Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 24.04.2013 № 281 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Шекаралық аймаққа келуге және онда болуға рұқсаттама мен рұқсат беру тәртiбi туралы қоса берiлiп отырған Нұсқау бекiтiлсiн.
2. Облыстардың, Астана, Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің бастықтары:
а) шекаралық аймаққа келуге рұқсаттама мен рұқсат беруге және онда келу, болу, тiркелу ережелерiн сақтауға бақылау жасауда қатысы бар iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң нұсқауды оқып бiлуiн;
ә) меншiк нысанына қарамастан мекемелердiң, ұйымдардың мүдделi адамдарымен құжаттарды ресiмдеу және рұқсаттама мен рұқсат алу тәртiбi туралы түсiндiру жұмыстарын жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Ішкі істер министрлігінің 2005 жылғы 18 шілдедегі N 438 бұйрығымен (бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі ).
3. КСРО IIМ-нiң 13 қазан 1983 жылғы N 0285 Бұйрығының күшi жойылды деп саналсын.
Министрдiң бiрiншi орынбасары
милиция генерал-майоры
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауiпсiздiк Комитетiмен
2 көкек 1994 жылы келiсiлдi
Шекаралық аймаққа келуге және онда болуға
рұқсаттама мен рұқсат беру тәртiбi туралы
Нұсқау
Ескерту: Барлық мәтін бойынша:
"Министрлер Кабинеті", "Министрлер Кабинетінің" деген сөздер "Үкіметі", "Үкіметінің" деген сөздермен ауыстырылды;
"ІІБ" деген аббревиатура "ІІД" деген аббревиатурамен ауыстырылды - Ішкі істер министрлігінің 2005 жылғы 18 шілдедегі N 438 бұйрығымен (бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі ).
І. Жалпы ережелер
1. 1993 жылғы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi қабылдаған "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасында тиiстi тәртiп орнатуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі шекаралық аймақ пен шекаралық белдеудi белгiлейдi.
2. Аумағында шекаралық аймақ белгiленетiн әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер:
аудандардың, қалалардың, ауылдардың, селолардың, темiр жол станцияларының, әуежайлардың және өзен кемелерi аймақтарының тiзбесi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Қаулысымен бекiтiледi.
3. Рұқсаттамасыз жеке басын куәландыратын құжаттары бойынша шекаралық аймаққа келуге құқылы лауазымды адамдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктерiмен, мемлекеттiк комитеттерiмен және ведомстволарымен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi белгiлейдi.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметі немесе оның тапсырмасымен шекаралық облыстардың әкiмдерi жергiлiктi жағдайларды ескере отырып, "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы" туралы Қазақстан Республикасы Заңына Республиканың басқа заң актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiсiмi бойынша шекаралық аймақтағы шекара режимi туралы қаулылар мен шешiмдер шығарады.
5. Азаматтардың шекаралық аймаққа келуiне осы Нұсқаудың 3 тармағында көзделген тәртiпте белгiленген тiзбеде көрсетiлген адамдардан басқа iшкi iстер органдары беретiн рұқсаттанамалар (N 1 қосымша) бойынша рұқсат етiледi.
Қызмет бабындағы iссапарға, ауруханаларға, санаторийлерге, демалыс үйлерiне, пансионаттарға басқа емдiк сауықтыру мекемелерiне бара жатқан Қазақстан Республикасы мен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң азаматтары шекаралық аймаққа iссапар куәлiктерi, жолдамалары бойынша жеке басын куәландыратын құжаттары болған жағдайда келе алады.
Оқуға кеткенге дейiн шекаралық аймақтағы және шекаралық белдеудегi елдi мекеннiң тұрғыны болған жоғары, орта арнаулы және басқа оқу орындарының оқушылары мен студенттерi осы мекендерге өздерiнiң оқу орындарында оқитындығын куәландыратын құжаттары бойынша, шекаралық аймақтағы және шекаралық белдеудегi елдi мекендерден оқуға кеткендiгiн растайтын жергiлiктi атқару органдарының анықтамалары бойынша келедi.
Шекаралық аймақта тұрақты тұратын азаматтар Қазақстан Республикасының шекаралық облыстары аумағында бүкiл шекаралық аймақ шеңберiнде iшкi iстер органдарының рұқсатынсыз және рұқсаттамасыз жүре алады. Шекаралық аймақта тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәлiктерiне iшкi iстер органдарының мөртаңбасы соғылады.
Рұқсаттама бланкiлерi бiрыңғай үлгiде және Қазақстан Республикасы IIМ-нiң тапсырысы бойынша жасалады.
Ескерту. Мемлекеттiк шекара мен шекара әскерлерiнiң инженерлiк бөгет желiсi аралығындағы шекаралық белдеуге онда тұрмайтын Қазақстан Республикасы азаматтары тек өндiрiстiк және қызмет бабында қажет болған жағдайда ғана жiберiледi.
Бұл азаматтарды жiберу және онда уақытша болу тәртiбiн, сондай-ақ аталған жерде ауыл шаруашылық жұмыстары мен басқа жұмыстарды жүргiзу тәртiбiн жергiлiктi атқару органдарымен келiсiм бойынша шекара әскерлерi белгiлейдi.
Шекаралық аймаққа мемлекеттiк шекарадан өткiзу пунктiне автокөлiкпен бара жатқан ТМД елдерiнiң азаматтарында екi жақты келiсiмдерге сәйкес Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгi дайындаған жекелеген автокөлiкпен және бiрнеше көлiк құралдарымен жүктердi өткiншi алып жүруге және халықаралық тасымалдауға арналған рұқсаты болуы тиiс.
Шекаралық белдеуде және шекара әскерлерiнiң инженерлiк ғимараттарының арғы жағындағы жердiң белдеуiнде орналасқан елдi мекендерге өткiзу тәртiбi шекаралық аймаққа өткiзу тәртiбi сияқты жүргiзiледi.
6. Басқа ТМД мемлекеттерiнiң тұрғындары шекаралық аймаққа, егер халықаралық шарттармен және келiсiмдермен басқадай көзделмесе, жеке арызы және сол арыздың негiздiлiгiн айғақтайтын басқа құжаттар негiзiнде тұрақты мекенi бойынша тиiстi iшкi iстер органы беретiн рұқсаттама бойынша келедi.
II. Шекаралық аймаққа келуге рұқсаттама
және рұқсат беру
7. Қазақстан Республикасы азаматтарына шекаралық аймаққа келу және онда болуға құқық беретiн рұқсаттаманы жеке арызы немесе тиiстi өтiнiшi негiзiнде және осы арыздар мен өтiнiштердi қуаттайтын құжаттар бойынша тұрақты мекенiндегi Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдары бередi.
Алматы қаласы мен облыс орталықтарында тұратын азаматтарға рұқсаттаманы IIМ, ІІД паспорт және виза жұмыстары бөлiмi бере алады.
Уақытша бөлу орындары бойынша азаматтарға рұқсаттама қалыптасқан жағдайға қарай ерекшелiк ретiнде (ауру, туысқанының қайтыс болуы т.с.с.), сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматы болып табылатын және тiркелген аймағынан тыс жерге кемеден босатылған теңiзшiлерге берiлуi мүмкiн.
8. Шекаралық аймаққа тұрақты тұруға, жұмысқа шақырылған, соның iшiнде ұйымдасқан түрде, оқуға келе жатқан азаматтарға рұқсаттама берiледi.
Сонымен бiрге, қызмет бабымен немесе жеке шаралары бойынша шекаралық аймаққа келетiн азаматтарға рұқсаттама берiледi.
9. Рұқсаттама, әдетте, бiр адамға берiледi. Ата-аналарымен немесе оларды ертiп жүрген адамдармен шекаралық аймаққа келетiн 16 жасқа дейiнгi балалар туралы мәлiметтер, сол адамдардың рұқсаттамасына жазылады.
Шекаралық аймақтың тұрғыны болып табылатын, бiрақ одан уақытша шыққан балалар ата-аналарынсыз (қамқоршысыз) келе жатқан болса бұл аймаққа тууы туралы куәлiктерi бойынша, ал онысы болмаған жағдайда өздерiнiң шекаралық аймақта тұрақты тұратынын дәлелдейтiн жергiлiктi атқару органдарының анықтамасы бойынша келедi.
10. Ауыл шаруашылық жұмыстарын, маусымдық теңiз және өзен кәсiпшiлiгi жұмыстарын жүргiзуге колхоздарға (совхоздарға) көмек көрсету үшiн, жайылымға мал айдау, құрылыс, iздестiру және басқа жұмыстар жүргiзу үшiн азаматтар тобы, сондай-ақ туристер тобын, әртiстер бригадасы және шекаралық аймаққа тұрмайтын басқа азаматтар ұжымы шекаралық аймаққа келген жағдайда, рұқсаттама топтардың жетекшiлерiне берiлу мүмкiн, онда олардың жеке басын куәландыратын құжаттары бойынша және аттанған жерiнде мүдделi кәсiпорындар мекемелер, ұжымдардың (колхозды қоса есептегенде) елтаңбалық мөрiмен бекiтiлген және лауазымды адамдардың қолымен расталған жетекшiде болатын ұжымның тiзiм бойынша онымен бiрге ерген адамдардың саны көрсетiледi.
11. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң (соның iшiнде Республикалық Ұланның, темiр жол, құрылыс және басқа арнаулы құрамалар мен бөлiмдер) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк органдары мен әскерлерiнiң, Қазақстан Республикасы iшкi әскерлерiнiң әскери қызметшiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Прокуратурасы мен сот органдарының прокурорлық тергеу қызметкерлерi, Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамындағы адамдар шекаралық аймаққа олардың жеке басын куәландыратын құжаттары бойынша және қызметтiк жарлық, өту куәлiгi, iссапар және демалыс құжаттары бойынша өтедi. Отбасымен бiрге шекаралық аймаққа баратын аталған адамдардың отбасы мүшелерi солардың қызмет ұйғарымына немесе демалыс билетiне жазылады, аталған адамдарға өз бетiнше келе жатқандар, отбасы қызмет ететiн орнымен берiлген анықтама жiберiледi.
Осы тармақтың ережесi ТМД-ға Қатысушы-мемлекеттердiң қауiпсiздiк және iшкi iстер әскерлерiнiң, органдарының әскери қызметшiлерiне және олардың отбасы мүшелерiне де таратылады.
12. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнен (соның iшiнде Республикалық Ұланнан, темiр жол, құрылыс және басқа арнаулы құрамалар мен бөлiмдерден), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiгiн әскерлерi мен органдарынан бастайтын әскери қызметкерлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы прокуратура және сот органдарының прокурорлық-тергеушi қызметкерлерi, Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарынан босатылған қатардағы және басшы құрамдағы адамдар, егер олар осы жерлерден шақырылған болса, немесе мұнда жақын туысқандары болса шекаралық аймаққа қызметтiк жарлық бойынша немесе өткiзу куәлiгi бойынша кiредi, ал мерзiмдi әскери қызметке шақырылған адамдар шекаралық аймаққа тиiстi әскери комиссариаттардың олар бара жатқан мекен көрсетiлген атаулы тiзiмi бойынша және жарлығы бойынша енедi.
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң, қауiпсiздiк органдарының әскерлерiнен және қарулы күштерінен босатылған әскери қызметшiлер, егер олар осы жерлерден шақырылған болса немесе жақын туысқандары бар болса, шекаралық аймаққа қызметтiк жарлықтар немесе өткiзу куәлiктерi бойынша енедi.
13. Жергiлiктi және халықаралық тасымалдаумен айналысатын, немесе темiр жолдар мен тас жолдарды, тиiстi көлiк құралдарын, сондай-ақ мұнай құбырларын, байланыс және электр тоғын беру желiлерiн жөндейтiн және пайдаланатын кәсiпорындардың, ұйымдардың тұрақты қызметкерлерi қызмет бабымен қажет болған жағдайларда шекаралық аймаққа (осы қызметкерлер үшiн белгiленген еңбек мiндеттерi мен рейстердiң, маршруттардың жұмысына қатысушылар шегiнде) өздерiнiң қызмет куәлiктерi бойынша келедi.
14. Қазақстан Республикасының халық депутаттары, шекаралық аймақтың аумағы өздерiне қарайтын облысының атқару органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары халық депутаттарының куәлiгiмен немесе қызмет куәлiктерiмен жiберiледi.
15. Шекаралық аймақта орналасқан балалар, мектептiң сауықтыру мекемелерiне келе жатқан балалар бұл аймаққа ұйымдасқан түрде, рұқсаттамасы немесе iссапар құжаты бар адамдардың басшылығымен рұқсаттамасыз жiберiледi. Аталған балалар мекемелерiндегi балалардың ата-аналары балаларына келу мақсатымен шекаралық аймаққа жеке басын куәландыратын құжаттары және балалар мекемелерiне жолдама берген кәсiпорындардың, мекемелердiң және ұйымдардың анықтамалары бойынша жiберiледi.
16. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен жеңiлдiктерi бойынша соларға теңестiрiлген адамдар қатарындағы мүгедектер шекаралық аймаққа өздерiнiң жеке басын куәландыратын құжаттары бойынша және Ұлы Отан соғысына қатысушының куәлiгi бойынша (жеңiлдiктерге құқы туралы және мүгедектiгi туралы құжаттар) жiберiледi.
Туысқандарының қайтыс болуына (ауыру) байланысты шекаралық аймаққа бара жатқан азаматтар бұл аймаққа жеке басын куәландыратын құжаттары бойынша және емдеу мекемелерi растаған тиiстi жеделхаттар (анықтамалар) бойынша, ал туысқандарын жерлерге бара жатқанда - жергiлiктi атқарушы органдардың анықтамалары бойынша жiберiледi.
17. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын немесе уақытша келген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа, соның iшiнде шекаралық аймақтағы еркiн экономикалық аймаққа келуi және онда болуы Қазақстан Республикасы Заңдарымен белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады. Барлық жағдайда олардың шекаралық аймаққа келуiне және онда болуына рұқсатты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiсiм бойынша iшкi iстер органдары бередi.
Шекаралық аймақта тұратын туысқандары мен таныстарына бара жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары, соның iшiнде шетелде тұрақты тұратындары, олардың отбасы мүшелерi бұл аймаққа өздерiнiң жеке басын куәландыратын құжаттары бойынша және жергiлiктi атқарушы органдар растаған, туысқандары мен таныстарының шақырулары немесе жеделхаттары бойынша келедi.
Қызмет бабымен, қоғамдық, жеке iстер бойынша, емделу және демалу үшiн, немесе турист ретiнде шетелде жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасына келген кезде шекаралық аймақта орналасқан өзiнiң тұрақты тұратын жерiне Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасына қайтып оралған туралы куәлiктерi бойынша келедi.
18. Шекаралық аймаққа келушi адамдар тиiстi мекенiне келгеннен кейiн үш күндiк мерзiмде iшкi iстер органына немесе жергiлiктi өкiмет органдарында тiркелуге мiндеттi.
19. Әкiмшiлiк орталықтар, мектептер, ауруханалар, басқа мекемелер, кәсiпорындар (бiрлескен, шағын) мен ұйымдар, колхоздар (фермерлiк, жалгерлiк, шаруа қожалықтары), еркiн экономикалық аймақтың шаруашылық құрылымдары (қалалар) шекаралық аймақ шегiнде, орналасқан жағдайда, ал олар қызмет көрсететiн азаматтардың бiр бөлiгi шекаралық аймақтан тыс жерде тұрса бұл азаматтарға өздерiнiң жеке басын және осы жерде тұратындығын куәландыратын құжаттары бойынша шекаралық аймаққа келуге рұқсат етiледi.
Тиiстi мекендердiң тiзбесiн, шекара әскерлерiмен келiсiм бойынша шекаралық облыстардың өкiмет және басқару органдары белгiлейдi және жергiлiктi халыққа хабарланады.
20. Шекаралық аймаққа келуге арналған рұқсаттама мен рұқсат, әдетте, белгiлi бiр елдi мекенге берiледi. Тиiстi өтiнiш хат болған жағдайда олар шекаралық аймақтың бiрнеше елдi мекендерiне, ал ерекше жағдайларда (электр монтаждау, темiр жол, құрылыс ұйымдарының қызметкерлерiне және басқаларға) бiрнеше аудандардың немесе облыстардың аумақтарына бару үшiн берiлу мүмкiн.
21. Кәсiпорындардың, мекемелердiң және ұйымдардың қызмет бабымен шекаралық аймаққа жиi шығатын қызметкерлерiне рұқсаттама бiр жылға дейiнгi мерзiмге берiлуi мүмкiн. Шекаралық аймаққа тұрақты тұруға келген азаматтарға рұқсаттама тұратын жерiне келуi үшiн қажеттi мерзiмге, ал уақытша тұруға келушiлерге болатын уақытша бiрақ 6 айдан аспайтын мерзiмге берiледi.
Туысқандарына бару үшiн, қоғамдық мәселелер бойынша шекаралық аймаққа жиi келетiн азаматтарға рұқсаттама бiр жылға дейiнгi мерзiмге берiле алады.
22. Еңбекпен түзеу мекемелерiнен босатылған адамдарға шекаралық аймаққа келуге рұқсаттаманы осы мекемелер орналасқан жердегi iшкi iстер органдары бередi.
Бұл жағдайларда еңбекпен түзеу мекемелерiнiң әкiмшiлiгi босатылуға немесе есептен шығаруға бес күн қалғанда осындай адамдардың рұқсаттама беру туралы өтiнiшi iшкi iстер органдарына тапсырады, сотталғаны туралы (қашан, қай жерде, қандай Қылмыстық Кодекстiң бабымен сотталғаны, жазадан неге байланысты босатылғаны (шекаралық аймақта сотталғанға дейiн тұрған-тұрмағанын, онда олардың отбасы, туысқандары тұратыны туралы, сонымен бiрге рұқсаттама беру мүмкiндiгi туралы пiкiрi мен мәлiметтердi хабарлайды.
Ұсынылған құжаттар негiзiнде iшкi iстер органдары рұқсаттама беру туралы мәселенi шешедi.
23. Егер шекаралық аймаққа баруға шыққан азаматтар жолда аялдап, олардың рұқсаттамаларының мерзiмi бiтiп қалған жағдайда осындай адамдардың өтiнiш жасаған iшкi iстер органы тапсырылған құжаттарды тексерген соң рұқсаттаманың қолданылу мерзiмiн ұзартуға құқылы. Бұл туралы рұқсаттаманың екiншi бетiне жазу жазылып, елтаңбалық мөр қойылады.
24. Азаматтар жоғалтып алған рұқсаттамалардың орнына оларды тиiстi iшкi iстер органының бергенi қуатталғаннан кейiн жаңасы берiлуi мүмкiн.
25. Шекаралық аймақта орналасқан елдi мекендерде азаматтарды тiркегенде (тiркеу) жеке куәліктерiндегi тұратын мекен-жайы көрсетiлген бағанаға қосымша "ЗП" әрiптерi жазылады.
Шекаралық аймақтан тыс жерге уақытша шыққанда жеке куәлiгiн жоғалтқан шекаралық аймақтың тұрғындарына олар өтiнiш жасаған iшкi iстер органдары Қазақстан Республикасындағы паспорт жүйесi туралы Ереженi қолдану нысаны бойынша анықтама бередi, ал шекаралық аймақта тұратындығын растаған жағдайда оған аймаққа келуге рұқсат беретiн белгi соғылады.
III. Шекаралық аймаққа келуге рұқсаттама
мен рұқсатты ресiмдеу тәртiбi
26. Шекаралық аймаққа келуге рұқсат алу үшiн азаматтар шығардан кем дегенде 10 күн бұрын тұратын жерiндегi iшкi iстер органдарына жазбаша арыз (N 2 қосымша) немесе келу мақсатын растайтын өтiнiм хат пен құжаттар ұсынады.
Мұндай құжаттарға мыналар жатады: жергiлiктi атқару органдарының немесе тұрғын үй ұйымының туысқандары тұратындығы туралы, кәсiпорын, мекеме, ұйымдар әкiмшiлiгi атынан жұмысқа шақыру туралы, оқуға шақыру, әскери бөлiм бастығының анықтамасы және басқа құжаттар.
27. Шекаралық аймаққа жұмысқа жiберiлген азаматтарға рұқсаттама беру үшiн кәсiпорындардың, мекемелердiң және ұйымдардың басшылары шығудан 10 күн бұрын азаматтардың тұратын жерiндегi iшкi iстер органдарына жазбаша өтiнiм хат тапсырады. Онда аттанушылардың аты-жөнi, туған жылы және тұратын мекен-жайы паспорттарының сериясының нөмiрi (жеке куәлiгi), қайда және қашан берiлгенi және бару көзделген елдi мекеннiң (ауданның, облыстың) аты, шығу мерзiмi көрсетiледi.
Егер азаматтар тобы шекаралық белдеуде жұмыс iстеуге жiберiлсе олардың тiзiмi жүрерден 30 күн бұрын 5 данада жiберiледi. Бұл тiзiмде көрсетiлген адамдар ұлттық қауіпсіздік органдары аумақтық бөлімшелерінің есебi бойынша тексерiледi. Тiзiмнiң бiрiншi данасын рұқсаттамаларға қол қою құқы бар адам растайды, паспорт және виза жұмыстары аппараты үшiн көзделiнген елтаңбалы мөрмен бекiтiлiп топ жетекшiсiне табыс етiледi, екiншi данасы iшкi iстер органында қалады. Бiреуiнде тексерудiң нәтижелерi көрсетiлген тiзiмдердiң қалған үшеуi Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң жергiлiктi органына жiберiледi.
Бұл азаматтарға ерекше жағдайда рұқсаттама кәсiпорын, мекеме немесе ұйым орналасқан жерi бойынша берiлуi мүмкiн.
Ескерту: 27-тармаққа өзгерту енгізілді - Ішкі істер министрлігінің 2005 жылғы 18 шілдедегі N 438 бұйрығымен (бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі ).
28. Шекаралық аймақ шегiнде, ал ол белгiленбеген жерлерде, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасына жанасып жатқан аудандардың, қалалардың, поселкелердiң, селолардың, ауылдардың аумағы немесе шекара әскерлерi күзететiн теңiз жағалауы шегiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумақтық теңiзiнде, iшкi суларында, шекаралық өзендер мен басқа суаттардың суының қазақстан бөлiгiнде мыналар жүзеге асырылады:
а) әуе кемелерiнiң барлық түрiнiң ұшуы және аэрофотосуретке түсiру, геодезиялық және топографиялық жұмыстар - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң рұқсаты бойынша шекаралық белдеуде және мемлекеттiк шекара мен шекара әскерлерiнiң инженерлiк бөгеттерi желiсiнiң арасындағы жердiң белдеуiнде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң рұқсаты және Шекара әскерлерiмен келiсiм бойынша;
ә) Геологиялық, гидротехникалық, жол жұмысы және басқа iздеулер, сондай-ақ шекаралық өзендердiң, көлдердiң және басқа суаттардың су режимiне өзгертумен байланысты гидротехникалық, мелиоративтiк және басқа жұмыстар, жерлердi кинофотосуретке түсiру, соның iшiнде шекаралық белдеу шегiнде - Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiнiң рұқсаты бойынша.
30. Шекаралық аймаққа баратын Қазақстан Республикасы азаматтары тұратын жерi бойынша ІІД есебi бойынша тексерiледi.
Шекаралық аймаққа өз бетiмен баратын, сондай-ақ ата-аналарымен немесе алып баратын бiрге 16 жасқа толмаған балалар жедел есептер бойынша тексерiлмейдi.
Ескерту: 30-тармаққа өзгертулер енгізілді - Ішкі істер министрлігінің 2005 жылғы 18 шілдедегі N 438 бұйрығымен (бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі ).
31. Шекаралық аймаққа келуге рұқсаттамалар мен рұқсаттар беру немесе беруден бас тарту, сондай-ақ рұқсаттаманың күшiнде болу мерзiмiн ұзарту туралы шешiмдi тексеру материалдары негiзiнде ІІД паспорт және виза жұмыстары бөлiмдерiнiң бастықтары, iшкi iстер органдарының бастықтары немесе олардың орынбасарлары қабылдайды.
Азаматтарға рұқсаттама беруден бас тарту туралы шешiм оларға хабарланады.
Ескерту: 31-тармаққа өзгертулер енгізілді - Ішкі істер министрлігінің 2005 жылғы 18 шілдедегі N 438 бұйрығымен (бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі ).
32. Рұқсаттама алуға азаматтар iшкi iстер органына жеке өзi келедi. Оларға рұқсаттама шекаралық аймаққа кiруге берiлген рұқсаттамалар мен рұқсаттарға есеп жүргiзу кiтабына қол қойдыра отырып жеке басын куәландыратын құжаттарын тексергеннен кейiн берiледi. (N 3 қосымша)
Рұқсаттамаларды беру кезiнде паспорт аппараттары қызметкерлерi алушыларды рұқсаттаманың екiншi жағында баяндалған ережелермен таныстыруға және онда қолдарын қоюды ұсынуға мiндеттi.
Шекаралық аймаққа тұруға кететiн азаматтар рұқсаттаманы алғаннан кейiн ғана әскери есептен шығады.
33. Рұқсаттамалар көк, қара, күлгiн сиялармен (пастамен) немесе жазатын машиналармен толтырылады. ІІД, ҚАІІб(Б) көші-қон полициясы бөлімшелерінің бастықтары қол қояды.
Қол қойылған рұқсаттамаларға паспорттарды желiмдеу үшiн көзделген елтаңбалы мөр соғылады.
Ескерту: 33-тармаққа өзгертулер енгізілді - Ішкі істер министрлігінің 2005 жылғы 18 шілдедегі N 438 бұйрығымен (бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі ).
34. Рұқсаттамалар ұқыпты, анық, жазуларын қысқартпай, түзетулерсiз толтырылуы керек, бұл ретте:
а) "Келуге және тұруға" жолында "уақытша тұру" немесе "тұрақты тұру" деп көрсетiледi; ал осы нұсқаудың 21 тармағымен көрсетiлген жағдайларды "мезгiл-мезгiлiмен қызмет бабында" немесе "мерзiм-мерзiммен жеке iсi бойынша";
ә) "онымен бiрге 16 жасқа толмаған балалары" жолында, егер олар ата-анасымен бiрге бармаса "жоқ" деп көрсетiледi.
б) Құжатын көрсеткенде ғана жолында жеке басын куәландыратын құжаттары (паспорты, жеке куәлiгi, туу туралы куәлiгi, әскери билетi) көрсетiледi;
в) рұқсаттаманың күшi жүретiн мерзiмi жолында шекаралық аймақта уақытша болуы үшiн қажеттi мерзiм, ал тұрақты тұруға шыққан жағдайда тұратын жерiне бару үшiн, қажеттi мерзiм көрсетiледi.
35. Шекаралық аймаққа тұрақты тұруға немесе уақытша тұруға баратын барлық адамдар тиiстi мекенге келген бойда тiркелу үшiн өз құжаттарын тапсыруға мiндеттi.
36. Шекаралық аймақта азаматтарды тiркеу кезiнде олардың рұқсаттамасын iшкi iстер органдары алып тiркеу үшiн негiз болған басқа құжаттармен сақтайды.
Шекаралық аймаққа уақытша тұруға немесе бiрнеше дүркiн шығуына байланысты азаматтарға берiлген рұқсаттамалар күшiнде болу мерзiмi аяқталар бойда оларды берген жердегi iшкi iстер органына қайтарылады.
Шекаралық аймақта уақытша тұратын азаматтарды тiркеу жерiнде тiркеу карточкасында, немесе үй кiтабында немесе тiркеу журналында рұқсаттама туралы деректер;
сериясы, нөмiрi, кiмнiң, қашан және қандай мерзiмге бергенi көрсетiледi. Рұқсаттамалардың екiншi жағына тiркеу туралы белгiлер соғылады және рұқсаттамалар иелерiне қайтарылып берiледi.
37. Егер, шекаралық аймақта уақытша тұруға келген азаматтар тiркеу туралы өтiнiш жасаса онда бұл мәселе жалпы бiрдей белгiленген тәртiпте шешiледi.
38. Шекаралық аймаққа уақытша келген азаматтар рұқсаттамаларды немесе iс-сапар куәлiктерiнде, жолдамаларда, курсовкаларда көрсетiлген елдi мекендер мен аудандар шегiнде ғана тұруға құқылы.
IV. Шекаралық режим ережелерiн бұзғаны
үшiн жауапкершiлiк
39. Шекаралық аймаққа немесе алқапқа келу, онда тұру немесе тiркелу ережелерiн бұзғаны үшiн кiнәлi азаматтар Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.
40. Шекаралық аймақта орналасқан, меншiк нысанына қарамастан мекемелердiң, кәсiпорындардың, ұйымдардың (колхозшыларды қоса алғанда) басшыларына шекаралық аймаққа келуге және онда тұруға рұқсаты жоқ адамдарды қабылдауға тиым салынады.
41. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасы аумағында тұрудың, тiркелудiң және жүрiп-тұрудың белгiленген ережелерiн бұзғаны үшiн, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.
Шетелдiк, дипломатиялық және консулдық өкiлдiктердiң басшылары мен қызметкерлерiнiң сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Заңдарына және Халықаралық Шарттарға сәйкес артықшылықтармен имунитеттер белгiленген басқа адамдардың жауапкершiлiгi туралы мәселе дипломатиялық жолымен шешiледi.
Қазақстан Республикасы
IIМ паспорт және виза
жұмыстары басқармасы
Қазақстан Республикасы
Iшкi iстер министрлiгi
_____________________________________
(облысы)
_____________________________________
(iшкi iстер органының атауы)
19__жылғы ___________________
N
М.О.
N 1 қосымша
Рұқсаттама
Азамат____________________________________________
(тегi, есiмi, әкесiнiң есiмi және туған жылы)
____________________________________________
(қаланың, мекеннiң және оның қай облыстың
құрамына - келуге және тұруға рұқсат етiледi
____________________________________________________
кiретiнi дәл көрсетiледi)
Сапарының мақсаты___________________________________
Онымен бiрге 16 жасқа толмаған балалары_____________
(әр баланың есiмi мен жасы көрсетiледi)
құжатын көрсеткенде ғана
__________________________
(құжаттың сериясы; N 1,
_________________________________________________________________
қашан, кiмнiң бергенi көрсетiледi)
Рұқсаттаманың күшi жүретiн мерзiмi_______________________________
Бастығы_________________
Ереже
1. Рұқсаттама онда көрсетiлген елдi мекенге келуге құқық бередi.
2. Рұқсаттамада көрсетiлген жерге келген адам келген сәтiнен бастап бiр тәулiк мерзiмнiң iшiнде рұқсаттамасы мен құжатын iшкi iстер органында тiркеуi үшiн тiркелiм жасауға жауапты адамға (үй басқарушысына, жатақхана комендантына, мейманхана, санаторий, демалыс үйi әкiмшiлiгiне немесе бұған арнайы өкiлдiк берiлген адамға) тапсыруға мiндеттi.
3. Рұқсаттамасын жоғалтып алған жағдайда бұл туралы оның иесi өзi жүрген жердегi ең таяу iшкi iстер органына дереу хабарлауға тиiс.
4. Рұқсаттама алып, бiрақ қандай бiр себептермен онда көрсетiлген елдi мекенге бара алмай қалған адам рұқсаттамасын iшкi iстер органына тапсыруға мiндеттi.
5. Шекара аймағына немесе шекара алаңына келу ережесiн, сондай-ақ онда тұру немесе тiркелу ережесiн бұзған адам заң бойынша жауап бередi.
Ережемен таныстым_____________________________
(қолы)
N 2 қосымша
Арыз
__________________________________________________________________
(елдi мекен, аудан облыс)
____________________________баруға рұқсат қағазын берудi өтiнемiн
Онда мен_________________________________________________________
(бару мақсаты)
мерзiмге_________________________________________________________
Өзiм туралы мына мәлiметтердi хабарлаймын:
аты
Тегi_____________________________________________________________
Әкесiнiң аты_____________________туған жылы және жерi____________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Жұмыс орны_______________________________________________________
(қайда және кiм болып iстейдi)
Тұрғылықты жерi__________________________________________________
Өзiммен бiрге балаларым барады:__________________________________
(аты және жасы)
Паспорт сериясы_______________ N _______________"__"_______199__ж
_________________________________________________________________
(паспортты берген милиция органының атау)
_________________________________________________________________
Қолы_________________________
_________________________________
(уақыты айы және жылы)
N 3 қосымша
РҚАО-ның ескертуі: Қосымшаның мемлекеттік тілдегі аудармасы болмағандықтан мәтінді орысшадан қараңыз .