Жаңақала ауданы әкiмiнiң "Жаңақала ауданы аумағында сайлау учаскелерiн құру туралы" 2018 жылғы 30 қарашадағы № 9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 5 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 29 сәуірде № 7514-07 болып тіркелді

      ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жаңақала ауданы әкiмiнiң "Жаңақала ауданы аумағында сайлау учаскелерiн құру туралы" 2018 жылғы 30 қарашадағы № 9 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5417 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      №118 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№118 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Кіші Айдархан ауылы, Кіші Айдархан көшесі 5, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Жаңақала аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Кіші Айдархан медициналық пункті ғимараты.

      Шекаралары: Кіші Айдархан ауылы, Жаңаорын, Батыр, Терең Құдық, Қарасу, Қушығанақ, Фазыл Орны, Оңғар Орны, Теңдік, Жас Тұлпар қыстаулары.";

      №130 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№130 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Жангелді ауылы, Жангелді көшесі 14/1, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Жаңақала аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Жангелді медициналық пункті ғимараты.

      Шекаралары: Жангелді ауылы, Құлпытас, Бесапан, Сатыморын, Шымқұдық, Талсай-1, Талсай-2, Лагерь, Жаңаорын, Көшіморын, Тама, Құбаш, Бақша қыстаулары.";

      №131 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№131 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Айтпай ауылы, Айтпай көшесі 8/1, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Жаңақала аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Айтпай медициналық пункті ғимараты.

      Шекаралары: Айтпай ауылы, Бөгет, Құмырзақ, Шетен, Тайпақ, Өркен, Жасқайрат, Мақсот, Боз-Оба, Ибрайым, Малақай қыстаулары.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңақала ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Кушкинбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Жаңақала ауданының аумақтық
сайлау комиссиясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады