Катонқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 17/155-VІ "Катонқарағай ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 15/204-VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 4 мамырда № 9013-16 болып тіркелді

      Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Катонқарағай ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" Катонқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 17/155-VІ (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-13-134 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Катонқарағай ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереженің:

      3-тараудың 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Қосымшаның сыртқы бетінің жоғары жағында ортада алтын түсті Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленіп, түгелдей бас әріппен мемлекеттік тілде "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ", орыс тілінде "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА" деген жазулар орналасқан. Ішкі жағында алтын түсті өрнекпен жиектеліп, оң және сол жақ беттерінің жоғары жағында ортада Қазақстан Республикасының желбіреген Туы орналасқан. Сол жақ бетінде түгелдей бас әріппен мемлекеттік тілде "КАТОНҚАРАҒАЙ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ", оң жақ бетінде орыс тілінде "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА КАТОН-КАРАГАЙСКОГО РАЙОНА" деген жазулар орналасқан. Төменде мемлекеттік және орыс тілдерінде наградталушының тегі, аты, әкесінің аты және сіңірген еңбектері көрсетіледі. Құрмет грамотасы аудан әкімінің және аудандық мәслихат төрағасының қолдарымен расталады. Берілген уақыты көрсетіледі.";

      4 – тараудың 6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Құрмет грамотасымен наградтау туралы (тиісті ұйым басшысының қолымен) ұсынысты еңбек, шығармашылық ұжымдары, аудандық өкілді және атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер атынан олардың басшылары енгізеді.";

      4-тараудың 7-тармағы 2-абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Комиссияның оң қорытындысына сәйкес аудан әкімі мен аудандық мәслихат төрағасының (немесе олардың міндеттерін атқарушының) бірлескен өкімі арқылы Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім қабылданады.";

      4 - тараудың 8- тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Құрмет г рамотасын тапсыру салтанатты түрде жүргізіледі. Құрмет грамотасын аудан әкімі немесе аудандық мәслихат төрағасы, немесе олардың тапсырысы бойыша өзге тұлға тапсырады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Катонқарағай аудандық мәслихатының төрағасы Б. Болаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады