамотасымен наградтау туралы (тиісті ұйым басшысының қолымен) ұсынысты еңбек, шығармашылық ұжымдары, аудандық өкілді және атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер атынан олардың басшылары енгізеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 30.04.2024 № 15/204-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. Құрмет грамотасымен наградтау бойынша келіп түскен құжаттар алдын ала қарау және наградтау жөнінде ұсыныс әзірленуі үшін наградтау жөніндегі аудан әкімі жанындағы комиссияға (бұдан әрі - Комиссия) жіберіледі.

      7. Комиссияның оң қорытындысына сәйкес аудан әкімі мен аудандық мәслихат төрағасының (немесе олардың міндеттерін атқарушының) бірлескен өкімі арқылы Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім қабылданады.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 30.04.2024 № 15/204-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Құрмет г рамотасын тапсыру салтанатты түрде жүргізіледі. Құрмет грамотасын аудан әкімі немесе аудандық мәслихат төрағасы, немесе олардың тапсырысы бойыша өзге тұлға тапсырады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 30.04.2024 № 15/204-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. "Катонқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі құжаттамалық және өзге де қамтамасыз ету шараларын, сондай-ақ Құрмет грамотасымен наградталған азаматтардың есебін жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады