ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңақала ауданы әкiмiнiң "Жаңақала ауданы аумағында сайлау учаскелерiн құру туралы" 2018 жылғы 30 қарашадағы № 9 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5417 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
№118 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
"№118 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Кіші Айдархан ауылы, Кіші Айдархан көшесі 5, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Жаңақала аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Кіші Айдархан медициналық пункті ғимараты.
Шекаралары: Кіші Айдархан ауылы, Жаңаорын, Батыр, Терең Құдық, Қарасу, Қушығанақ, Фазыл Орны, Оңғар Орны, Теңдік, Жас Тұлпар қыстаулары.";
№130 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
"№130 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Жангелді ауылы, Жангелді көшесі 14/1, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Жаңақала аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Жангелді медициналық пункті ғимараты.
Шекаралары: Жангелді ауылы, Құлпытас, Бесапан, Сатыморын, Шымқұдық, Талсай-1, Талсай-2, Лагерь, Жаңаорын, Көшіморын, Тама, Құбаш, Бақша қыстаулары.";
№131 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
"№131 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Айтпай ауылы, Айтпай көшесі 8/1, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Жаңақала аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Айтпай медициналық пункті ғимараты.
Шекаралары: Айтпай ауылы, Бөгет, Құмырзақ, Шетен, Тайпақ, Өркен, Жасқайрат, Мақсот, Боз-Оба, Ибрайым, Малақай қыстаулары.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңақала ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Кушкинбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Жаңақала ауданының аумақтық
сайлау комиссиясы