Тарбағатай ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды және олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пайдалану тәртібін, пикеттеуді өткізуге тиым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 27/13-VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 18 сәуірде № 9186-16 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары;

      осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;

      осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес арнайы орындарды пайдалану тәртібі;

      осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

      2. Тарбағатай аудандық мәслихатының мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Тарбағатай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 65-4 "Тарбағатай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7916 болып тіркелген);

      2) Тарбағатай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 қыркүйектегі № 7/6-VIIІ "Тарбағатай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 65-4 "Тарбағатай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8897-16 болып тіркелген) шешімі.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тарбағатай аудандық мәслихатының төрағасы О. Канагатов

  Тарбағатай аудандық мәслихатының
2025 жылғы 11 сәуірдегі
№ 27/13-VIII шешіміне
1- қосымша

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары

    № р/р

Арнайы орын

Шекті толу нормасы

1

Ақжар ауылы, Жамбыл көшесі, "Қабанбай батыр" саябағының ішіндегі шағын сахнаның алдындағы алаң.

70 адамнан артық емес

2

Шерулер мен демонстрациялардың бағыты: Ақжар ауылы Жамбыл көшесі мен Шәкәрім атындағы көше қиылысынан бастап, Жамбыл атындағы көше бойымен Мұхамади көшесінің қиылысына дейін жоғары қозғалу.

  Тарбағатай аудандық мәслихатының
2025 жылғы 11 сәуірдегі
№27/13-VIII шешіміне
2- қосымша

Арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      Бейбіт жиналыс өткізілетін күні ұйымдастырушылар мен оның қатысушылары Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 5 және 6 – баптарының талаптарын сақтауы тиіс.

      Ұйымдастырушы немесе ұйымдастырушының өкілдері бейбіт жиналыстар өткізу кезінде аудиовизуалды техника құралдарын пайдалануға, сондай-ақ бейне- және фототүсірілім жасауға құқылы;

      Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен жүзеге асырады.

  Тарбағатай аудандық мәслихатының
2025 жылғы 11 сәуірдегі
№27/13-VIII шешіміне
3- қосымша

Арнайы орындарды пайдалану тәртібі

      Бейбіт жиналыстар пикеттеуді қоспағанда, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін осы шешіммен айқындалған арнайы орындарда өткізіледі.

      Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-ден ерте бастауға және сағат 20.00-ден кеш аяқтауға болмайды.

      Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан да көп пикет өткізуге жол берілмейді.

      Пикеттеу ұзақтығы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне 2 сағаттан аспауға тиіс.

  Тарбағатай аудандық мәслихатының
2025 жылғы 11 сәуірдегі
№27/13-VIII шешіміне
4- қосымша

Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Объектілердің іргелес аумақтарынан кемінде 800 метр арақашықтықта пикеттеуді өткізуге тыйым салынады:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.

Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и норм их предельной заполняемости, требований к их материально- техническому и организационному обеспечению, порядка их использования, границ прилегающих территории, в которых запрещено проведение пикетирования по Тарбагатайскому району

Решение Тарбагатайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 11 апреля 2025 года № 27/13-VIII. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 18 апреля 2025 года № 9186-16

      В соответствии подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 2 статьи 8 Закона Республики Казахстан "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан", статьей 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах" Тарбагатайский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить:

      специализированные места для организации и проведения мирных собраний и нормы их предельной заполняемости, согласно приложению 1 к настоящему решению;

      требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест, согласно приложению 2 к настоящему решению;

      порядок использования специализированных мест, согласно приложению 3 к настоящему решению;

      границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования, согласно приложению 4 к настоящему решению.

      2. Признать утратившими силу следующие решения Тарбагатайского районного маслихата:

      1) Решение Тарбагатайского районного маслихата от 3 декабря 2020 года № 65-4 "Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка их использования, норм их предельной заполняемости, требований к их материально-техническому и организационному обеспечению, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Тарбагатайском районе" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7916);

      2) Решение Тарбагатайского районного маслихата от 11 сентября 2023 года № 7/6-VІІІ "О внесений изменения в решение Тарбагатайского районного маслихата от 3 декабря 2020 года № 65-4  "Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка их использования, норм их предельной заполняемости, требований к их материально-техническому и организационному обеспечению, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Тарбагатайском районе" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8897-16).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Тарбагатайского районного маслихата О. Канагатов

  Приложение 1 к решению
Тарбагатайского районного маслихата
от 11 апреля 2025 года
№ 27/13-VIII

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний и нормы их предельной заполняемости

    № п/п

Специализированное место

Норма предельной заполняемости

1

Село Акжар, улица Жамбыла, площадка перед небольшой сценой в парке "Кабанбай батыра".

Не более 70 человек

2

Маршрут шествий и демонстраций: село Акжар от пересечения улицы Шакарима с улицей имени Жамбыла, движение вверх по улице имени Жамбыла до перекрестка с улицей Мухамади

  Приложение 2 к решению
Тарбагатайского районного маслихата
от 11 апреля 2025 года
№ 27/13-VIII

Требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест

      В день проведения мирного собрания организаторам и его участникам необходимо соблюдать требования статей 5 и 6 Закона Республики Казахстан "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан".

      Организатор или представители организатора имеют право использовать средства аудиовизуальной техники, а также производить видео- и фотосъемку при проведении мирных собраний.

      Материально-техническое и организационное обеспечение проведения мирных собраний осуществляется их организатором или представителями организатора и участниками за счет собственных средств, а также за счет средств и имущества, собранных и (или) переданных для проведения данных мирных собраний.

  Приложение 3 к решению
Тарбагатайского районного маслихата
от 11 апреля 2025 года
№ 27/13-VIII

Порядок использования специализированных мест

      Мирные собрания проводятся в специализированных местах, определенных данным решением, для организации и проведения мирных собраний, за исключением пикетирования.

      В случае, если на проведение мирного собрания в одном и том же месте и (или) по одному и тому же маршруту следования либо в одно и то же время одновременно претендует несколько организаторов мирных собраний, очередность использования указанного места определяется местным исполнительным органом исходя из времени получения им соответствующего уведомления или заявления от организатора мирных собраний.

      Мирные собрания начинаются не ранее 9.00 часов и заканчиваются не позднее 20.00 часов по местному времени в день проведения мирных собраний.

      Не допускается проведение двух и более пикетов в одном и том же месте в одно и то же время у одного и того же объекта, за исключением специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.

      Продолжительность пикетирования не должна превышать 2-х часов в день в одном и том же месте у одного и того же объекта, за исключением специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.

  Приложение 4 к решению
Тарбагатайского районного маслихата
от 11 апреля 2025 года
№ 27/13-VIII

Границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования

      Запрещается проведение пикетирования на растоянии не менее 800 метров от прилегающих территории:

      1) в местах массовых захоронений;

      2) на объектах железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта и прилегающих к ним территориях;

      3) на территориях, прилегающих к организациям, обеспечивающим обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) на территориях, прилегающих к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      5) на магистральных железнодорожных сетях, магистральных трубопроводах, национальной электрической сети, магистральных линиях связи и прилегающих к ним территориях.