Тарбағатай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 65-4 "Тарбағатай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 қыркүйектегі № 7/6-VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 19 қыркүйекте № 8897-16 болып тіркелді

      Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Тарбағатай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 65-4 "Тарбағатай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7916 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1, 2, 3, 4 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3, 4 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      О. Канагатов

  "ШҚО Тарбағатай ауданы
маслихатының аппараты" ММ
2023 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 7/6-VIII Шешіміне
1- қосымша
  Тарбағатай аудандық
мәслихатының
2020 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 65-4 шешіміне
1- қосымша

Тарбағатай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін мамандандырылған орындар және олардың шекті толу нормалары

р/с №

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру
және өткізу үшін мамандандырылған орындар

Шекті толу нормасы

1.

Ақжар ауылы, Жамбыл көшесі. Жамбыл көшесінің бойындағы "Қабанбай батыр" саябағының ішіндегі шағын сахнаның алдындағы алаң.
Бейбіт жиналыстар өткізу үшін жүру бағыты:
Ақжар ауылы, Жамбыл және Мұхамади көшелерінің қиылысынан бастап Жамбыл және Шәкәрім көшелері қиылысы аралығындағы Жамбыл көшесінің бойы.

70 адам

  Шешіміне 2- қосымша
Тарбағатай аудандық
мәслихатының
2020 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 65-4 шешіміне
2- қосымша

Тарбағатай ауданында арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Ұйымдастырушы немесе ұйымдастырушының өкілдері бейбіт жиналыстарды өткізу кезінде дыбыс-бейне жазу техникасын, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауға арналған техниканы пайдалануға құқылы.

      2. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен жүзеге асырады.

  Шешіміне 3- қосымша
Тарбағатай аудандық
мәслихатының
2020 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 65-4 шешіміне
3- қосымша

Тарбағатай ауданында арнайы орындарды пайдалану тәртібі

      Бейбіт жиналыстар пикеттеуді қоспағанда, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін осы шешіммен айқындалған арнайы жерлерде өткізіледі.

      Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-ден ерте бастауға және сағат 20.00-ден кеш аяқтауға болмайды.

      Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан да көп пикет өткізуге жол берілмейді.

      Пикеттеу ұзақтығы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне 2 сағаттан аспауға тиіс.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 17 және 18-баптарында көзделген жағдайларда жергілікті атқарушы орган өкілінің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талап етуі бойынша бейбіт жиналыстарға қатысушыларға осындай талапты орындау қажеттігі туралы ақпарат бере отырып, бейбіт жиналыстарды тоқтата тұрады немесе тоқтатады.

  Шешіміне 4- қосымша
Тарбағатай аудандық
мәслихатының
2020 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 65-4 шешіміне
4- қосымша

Тарбағатай ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Ақжар ауылының келесі объектілерінің іргелес аумақтарынан кемінде 400 метр қашықтықта пикеттеуді өткізу шекарасы айқындалсын:

      1) жаппай жерлеу орындары;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады